Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 ж. 20 желтоқсандағы № 1017-XII Қазақстан Республикасының Заңы (2025.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

40-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылау

Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

8-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру

 

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 41-бап өзгертілді

41-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру

Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің қайта қарауы мүмкін.

Азамат болу туралы және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.

Азаматтық мәселелері бойынша өтініш қабылдаудан негізсіз бас тартуға, өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуына, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істерді қарау тәртібін және азаматтық мәселелері бойынша шешімдерді орындау тәртібін бұзатын басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

 

9-тарау 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

 

Қазақстан Республикасының