«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 21 қазандағы қаулысы (күші жойылды)

"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы 1993 жылғы
21 қазан

2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II Қазақстан Республикасының Заңымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:

1. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

"Жануарлар дүниесiн қорғау және пайдалану туралы" 1981 жылғы 12-маусымдағы Қазақ КСР Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1981 ж., № 25; 1984 ж., № 36, 447-құжат);

"Жануарлар дүниесiн қорғау және пайдалану туралы" Қазақ КСР Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" 1981 жылғы 12 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1981 ж., № 25).

3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiн "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен сәйкестендiретiн болсын;

- 1994 жылғы 1 наурызға дейiн министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетiн қалыпты құжаттарын қайта қарап, күшiн жоюды қамтамасыз етсiн;

- 1994 жылғы 1 шiлдеге дейiн:

аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын, сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн;

аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру тәртібін, аңшылық шаруашылығын жүргiзу және аң аулау өндiрiсi туралы ереженi, Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау ережелерiн;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.