«Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі
әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан
Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 Жарлығы
«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2001 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдары қатарынан запасқа шығарылсын.