Астана қаласында «Халықтар достығы» монументін орнату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 мамыр № 599

Астана қаласында "Халықтар достығы" монументін орнату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 мамыр
№ 599

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның Астана қаласында "Халықтар достығы" монументін орнату туралы ұсынысына келісім берілсін.

2. Астана қаласының әкіміне заңнамада белгіленген тәртіппен аталған монументті орнатуды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы мәселені қарау ұсынылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі