2) Қазақстан Республикасының Президентімен, Құрылтаймен, Қазақстан Халық Кеңесімен, Конституциялық Сотпен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады;
3) халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшесін, оның ішінде Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы ұсынулар енгізеді;
ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Президентімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;
ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады;
ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Үкімет мүшелерінің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;
8) Үкімет жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құрады және таратады;
9) Үкіметтің қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.
2. Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 20-бап жаңа редакцияда; 2007.19.06. № 267-III Конституциялық заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелерi
1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.
1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өздеріне қатысты басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруын қамтамасыз етеді;
3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты.
ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Министрліктердің басшылары болып табылмайтын Үкімет мүшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін олар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
21-бап. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен алып тасталды
21-1-бап. ҚР 2020.30.12. № 392-VI Конституциялық Заңын алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 379; 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара); ҚР 2014.29.09. № 238-V (бұр.ред.қара) Конституциялық Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасының министрлігі
2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Министрлік Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) - басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Министрлік Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады.
2. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2-1. Министрлiк Республика Yкіметінiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
ҚР 2020.30.12. № 392-VI Конституциялық Заңын (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2-тармақ жаңа редакцияда
2-2. Ведомстволар, департаменттер және басқармалар министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Үкімет құрамына кіретін құқық қорғау органдары үшін, мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ескеріле отырып, қызметтер құруға жол беріледі.
Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді министр бекітеді.
Министрлік қызметтерінің, департаменттері мен басқармаларының жиынтығы оның аппараты болып табылады.
3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттік комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
23-бап. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 379; 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара) Конституциялық Заңдарымен 24-бап жаңа редакцияда; ҚР 2014.29.09. № 238-V Конституциялық Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы
1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады.
Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін.
2. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Yкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
3. Ведомство басшысын тиісті орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Ведомство Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыра алады, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға ведомствоның құзыреті шегінде қатыса алады.
5. Ведомство шығаратын актінің нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
Ведомствоның актілерін толығымен не бір бөлігінде күшін жоюды не тоқтата тұруды құрылымына ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
ҚР 2020.30.12. № 392-VI Конституциялық Заңын 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ведомство құрылымын тиісті орталық атқарушы органның басшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін құрылымына осы ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкіметінiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету
2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жүзеге асырады.
2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратын құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды лауазымдарға тағайындау мен лауазымдарынан босатудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
26-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртібі
Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының