Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 шілде № 915

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N
155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 шілде № 915

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2001 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 47-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"3 369 740 000 (үш миллиард үш жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз қырық мың) теңге сомасына 276 000 (екі жүз жетпіс алты мың) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;";

1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"213 780 000 (екі жүз он үш миллион жеті жүз сексен мың) теңге сомасына 14 000 (он төрт мың) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;";

2-тармақтағы:

     "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2001 жылғы егіннің астығын екі деңгейлі мемлекеттік сатып алу ережесінде:

     атауындағы "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын;
     1-тармақтағы "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын;

3-тармақта:

     бірінші абзацтағы "Екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын;
     екінші абзацтағы "Екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
 
 
 
                  ,