«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

 

16-бап. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16-1-бап. Округтік сайлау комиссиясының өкілеттіктері

Округтік сайлау комиссиясы:

1) тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауды өткізуді ұйымдастырады;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын қайта сайлауды және шығып қалғандардың орнына сайлауды өткізеді;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньнің мәтінін белгілейді;

5) учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

7) сайлау округінің аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сайлауға дайындыққа және оны өткізуге байланысты мәселелер бойынша есептерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер органдарының сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға құқылы;

8) учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар алады;

9) жоғары тұрған сайлау комиссиясына сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелерін беруді қамтамасыз етеді;

10) осы Конституциялық заңның 13-2-тарауына сәйкес кері шақырып алу рәсіміне бастама жасалған жағдайда дауыс берудің өткізілуін ұйымдастырады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-бап. Учаскелік сайлау комиссиялары

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Учаскелік сайлау комиссиялары тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын:

1) тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар саны екі мыңға дейін болған кезде - бестен жеті мүшеге дейін;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылар саны екі мыңнан асатын болған кезде - жетіден тоғыз мүшеге дейін айқындайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы тақ болуға тиіс.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімді сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін - он бес күннен кешіктірілмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссиялардың құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi

Учаскелiк сайлау комиссиясы:

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргiзедi;

2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;

3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;

4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерістер енгізу туралы мәселелердi шешедi;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1) мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң болуын қамтамасыз етедi;

7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;

8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;

9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;

10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді

19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi

1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттік органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де заңдарда айқындалады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Мыналар:

сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған адам;

сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам;

сот әрекетке қабілетсіздігін таныған немесе сот әрекетке қабілеттілігін шектеген адам;

халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.

19-баптың 3-тармағының қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ 133-баптың редакциясында қолданылды (бұр. ред. қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары, хатшылары, мүшелері, сондай-ақ өзге де аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады.

Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 65-бабының 8) тармақшасына сәйкес белгіленеді.

Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға құқылы емес.

4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткізу кезеңiнде өздерiнiң келісімiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.

5. Сайлау комиссиясының мүшесi:

1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;

2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;

3) күн тәртібіне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;

4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;

5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үшiнің даусымен расталған уәкiлеттігі бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;

6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;

7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;

8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;

9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Сайлау комиссиясының мүшесі:

1) сайлау комиссиясының белгіленген өкілеттік мерзімі өткенде;

2) сайлау комиссиясының қызметі тоқтатылған кезде өз міндеттерінен босатылады.

Жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімі бойынша төмен тұрған сайлау комиссиясының мүшесі:

1) міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

3) тиісті сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;

4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;

5) соттың оны іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы шешімі заңды күшіне енген;

6) ол қайтыс болған;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен саяси партия өзін ұсынған саяси партияны тарату туралы шешімді не сот өзін ұсынған саяси партияны тарату туралы заңды күшіне енген шешімді қабылдаған жағдайларда, өз міндеттерінен босатылады.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6-1. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы өкілеттік мерзімі шегінде аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыруын:

бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу;

оқу демалысында болу кезеңіне тоқтата тұрады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда

7. Сайлау комиссиясы мүшесінің тарапынан лауазымдық өкілеттіктерін немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бұзу анықталған кезде сайлау комиссиясы ескерту жасауға құқылы.

Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын сайлау комиссиясы мүшесінің лауазымдық өкілеттіктерін немесе осы Конституциялық заңның талаптарын алты ай ішінде, өзге сайлау комиссиясы мүшесінің сайлау науқаны ішінде бірнеше рет бұзуы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихаттың тиісті аумақтық сайлау комиссиясының немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша сайлау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтатуына алып келеді.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы шығып қалған комиссия мүшесінің орнына, қажет болған жағдайда,» деген сөздермен ауыстырылып, «сайлағанға дейін» сөздерден кейін «бос орынға сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.

Жоғары тұрған сайлау комиссиясы қажеттілік болған кезде уақытша бос орынға өкілеттік мерзімі тоқтатыла тұрған сайлау комиссиясының мүшесі шыққанға дейін сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. №44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 20-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 20 -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді

20-бап. Сайлау комиссияларының қызмeтін ұйымдастыру және олардың әрекеттеріне шағым жасау. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

1. Сайлау комиссияларының қызмeті алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзeгe асырылады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Алғашқы отырыстарды:

1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын - комиссияның Төрағасы комиссия сайланғаннан кейін он төрт күн ішінде;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарын - осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат айқындаған адам жаңа құрам қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) төмен тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын - тиісті жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олардың құрамы қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4) округтік сайлау комиссияларының отырыстарын аумағында сайлау округі орналасқан аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары олардың құрамы қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей шақырады.

3. Сайлау науқанын әзірлeу мен өткізу кeзeңіндe комиссиялардың отырыстары кeміндe eкі аптада бір рeт өткізіледі. Өзгe уақытта комиссиялар өздeрінің отырыстарын қажeтіне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерінің кeміндe үштeн бірінің бастамашылығымен өткізеді.

4. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының кeміндe үштeн eкісі қатысса, олар заңды бoлады.

5. Кoмиссиялардың шeшімдeрі, осы Конституциялық заңда бeлгілeнгeннен өзге жағдайларды қоспағанда, олардың мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешімімен келіспейтін мүшелері ерекше пікірін айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткізіледі және комиссия отырысының хаттамасына жазбаша нысанда тіркеледі.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда өзгедей жариялауға жататын өз шешімдерімен бүкіл адамның еркін танысуы үшін жағдай жасайды.

7. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өздеріне қатысты мәселелер қаралатын кезде тиісті сайлау комиссияларының отырыстары мен күн тәртібі туралы алдын ала хабардар етіледі.

Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара, 2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партиядан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган есепке қойған әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан және аудармашы бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.

9. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды.

Өтініштер сайлау комиссиясы мен сотта бір мезгілде қаралған кезде сайлау комиссиясы сот шешімі күшіне енгенге дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтініш туралы және оны қарау нәтижелері бойынша сот шешімінің заңды күшіне енгені жөнінде сайлау комиссиясын хабардар етеді.

10. Мeмлeкeттік органдар, ұйымдар, жeргілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өздерінің өкілeттіктeрін жүзeгe асыруға көмeк көрсeтугe, оларға қажeтті мәлімeттeр мен материалдар беругe, сайлау комиссияларының өтініштеріне — үш күн мерзім ішіндe, ал сайлау күні және оның қарсаңындағы күні дeрeу жауап қайтаруға міндeтті.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді; 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ақы төлене отырып, өздерінің қалауымен комиссияның шешімі бойынша өндірістік немесе қызметтік міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.

Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болатын мүшелерінің сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде негізгі жалақысы сақталады.

Сайлау комиссияларының өзге де мүшелеріне осы кезеңде сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ең төмен үш жалақы есебімен жалақы белгіленеді.

Бұл ретте жалақыны есептеу нақты жұмыс істеген уақыт үшін жүргізіледі.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы еңбегіне ақы төлеу сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ең төмен үш жалақы есебі негізге алына отырып жүзеге асырылады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Мыналар:

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, әкімдер, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірілген адамдары;

3) мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар;

4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.

Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлауды сайлау округінде тікелей ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.

Сайлау комиссиясының мүшесі ретінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында және екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың міндеттерін орындау сайлау комиссиясының шешімімен сайлау науқаны кезеңіне тиісті кандидат тіркелген күннен бастап тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген сайлау комиссиясы мүшесінің орнына тиісті сайлау науқаны кезеңіне жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімі бойынша сайлау комиссиясының мүшесі тағайындалуы мүмкін.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.