2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.
Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.
Бір адам Құрылтай депутаттығына кандидат және партиялық тізімдер бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде бір мезгілде ұсынылуы мүмкін.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Саяси партиялар адамдарды партиялық тізімге орналастыру тәртібін дербес айқындайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
4. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан алпыс күн бұрын басталады және қырық күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
6. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 88-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен 88-бап жаңа редакцияда
88-бап. Сайлау жарнасы
1. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бес және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі пайызын алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бірден үшке дейінгі пайызын алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
5. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 89-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен 89-бап жаңа редакцияда; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
89-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
89-баптың 2-тармағы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды
2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім және кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті.
2022.07.02. № 105-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:
1) Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
89-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды
4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;
6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.
Кандидаттар - мүгедектігі бар адамдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамаларды қосымша ұсынады.
2020.25.05. № 335-VI ҚР Конституциялық заңымен (бұр.ред.қара); 2022.07.02. № 105-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі.
Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдарың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
4-1. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-3. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы хабар жариялайды;
2) 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәліктер береді;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мынадай жағдайларда:
саяси партия партиялық тізімді ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;
партиялық тізімді ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркелу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;
тұтас партиялық тізімнің елу процентінен астамын құрайтын адамдар партиялық тізімнен шыққан;
партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;
партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтіруге жол берілмейді;
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) мынадай жағдайда:
партиялық тізімге енгізілген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
партиялық тізімге енгізілген адамның өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;
партиялық тізімге енгізілген адамның партиялық тізімді ұсынған саяси партияның кандидатының немесе партиялық тізімге енгізілген басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, олардың іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;
89-баптың 6-тармағының 5) тармақшасының бірінші бөлігінің алтыншы абзацы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған;
партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.
Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
Партиялық тізімге енгізілген адамды дауыс беретін күнге екі күн қалғанда шығару туралы шешім қабылдауға жол берілмейді;
6) 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда; 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Партиялық тізімді тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте, Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Партиялық тізімдерді және кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлауға отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 90-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 90-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжіліс депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою
1. Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.
1-1. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
91-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
92-бап. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 92-1-баппен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 92-1-бап өзгертілді
92-1-бап. Саяси партияның сайлау қорының мөлшерi
1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Саяси партияның сайлау қоры:
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен он бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен отыз мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен үш жүз еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында бір жарым мың еседен аспауға тиіс.
3. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
93-бап. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
93-1-бап. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
93-2-бап. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 94-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 94-бап жаңа редакцияда
94-бап. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда дауыстарды санау
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және ол дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жіберіледі.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және ол дауыс беру күнінен бастап үш күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сайлау нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықталады.
4. Дауыстарды санаудың нәтижесі мен сайлау нәтижесін айқындауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.
94-1-бап. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 95-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 95-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
95-бап. Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде қайта дауыс беру
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не учаскелердің немесе сайлау нәтижелерін анықтау кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің жалпы санының кемінде төрттен бір бөлігінде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Құрылтай депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті сайлау учаскесінде немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте қайта дауыс беруді тағайындайды.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қайта дауыс беру Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімде, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде сол партиялық тізімдер бойынша, сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 96-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 96-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
96-бап. Мәжіліс депутаттарын қайта сайлау
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер Құрылтай депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылса, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын қайта сайлауды өткізу туралы шешім қабылдайды. Қайта дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі.
2. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей немесе Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мерзімде өткізіледі. Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларының қысқартылған мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
4. Қайта сайлауды өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара)Конституциялық Заңдарымен 97-бап өзгертілді
97-бап. Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Республиканы тұтас алғанда Мәжіліс депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап он күн мерзiм iшiнде анықтайды.
2. 2007.19.06 № 268 -III Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Сайлау қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен 97-1-баппен толықтырылды; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара);2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен 97-1-бап жаңа редакцияада (2007 жылы 18 тамызда партиялық тізімдер бойынша сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тізімдер бойынша дауыс берудің қорытындыларына қарай бөлу
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының бес және одан да көп пайызын алған әрбір партиялық тізім үшін біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша берілген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Бес пайыздық кедергіден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бес пайызын тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партиялардың партиялық тізімі жіберіледі.
Екі саяси партияға берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді.