Өзара қарыздарды есепке алу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің1994 ж. 4 ақпандағы № 1542 Қаулысы
ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 1696 Жарлығымен күші жойылды
Кәсiпорындар мен ұйымдардың шамадан тыс ұзаққа созылып кеткен өзара төлем жасаспауын жою, тауар-материалдық құндылықтар мен көрсетiлетiн қызметтiң кедергiсiз жылжуы үшiн жағдай жасау және өндiрiстiң құлдырауын тоқтату мақсатында қаулы етемiн:
1. Республиканың кәсiпорындары мен ұйымдарының өзара берешегiн республика iшiнде есепке алу 1994 ж. 17 ақпанынан бастап, түбегейлi жаңа тұрғыда жүргiзiлетiн болсын.