12) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың Қазақстан Республикасына және шетел азаматтары баруға болмайтын жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуіне келісім беруден бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған шетел азаматтарының шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.
Қабылдаушы тұлғалардың шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.
Келу визаларын немесе оларға сәйкес келетiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi немесе жекелеген жағдайларда бұған арнайы уәкiлдiк берiлген Қазақстан Республикасының өкiлдерi бередi.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тұлғалардың шақырулары немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарының рұқсаты виза беру үшiн негiз болып табылады.
2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап Қазақстан Республикасынан кету
Шетел азаматтары қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттік органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жасалған келісімде өзгеше тәртiп белгiленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртiп белгiлемесе, Қазақстан Республикасынан кетедi.
Қазақстан Республикасынан кету шетел азаматына мына жағдайларда:
а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;
б) егер ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған болса, оған пробациялық бақылау белгіленген немесе оған жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған болса - оны сот шешімінің негізінде шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылаудың мерзімі аяқталғанға, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін;
в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса мiндеттемелер орындалғанға дейін рұқсат етілмейді.
г) 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Шетел азаматының Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттемелердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап Транзиттiк жүрiп өту
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өтушi шетел азаматтары белгiленген маршрут бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне транзиттiк жүрiп өту ережелерiн сақтай отырып барады және Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттік органдары берген рұқсат болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тек Қазақстанның транзиттiк визаларында көрсетiлген мекендерде ғана аялдай алады.
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен ІV бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
IV бөлiм. Шетел азаматтарының жауаптылығы. Болу мерзімін қысқарту. Шығарып жіберу
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редацияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық негіздері
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық, әкімшілік немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған шетел азаматтары, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауаптылыққа жатады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзған, жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан, өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткеннен соң кетуден жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн орындамаған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн өрескел бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту
Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған шетел азаматы оның Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетел азаматының Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.
16.03.01 ж. № 164-II; 10.11.01 ж. № 255-II; 2007.12.01. № 227-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 28-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді
28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу
Шетел азаматы мына жағдайларда:
а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;
б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;
г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актілерімен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жіберілуі мүмкiн.
Шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды. Шетел азаматы осы шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау шығарып жіберілетін адамның бақыланатын өз бетінше шығуы немесе адамды Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығарып жіберу арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жіберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол соттың санкциясымен жүріп-тұру еркіндігі алдын ала шектелуге және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жатады. Мұндай адамның жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Мұндай адамды ұстау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде жүргізіледі.
Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билігінің өкiлiне ресми түрде беру үшін шығарып жіберілетін шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне береді.
28-баптың төртінші бөлігінің қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберілетін адам Қазақстан Республикасының шегінен бақылау жасала отырып, өз бетімен кеткенге немесе мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жібергенге дейін дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті.
29-бап Осы Заңның азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде қолданылуы
Осы Заңның ережелерi, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
30-бап Осы Заңның қолданылу аясын шектеу
Осы Заңның ережелерi шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң басшылары мен қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген артықшылықтары мен иммунитеттерiн қозғамайды.
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Заңның 28-бабы төртінші бөлігінің қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының