Заң күші бар Мал дәрігерлігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы 25 шілдедегі № 2376 (ҚР 2002 ж.1 шілдедегі № 338-II Заңымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Заң күшi бар Мал дәрiгерлiгi туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2376
(ҚР 2002 ж.1 шілдедегі № 338-II
Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР 2002 ж. 10 шілдедегі № 339-II Заңына сәйкес осы Заңның күші жойылды

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және мал дәрiгерлiгi органдарының, мал дәрiгерлiгi ұйымдары мен мамандары қызметiнiң құқықтық жағдайларын анықтау мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

                                 I Тарау
                              Жалпы ережелер

1-бап. Осы Жарлықтың реттеушiлiк мәнi

Осы Жарлық мал ауруларының алдын алу мен оларды емдеу, малға және адамдарға ортақ аурулардан сақтандыру, iндетке қарсы шараларды ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейдi, мал дәрiгерлiк қадағалау негiздерiн белгiлейдi, мал дәрiгерлiгi органдарының, мал дәрiгерлiгi ұйымдары мен мамандары қызметiнiң құқықтық жағдайларын айқындайды.

2-бап. Мал дәрiгерлiгi туралы заңдар

Мал дәрiгерлiгi туралы заңдар осы Жарлықтан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актілерінен тұрады.

3-бап. Мал дәрiгерлiгiнiң мiндеттерi

Мал дәрiгерлiгiнiң негiзгi мiндеттерi:

малды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қорғау;

малға және адамдарға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын сақтау;

мал өнiмдерi мен шикiзатының сапасына мал дәрiгерлiк санитарлық бақылау жасауды қамтамасыз ету;

республика аумағын басқа мемлекеттерден мал ауруларының әкелiнуiнен қорғау;

мал дәрiгерлiгiнде пайдаланылатын диагностикалық, емдiк және алдын алу құралдарының сапасына бақылау жасау;

мал ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және оларды пайдалану, мал өнiмдерi мен шикiзатының санитарлық сапасын арттыруды қамтамасыз ету, айналадағы ортаның мал дәрiгерлiк-санитарлық жағынан ластануынан сақтандыру болып табылады.

4-бап. Мал дәрiгерлiгiн мемлекеттік басқару

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.