«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы (2025.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Осы тармақшаның ережелері:

өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;

бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.

2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Банктік шоттардың бар екендігі және нөмiрлерi туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепiлдік берушi, кепілгер, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұратуы негізінде берiледi.

Банк сұратуды және кредит алынғанын растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жібере алады. Егер банктік шоттың иесі жеке тұлға болса, осы жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы жəне нөмірлері туралы анықтамалар оның бар, соның ішінде кəсіпкерлік қызметке байланысты шоттары бойынша банкке беріледі.

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:

а) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негізінде, олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;

б) соттарға:

сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша;

в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;

в-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне - барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;

г) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

д) мемлекеттік кіріс органдарына салықтық әкімшілендіру, кедендік бақылау мақсатында мыналарға:

тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;

тексерілетін жеке тұлғаға;

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаға қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға қатысты;

орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері қолданылатын заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіпқой медиаторға қатысты;

әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, адвокатқа қатысты беріледі;

кедендік тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге қатысты;

пайда болған күнінен бастап төрт ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты;

д-1) мемлекеттік сот орындаушыларына: өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша мемлекеттік сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысы негiзiнде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;

д-2) жеке сот орындаушыларына: өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысы не жеке мөрмен расталған оның көшірмесі негізінде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;

д-3) прокурордың санкциясымен банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі бес жыл ішіндегі кезең үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға;

е) аумақтық əділет органына «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған жəне аумақтық əділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған қаулы негізінде;

ж) қызметі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаға қатысты камералдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдарына беріледі.

2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-1-тармақ өзгертілді

6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар мемлекеттік кіріс органдарына мыналарға:

заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазым атқаратын адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.

Осы тармақта, осы баптың 6-тармағының д) тармақшасында, 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ұсынылады.

Осы баптың 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында, 6-3 және 6-4-тармақтарында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана уәкілетті органмен келісу бойынша ұсынылады.

2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 6-2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға оның сұрау салуы негізінде мынадай:

2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы;

2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) күнтізбелік жыл ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен құны асатын мүлікті сатып алуға байланысты кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалар бойынша банктік шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы;

2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынады.

Осы тармақшада көрсетілген мәліметтерді салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны не кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша сұратады.

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс.

2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 6-3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-3. Тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы, оның ішінде сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомалары көрсетілген мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынады.

Мемлекеттік кіріс органдары осы тармақта көрсетілген мәліметтерді тексерілетін тұлғаға салық салумен байланысты мәселелер бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында пайдаланады.

2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 6-4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-4. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуі туралы мәліметтерді беру бөлігіндегі банктік құпия мемлекеттік кіріс органдарының талабы негізінде ашылуы мүмкін. Мемлекеттік кіріс органдарының талабы банктердің немесе жекелеген банктік операциялар түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу туралы мәліметтер беруіне жеке тұлға (шот иесі) келіскен жағдайда ресімделеді.

2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 6-5-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6-5. Банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе басқарудағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:

1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынады.

Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:

а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:

нотариалды түрде куәландырылған сенімхат негiзiнде;

б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: олардың іс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша, жеке тұлғаның шоттарда немесе банкте сақтаулы жатқан ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олардан өндiрiп алу немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларда, анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойған, мөрiмен расталған жазбаша сұрау салу не біріншi басшының немесе тергеушiнің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысандағы сұрау салу, прокурордың санкциясы, оның ішінде электрондық нысанда салынған санкциясы негiзiнде;

в) соттарға:

есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкімі негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;

г) прокурорға: қарауындағы материал бойынша оның құзыретi шегiнде, қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде.

г-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;

д) алынып тасталды

е) алынып тасталды

ж) мемлекеттік сот орындаушыларына: мемлекеттік сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;

з) жеке сот орындаушыларына: жеке сот орындаушысының өз жеке мөрімен растаған және прокурор санкциялаған қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;

з-1) аумақтық əділет органына «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған жəне аумақтық əділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған қаулы негізінде, борышкер - жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы жəне олардың нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда оңайлатылған іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы жəне сейф жəшіктерінің бар-жоғы туралы мəліметтер бөлігінде ғана;

и) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде қаржы басқарушысына прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.

к) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға беріледі.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-1-тармақ өзгертілді

7-1. Клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген анықтамалар уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы алынған күннен бастап үш операциялық күн ішінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынылады.

Анықтама сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда келіп түскен кезде электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.

Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қағаз жеткізгіште ұсынылатын анықтамалар клиенттiң банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме нысанында жіберіледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мәліметтерді қамтиды.

Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар осы баптың 6-тармағының а), б), в), д), д-1) және д-2) тармақшаларында, сондай-ақ 7-тармағының б), в), г), ж) және з) тармақшаларында аталған тұлғаларға қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы сұрату негізінде беріледі.

2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 7-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-2. Банк омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштерін қарау бойынша банктік құпия ашылуы мүмкін.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8. Жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi және олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға:

1) мұра өкiмiнде шот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) сот ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде, өздерінің іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша соттар мен нотариустарға;

3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргізіп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;

4) мұрагерлерге беріледі.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды

8-1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның, оның ішінде кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы, жария ету субъектілерінің ақшаны жария ету үшін ашылған осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама Бас Прокурордың немесе оның орынбасарларының санкциясымен анықтау және алдын ала тергеу органдарына, мемлекеттік кіріс органдарына беріледі.

9. алынып тасталды

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)