«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қараша № 1728

"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы
17 қараша № 1728

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
                                               Жоба
                   "Темір жол көлігі туралы"
                 Қазақстан Республикасының Заңы

Осы Заң тасымалдаушылар, теміржол көлігі ұйымдары, жолаушылар, жөнелтушілер, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, мемлекеттік органдар, басқа заңды және жеке тұлғалар арасында теміржол көлігімен жолаушылар, жүктер, багаждар, жүк багаждары мен почта тасымалдарын жүзеге асырудағы қатынастарды реттейді.

                   1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясат

1. Теміржол көлігіндегі мемлекеттік саясат тұрғындардың, мемлекет экономикасының, қорғанысының тасымалдардағы қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға жағдай жасауға бағытталды, мына қағидаларды ұстануға тиіс:

1) көлік рыногының барлық субъектілерінің теміржол көлігі қызметіне тиімді және еркін қол жеткізуі;

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғауы;

3) тасымалдардың барлық қатысушыларына құқықтық және экономикалық кепілдіктің бірыңғай стандартын қолдануы;

2. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары:

1) тасымалдарды дамыту;

2) тасымалдардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету;

3) темір жол көлігінде қолайлы тарифтік, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;

4) теміржол көлігінде кәсіпкерлік еркіндігін және тасымалдаушылар мен теміржол көлігі ұйымдарының шаруашылық қызметіне мемлекет органдарының заңсыз араласпауын қамтамасыз ету;

5) бәсекелестікті дамыту, соның ішінде халықаралық тасымалдар саласында;

6) магистралды теміржол желісінiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;

7) қоршаған ортаны қорғау;

8) теміржол көлiгiн әскери даярлыққа жұмылдыру қабiлеттiгiне және әскери тасымалдарды орындауға тұрақты даяр болуына қолдау көрсету;

9) теміржол көлiгiнiң мұқтажы үшiн импорт алмастыру өндiрiсiн дамытуға қолдау көрсету.

3. Теміржол көлiгiн дамытуға мүмкiндiк туғызатын мемлекеттік саясатты жүзеге асыру теміржол көлiгіндегі мемлекеттік басқарудың уәкiлетті органына және олардың құзырына сәйкес басқа мемлекеттік органдарға жүктеледi.

     2-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгi ұғымдар қолданылады:

1) багаж - жөнелтушiнiң жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы 200 килограмнан аспайтын мүлiк;

2) тармақ иеленушi - меншiк құқығында немесе өзге де заңды негізде теміржолдың кiреберiс жолдарын иеленушi тұлға;

3) жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлiктер (бұйымдар, заттар, пайдалы қазбалар, материалдар және өзгелер);

4) жүк багажы - жолаушылар мен почта-багаж поездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы 200 килограмнан артық мүлiк;

5) жүк жөнелтiлiмi - теміржолдық көлiктiк бiр жүк құжаттамасымен тасымалдауға тапсырылатын жүк партиясы;

6) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында аталған жүк жөнелтушi тұлға;

7) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында аталған жүк алушы тұлға;

8) темір жолдар - олар бойынша жылжымалы құрамның жүруi іске асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi: магистралдық, станциялық, кiреберiс жолдар (тар және кең табан жолдар);

магистралдық жолдар - республика аймақтары арасында және басқа мемлекеттермен теміржол қатынасын қамтамасыз ететiн темір жол;

станциялық жолдар - кiреберiс жолдардан басқа теміржол станцияларының шекарасындағы темір жолдар;

кiреберiс жолдар - жекелеген жүк жөнелтушi мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және магистралды, станциялық, сондай-ақ басқа да кiреберiс жолдармен жанасатын темір жол.

9) теміржол қатынасы - жөнелтiлген және белгiленген бекеттер арасында мына түрлердi қосқанда теміржол көлігімен жолаушылар, жүктер, багаждар, жүк багаждары мен почтаны тасымалдау:

халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерi арасындағы және Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;

республикалық - Қазақстан Республикасы шегiндегі тасымал;

қала маңындағы - қала iшiндегі және ара қашықтығы 150 километрден аспайтын қала маңындағы жолаушылар тасымалы;

10) теміржол көлігі - теміржолдар арқылы тасымалдау қажеттiлiгін қамтамасыз ететiн көлiктің түрi;

11) теміржол көлiгiнiң жерлерi - теміржолдар, құрылыстар, желілік-жолдық және басқа ғимараттар мен теміржол станциялары, қорғағыш ағаштар және жол құрылғылары орналасқан жер учаскелерi;

12) клиент - жасалған шартқа сәйкес теміржол көлiгi ұйымдарының қызметiн пайдаланатын тұлға;

13) магистралды теміржол желісі - магистралды жолдарды пайдалануды қамтамасыз етуге қажеттi магистралды жолдарды, электрмен жабдықтау, сигнализация және байланыс объектiлерiн қоса алғандағы магистралды теміржол инфрақұрылымы;

14) аз пайдаланылатын жолдар - тасымалдау көлемi аз магистралды жолдың тұйық немесе салыстырып қарағанда қысқа қосу учаскелерi;

15) Ұлттық теміржол компаниясы - магистралды жолдар арқылы тасымалдау қызметiн ұйымдастыру үшiн құрылған ұйым, оның меншiк иесi мемлекет болып табылады;

16) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерге байланысты тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын орындауда және сақтау кезiнде жарылысқа, өртке немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына, улануына, күйюiне немесе ауруына себеп болатын, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiретiн жүктер;

17) магистралды теміржол желісінiң операторы - магистралды жолдар бойынша тасымалдау үдерiсiн басқаруды жүзеге асыратын тұлға;

18) теміржол көлiгінiң ұйымы - магистралды теміржол желісі тасымалдаушысы және/немесе операторы ретiнде кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, сондай-ақ теміржол жолын иеленушi тұлға;

19) жөнелтушi - багажды, жүк багажын немесе почтаны жөнелтушi әрi тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

20) қорғалатын аймақтар - тасымалдау қауiпсiздiгiн, теміржол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң төзiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;

21) жолаушы - жол жүру құжаттары бар және поезда жол жүретiн тұлға;

22) тасымалдаушы - меншiгіндегі (жалға алған) жылжымалы құраммен тасымалдарды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

23) тасымалдау құжаттары - ресiмдеу жолымен тасымалдау шарттары (көлiктiк теміржол жүк Құжаттамасы, жол жүру құжаты (билет), багаждық және жүк багаждық түбiртек) жасалатын құжаттар;

24) тасымалдау үдерiсi (тасымалдарды жүзеге асыруда орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялардың жиынтығы;

25) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багаждар мен жүк багаждарын тасымалдауға, сондай-ақ теміржол көлiгiн қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге арналған теміржолдармен қозғалысты жүзеге асыратын тартқыш, өздерi жүретiн және көлiк құралдарының жиынтығы;

26) алушы - багаж, жүк багажын немесе почтаны алатын және тасымалдар құжаттарында аталған тұлға;

27) тасымалдар ережелерi - жолаушыларды, жүктердi, жүк багаждарын және почта тасымалдарын жүзеге асыруда теміржол көлiгi ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер;

28) қол жүгi - салмағы және көлемi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын ақысыз жолаушының өзiмен тасымалданатын жеке заттары;

29) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк багажы - жарамдылық мерзiмi қысқа және ерекше сақтау жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк багажы;

30) арнайы тасымалдар - мемлекет және қорғаныс мұқтажына арналған арнайы жүктердi тасымалдау;

31) тасымалдылық мерзiмi - тез бүлiнетiн жүктiң, багаждың, жүк багажының сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлгендей жолда болуының ең ақырғы мерзiмi;

32) теміржол көлiгiндегі мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы - белгiленген құзырет шегiнде мемлекеттік саясатты және стратегияны жүзеге асыру мақсатында теміржол көлiгi ұйымдарының қызметiне басшылық етудi және бақылау жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

     3-бап. Теміржол көлiгінде жолаушылар, жүктер, багаждар, жүк
            багаждары мен почта тасымалын ұйымдастырудың негiздерi

1. Теміржол көлiгiмен жолаушылар, жүктер, багаждар, жүк багаждары және пошта тасымалдары теміржол көлiгi туралы заңдармен белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша жүзеге асырылады.

2. Тасымалдаушы осы Заңмен және халықаралық шарттармен белгiленгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе жүк, багаж, жүк багажы мен почта тасымалдарына тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымалдар жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

     4-бап. Теміржол көлiгi туралы заңнама

1. Теміржол көлiгi туралы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерден тұрады.

2. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және реттеу ерекшелiктерi арнайы заңнамамен реттеледi.

     5-бап Теміржол көлiгіндегі шарттар

1. Тасымалдау шартының мiндетті шарттары соларға сәйкес шығарылған Азаматтық кодекспен, осы Заңмен және тасымалдау ережелерiмен анықталады. Тараптар тасымалдау шартының өзге де шарттарын анықтауға ерiктi.

2. Теміржол көлiгiмен жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажын және почтаны тасымалдау Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың заңды және жеке тұлғалармен (шетелдiктердi қоса), экспедиторлармен, сондай-ақ өздерiнiң араларындағы қарым-қатынас шартының негізiнде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік органдардың олардың құзыретiне сәйкес жасаған аса маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) тасымалдаушы орындауға мiндетті. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртібі және мерзiмi туралы мәлiметтер болуы тиiс.

4. Халықаралық қатынаста және транзитпен теміржол көлiгiмен жолаушыларды, багажды, жүктердi және жүк багажын тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

     6-бап. Лицензиялау

Темір жол көлiгіндегі қызметтiң жеке түрлерi лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес берiлген лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

     7-бап. Сертификаттау

1. Теміржол көлiгiнiң қызметiне жататын өнiмдердi, жұмыстарды және қызметтердi мiндетті сертификаттау туралы қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

2. Шетелдiк орган берген сертификат, егер оны беру талаптары Қазақстан Республикасында заңнамасында белгiленген стандарттар жауап берсе Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

             2-тарау. Теміржол көлігіндегi басқарушылық
     8-бап. Теміржол көлiгіндегі мемлекеттік басқару

1. Темір жол көлiгi саласында Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзырына:

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiм қабылдау;

2) Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан әкелу, әкету, багаж, жүк және жүк багажын тасымалдауға тыйым салу туралы шешiм қабылдау;

3) Ұлттық темір жол компаниясының мәртебесiн анықтау;

4) әскери және арнайы тасымалдарды жүзеге асыру тәртібін анықтау;

5) мiндеттi сертификаттауға жататын темір жол көлiгi объектiлерiнiң тiзбесiн бекіту;

6) олардың айрықша қасиеттерiне байланысты жүктердiң жеке түрлерiн қорғауды қамтамасыз ету тәртібін белгiлеу;

7) магистралды темір жол желісін пайдалану тәртібін бекіту;

8) магистралды темір жол желісіне кiретiн теміржолдардың тiзбесiн бекіту, сондай-ақ теміржолдарды осындай тiзбеден шығару;

9) темір жол көлiгiнiң жоғары қауiптi аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болу, оларда жұмыс жүргiзу теміржолдар арқылы өту және жүру ережелерiн бекіту.

2. Темір жол көлiгіндегі уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) тұтынушылардың құқығын қорғау, қоғамның, қоршаған орта, азаматтардың өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ көрсетiлетiн қызмет сапасын қамтамасыз ететiн темір жол көлігінiң біліктiлiк талаптарын бекіту;

2) жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажын және почтаны тасымалдау тәртібін, техникалық пайдалану тәртібін бекіту;

3) жылжымалы құрамды тiркеу тәртібін анықтау;

4) Жүктердi, жолаушыларды, жүк багажын және багажды тасымалдаған кезде (кедендiк, фитосанитарлық, шекаралық, ветеринарлық) бақылау және арнайы атқару функцияларын жүзеге асыратын ұлттық темір жол компаниясының, тасымалдаушының, темір жол көлiгi ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара әрекетiнiң тәртібін анықтау;

5) темір жол көлiгiнiң жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi органның келісімi бойынша бөлу жолағын пайдалану тәртібін анықтау;

6) нысандық киiмдi және соған тиiстi әртүрлi белгiлердi тағуға құқығы бар темір жол көлiгi жұмыскерлерiнiң (мамандығының) лауазымының тiзбесiн, сондай-ақ оларды беру тәртібін бекіту;

7) көлiк туралы заңнамаға сәйкес өзге де мәселелер жатады.

3. Темір жол көлiгi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың құзырына:

1) осындай шешiмдi тасымалдаушы немесе өзге де мүдделi тұлға қабылдаған жағдайдан басқа жолаушыларды қала маңындағы қатынаста тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау;

2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешiм қабылдау.

     9-бап. Ұлттық теміржол компаниясы

1. Ұлттық теміржол компаниясы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2. Ұлттық теміржол компаниясы магистралды теміржол желісін иелену мен пайдалануды жүзеге асырады және магистралдық теміржол жүйесiнiң операторы мен тасымалдаушы қызметiн атқарады.

3. Ұлттық теміржол компаниясының магистралдық теміржол жүйесiнiң операторы мен тасымалдаушының қызметiн орындайтын құрылымдық бөлiмшелерiнiң iшкі қаржы бөлудiң тәртібін және шартын теміржол көлiгіндегі мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлейдi.

4. Ұлттық теміржол компаниясы тасымалдаушысының қызметi Ұлттық темір жол компаниясын қайта ұйымдастыру арқылы басқа тұлғаға берiлуi мүмкiн.

     10-бап. Тасымалдау үдерiсiн басқару

1. Магистралдық теміржол желісінiң операторы магистралдық теміржол жолдарын орталықтан басқаруды және тасымалдау үдерiсiн ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен пайдалану ережелерiне сәйкес тасымалдаушылармен келісімшарттар жасауды жүзеге асырады.

2. Магистралдық теміржол желісінiң операторы техникалық пайдалану ережелерiне сай келмейтiн жылжымалы құрамның, магистральдық теміржол желісімен жүруiне тыйым салуға мiндеттi.

     11-бап. Теміржол көлiгi ұйымдарының мемлекеттік органдармен
             өзара iс-қимыл жасауы

1. Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың бақылаушылық және арнаулы атқарушылық қызметтердi жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен (кеден, фитосанитарлық, шекара, малдәрiгерлiк және тағы басқалар) тасымалдар кезіндегі өзара iс-әрекетi теміржол көлiгіндегі уәкiлетті органының мүдделi мемлекеттік органдарымен келiсу арқылы, айқындаған тәртібі бойынша жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасынан жүктердi транзит арқылы өткiзуге, әкелуге, шығаруға тыйым салу, теміржол көлiгi тасымалдарына шектеу енгізу заң кесiмдерiне сәйкес қабылданады.

Халықаралық қатынастардағы тыйым салу және шектеу жөніндегі ескертулер Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік шекара арқылы өтетiн жүктердi, жолаушыларды, багажды, жүк багажын және почтаны бақылау мен тексерудi тиiстi мемлекеттік уәкiлетті органмен (кеден, салық, көлiктегi iшкi iстер органдары, шекара, фитосанитарлық, малдәрiгерлiк және басқалар) теміржол көлiгіндегі уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен жүзеге асырады.

     12-бап. Теміржол станциясы

1. Тасымалдаушы тасымалдарды тиiстi операцияларды жүргізуге, ашық теміржол станциялары арасында жүзеге асырады.

2. Жұмыс режимiн белгілеу, сондай-ақ барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн темір жол ашуды және жабуды тасымалдау ережелерiне сәйкес, иеленушi жүзеге асырады.

3. Кеден, малдәрiгерлiк, фитосанитарлық органдар өз қызметтерiн теміржол станциясымен келісілген жұмыс режимiнде темір жол станциясының аумағында жүзеге асырады.

4. Барлық тасымалдаушыларға жолаушыларды, багаждарды, жүк багаждары мен почтаны тасымалдау жөнiндегі операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру бойынша теміржол станцияларында қызмет көрсетілгенде, бiрдей мүмкiншiлiк берiлуi тиiс.

            3-тарау. Теміржол көлігінiң қаржысы мен экономикасы
     13-бап. Тарифтер мен ақы төлеу

1. Тасымалдаушының қызметiне бағаны, соның iшiнде тарифтi (тасымал ақысын) тасымалдаушы белгілейдi.

2. Монополияға қарсы заңнамаға сәйкес тасымалдаушының көрсеткен қызметiне, соның iшiнде тарифке (тасымалдау ақысына), белгiлеген бағалары тасымалдаушының тиiмдi жұмыс істеуiне қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етуi тиiс.

3. Тасымалдаушының көрсеткен қызметiне бағалар монополияға қарсы заңнамаға сәйкес белгiленген, ол клиенттiң ұсынысы бойынша ерекше шартпен ақылы тасымалды ұйымдастыруға құқылы.

4. Облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары тасымалдаушының ұсынысы бойынша жолаушылардың қала маңы қатынасында жол жүру тарифтерiн белгiлейдi және реттейдi.

5. Халықаралық қатынаста жүктердi, жолаушыларды, багаждарды, жүк багаждары мен почтаны тасымалдауға тарифтi қолданудың ережесi халықаралық шарттармен белгiленедi.

     14-бап. Магистралдық теміржол желісін пайдалануға ақы төлеу

1. Тасымалдаушылар магистралдық темір жол желісі бойынша тасымалдарды магистралдық теміржол желісін пайдалану ережелерiне сәйкес жүргізедi.

2. Тасымалдаушы магистралды теміржол желісінiң операторына магистралды теміржол желісін пайдаланғаны үшiн ақыны заңнамамен белгiленген мөлшерге сәйкес төлейдi.

3. Магистралдық теміржол желісін пайдаланғаны үшiн магистралды теміржол желісінiң операторы алған қаржылар магистралды теміржол желісін дамытуға, қайта жаңартуға және күтіп ұстауға жұмсалады.

     15-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру

Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған тасымалға (толық көлемде орындалмаған) алдын-ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi осы тасымалға талап қою құқығын берудi, тек тасымалдаушының келісімiмен ғана жүргiзуге құқылы.

     16-бап. Теміржол көлігінiң көпшiлiк және жеке пайдаланыстағы
             объектiлерi

1. Магистралдық теміржол желісі мемлекеттiң меншігі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жалпы пайдаланымдағы темір жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады.

2. Магистралдық теміржол желісіне жатпайтын темір жолдар теміржол көлiгiнiң жеке пайдаланымдағы объектiсi болып табылады және жеке меншiкте болуы мүмкiн.

     17-бап. Магистралдық теміржол желісі

1. Магистралдық теміржол желісінiң операторы тасымалдаушыларға магистралдық теміржол желісі мен оның жабдықтарын тең құқықпен пайдалануды қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Магистралдық теміржол желісінiң операторы магистралдық теміржол желісінiң дамытылуын, құрылысын, қайта жаңартылуын және күтiп-ұсталуын жүзеге асырады.

     18-бап. Аз пайдаланылатын жолдар

Мемлекеттік меншiк болып табылатын аз пайдаланылатын жолдардың өзiн-өзi ақтамаған жағдайында оның қызметiн тоқтатуды немесе жабуды жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу арқылы магистралдық теміржол желісі операторының ұсынысы бойынша теміржол көлiгіндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

       4-тарау. Теміржол көлігінiң жерлерi мен қорғалатын аймақтары
     19-бап. Теміржол көлiгінiң жерлерi

1. Тасымалдаушыға немесе теміржол көлiгi ұйымдарына жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін оларға пайдалануға немесе меншігіне берiлетiн жер теміржол көлiгiнiң жерлерi болып табылады.

2. Теміржол көлiгiнiң жерлерiне, теміржолдың жолдары, әрi олармен технологиялық байланыстағы ғимараттар мен құрылыстар орналасқан жерлер жатады:

1) магистралдық жолдар және олармен технологиялық байланыстағы ғимараттар мен құрылыстар (теміржол төсемi, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);

2) кiреберiс жолдар;

3) теміржол станциялары ғимараттарымен, энергетикалық, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация құрылыстарымен, қорғауыш және нығайту екпе ағаштарымен, теміржол көлiгiне қызмет көрсетуге арнайы тағайындалған қызметтiк және басқа да объектiлермен.

3. Теміржол көлiгінiң жерлерi, мемлекеттік уәкiлеттi органдармен белгiленген қала құрылысын салу мен экологиялық талаптарға, заңдарға сәйкес стандарттар мен өзге де нормаларға сәйкес келуi тиiс.

4. Тасымалдаушы, оның кiнәсiнен қоршаған табиғи ортаға келтірген зияны үшін және де теміржол көлiгiнiң жерлерiн тиiстi дәрежеде күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

     20-бап. Теміржол көлiгiнiң жерлерiн бөлу мен пайдаланудың тәртібі

1. Жер учаскелерi теміржолдар мен теміржол станцияларының жобалау-сметалық құжаттарына және даму бас сызбаларына сәйкес, теміржол көлiгіндегі мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органымен келiсу арқылы белгiленген тәртiппен бекітілетiн нормалар бойынша берiледi.

2. Жер учаскелерiн беру, Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Бөлiнген жолақтағы теміржол көлiгiнiң жерлерiн пайдаланудың тәртібін жер заңнамасына сәйкес теміржол көлiгіндегі уәкiлеттi орган анықтайды.

     21-бап. Теміржол көлігінiң қорғалатын аумақтары

1. Халықтың қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, сондай-ақ теміржол көлiгi ұйымдарының теміржол көлiгi жерлерiнiң жолақтарына ұласатын жер учаскелерi объектілерiнiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында, жер пайдаланудың ерекше шарттары арқылы қорғалатын аумақтары белгіленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына қайшы келетiн қызмет түрлерiне шек қойылады, немесе тыйым салынады.

2. Теміржол көлігінiң қорғалатын аумақтарына: көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiлігін әрi тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғағыш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ теміржол көлiгiнiң жерлерiне ұласатын жер көшкiні, опырылып құлау, шайылып кету және басқа да қауiптi әсерлер болатын аймақтарда орналасқан жер учаскелерi жатады.

3. Теміржол көлiгiнiң қорғалатын аумақтары меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар оны белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.

4. Теміржол көлiгiнiң қорғалатын аумақтарын белгiлеудiң тәртібін, олардың мөлшерiн және жерлердi пайдаланудың режимiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

     22-бап. Қорғалатын аумақтардағы жерлердi пайдалануды шектеу

1. Теміржол көлiгiнiң қорғалатын аумақтарында мыналарға тыйым салынады:

     1) меншiк иесiнен, немесе теміржол көлiгiнiң жанасып жатқан жер
учаскесiн пайдаланудан жазбаша рұқсатсыз тұрақты және уақытша түрдегi
құрылыс, монтаждау әрi тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;

2) орманды кесуге және жер көшкiнiнiң, шөгiннiң, сел тасқынының, сайлардың, қозғалмалы құмдардың, күртiк қардың, көшкiннiң пайда болуына әкелiп соғатын жолдармен өсiмдiк төсемiн бұзуға;

2. Қорғалатын аумақтардың меншiк иелерi мен пайдаланушылары теміржол көлiгiнiң қорғалатын аумақтарындағы жерлердi пайдаланудың тәртібін бұзғаны үшiн заңнамада белгіленгендей жауап бередi.

          5-тарау. Теміржол көлiгі қызметкерлерiнiң еңбек
                қатынастарын реттеудiң ерекшелiктерi
     23-бап. Теміржол көлiгі қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары

Теміржол көлiгi саласындағы еңбек қатынастары еңбек туралы заңнамамен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, ұжымдық шарттармен, жеке еңбек шарттарымен, iшкi еңбек тәртібі ережелерiмен (жұмыс берушiнiң кесiмдерiмен) реттеледi.

     24-бап. Поездар қозғалысымен байланысты жұмысқа қабылдау

Жұмыстары поездар қозғалысымен тiкелей байланысты теміржол көлiгiнiң қызметкерi теміржол көлiгіндегі уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен кәсiби iрiктеуден өтуi тиiс, сондай-ақ қызметтiк мiндеттердi атқаруға қажеттi дайындығы және денсаулығы болуы қажет.

Поездар қозғалысымен тiкелей байланысты жұмысқа қабылдау алдын-ала мiндетті медициналық тексеруден өткеннен кейiн жүргізiледi.

     25-бап. Жұмыс уақытының режимi

Поездар қозғалысымен тiкелей байланысты теміржол көлiгі қызметкерiнiң жұмыс режимiнiң ерекшелiгiн теміржол көлiгіндегi уәкiлетті орган белгiлейдi.

     26-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша теміржол көлiгі
             қызметкерiмен жеке еңбек шартын бұзудың негiздерi

1. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша, еңбек жөнiндегі заңнамада қарастырылған жағдайлардан бөлек, поездар қозғалысымен тiкелей байланысты теміржол көлiгiнiң қызметкерiмен мынадай еңбек мiндеттерi бiр рет өрескел бұзылғанында:

1) теміржол көлiгіндегі қауiпсiздiк ережесi;

2) поездар қозғалысының және маневрлiк жұмыстың қауiпсiздiгіне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасалғанда;

3) теміржол көлiгiнде техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың тууына әкелiп соққан әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасалғанда теміржол көлігі қызметкерiмен жеке еңбек шарты бұзылады.