Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31
наурыздағы N № 2062-ХII қаулысы
Қазақстан Республикасы 09.07.03 ж. № 481-11 Заңына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Су кодексi жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
1993 жылғы 1 тамызға дейiн:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан Республикасының Заң құжаттарын Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес келтiру туралы ұсыныстар беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес келтiру;
Қазақстан Республикасының Су кодексiне қайшы келетiн өздерiнiң қалыптық құжаттарын Қазақстан Республикасының Министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi мен ведомстволары қайта қарап, олардың күшiн жоюын қамтамасыз ету;
1993 жылғы 1 қыркүйекке дейiн:
Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау туралы ереженi әзiрлеп, бекіту;
Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы ереженi әзiрлеп, бекіту;
арнайы және жеке су пайдалануға келісім және рұқсаттар беру тәртібін белгiлеу;
айрықша мемлекеттік маңызы не айрықша ғылыми құндылығы бар, пайдалануға берiлуiне шек қойылуы не толығымен тыйым салынуы мүмкiн су тоғандарының тiзбесiн бекіту;
су пайдаланушыларға көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы алу тәртібі мен шарттарын белгiлеу;
су шаруашылық шараларын жүргiзумен, су пайдалануды доғарумен немесе оның шарттарын өзгертумен келтiрiлген зияндарды өтеудiң тәртібі мен мөлшерiн белгiлеу;