Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік:
қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында осы қаржылық есептілік немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған кезде;
құрылтайшы - заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылған жəне осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;
3) осы Заңның 11-1-бабында көзделген тəртіппен құжаттар мен мəліметтер;
4) осы Заңның 17-1-бабының 3-тармағында көрсетілген банкхолдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті жəне осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағының 1) тармақшасында жəне 7-1-тармағында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мəртебесін алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тəртіппен құжаттар мен мəліметтер;
5) құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдаланатын қаражат көздерін (пайда болуын) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
Құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдалануы мүмкін қаражат көздері осы Заңның 17-1-бабының 3-1-тармағында көрсетілген;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделген құрылтай шартының нотариат куəландырған көшірмесі;
7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Аудиторлық ұйымның есебi:
ол акционерлер мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
ол аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда ғана жарамды деп танылады.
5. уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 12.08.97 ж. № 200-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары банктің басшы қызметкерлері деп танылады.
Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары және олардың бас бухгалтерлері, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында басшы қызметкердің лауазымын атқаруға құқылы емес.
Осы Заңның 13-1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің басшы қызметкерлері болып танылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Банк қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есебіне жазу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
3. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
жəне (немесе) экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарында;
жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингте, Қазақстанның Даму Банкінде, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында, тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымында осы баптың 5-1-тармағының 3-2) тармақшасында көзделген лауазымдарда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) осы бапта белгіленген талаптарға сай келмейтін;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) - заңды тұлғасының басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (олар тағайындала (сайлана) алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары санатына жатқызу не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның талабы көрсетілген банктердің акцияларын осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) қадағалап ден қою шарасын қолдану арқылы осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы және (немесе) өзге филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды). Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы немесе қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам да банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды);
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды). Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты және (немесе) банктің директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор лауазымына өзін келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл бойы сондай болған адам болып табылатын адам банктің директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды).
4. Банктің ірі қатысушысы банктің атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын банктің басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның басшысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) банктің басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) банктің атқарушы органының мүшелері, банктің атқарушы органы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкінің филиалы басшысының орынбасары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) банктің басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
5) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
6) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
7) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын жəне банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Банктің тек қана қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік ететін атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, əкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды жəне (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті дамыту бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы жұмыс кірмейді.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының мүшесі осы банктің тәуелсіз директоры лауазымын қатарынан он жылдан аса атқаруға құқылы емес.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы басшы қызметкерінің;
2) қызметі қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты, қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысының және оның орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе басшысы орынбасарының;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшінің;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-2) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының жəне ұлттық басқарушы холдингтің тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын еншілес ұйымының басқару органы басшысының, атқарушы органы басшысының, сондай-ақ оның қаржылық мəселелерге жəне (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасарының;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) мыналардың:
тізбесін уəкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардың бірінші басшысының жəне оның орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе басшысы орынбасарының;
4) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін өзге басшысының лауазымы түсініледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Банктің басшы қызметкері лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы емес.
Банктің басқару органының мүшесі өзі сайланған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.
Банк холдингі мәртебесін алған тұлғаның басшы қызметкерлері заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде тұлға банк холдингі белгілеріне ие болған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және келісуге арналған құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, банк осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Банктің атқарушы органының басшысы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы), банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) бас бухгалтері басқа банктерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатындарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында атқарушы органның мүшесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы басшысының орынбасары), бас бухгалтер лауазымын атқаруға құқылы емес.
Егер банктер бір-біріне қатысты бас және еншілес ұйым болып табылса, көрсетілген шектеу қолданылмайды.
Банктің атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару банктің атқарушы органының мүшесіне не банктің бас бухгалтерінің міндеттерін атқару банктің бас бухгалтерінің орынбасарына күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жүктелетін жағдайларды қоспағанда, осы баптың талаптарына сай келмейтін және уәкілетті органмен келісілмеген адамдардың банктің басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмаған кезде алмастыруына) тыйым салынады.
Уəкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты осы тармақтың жетінші бөлігінде аталған тұлғаларға банктің атқарушы органы басшысының не банктің бас бухгалтерінің міндеттерін атқаруды (уақытша болмаған адамды алмастыруды) жиынтығында қатарынан он екі ай ішінде күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық жүктеуге жол берілмейді.