«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн уақыт пен орын туралы дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, ал мәслихаттардан басқа, өзге де өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткiзген кезде бес күннен кешiктiрмей сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ өзге де әдiстермен хабардар етуге тиiс.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде, әскери бөлімдерде, шалғай және қатынасу қиын аудандарда, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссиясы, егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс берсе, дауыс беруді аяқталды деп кез келген уақытта жариялауы мүмкін. Мұндай учаскелердің тізбесін тиісті сайлау комиссиясы сайлауға дейін жеті күннен кешіктірмей, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды өткізу кезінде үш күннен кешіктірмей бекітеді.

4. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 39-бап өзгертілді

39-бап. Дауыс беруге арналған үй-жай

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Президентті, Құрылтайдың, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда дауыс беру арнайы бөлінген үй-жайларда өткізілуге тиіс, оларда жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткілікті мөлшерде жабдықталуға, сайлау бюллетеньдерін беретін орындар белгіленуге және дауыс беруге арналған жәшіктер дауыс беретін адамдар оларға міндетті түрде жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтіп келетіндей етіп қойылуға тиіс. Бұл ретте байқаушыларға, сенім білдірілген адамдарға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сайлау комиссиясының мүшелеріне сайлау жәшіктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кіруді және шығуды бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезін де мүгедектігі бар азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуге тиіс.

2. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы адамдар дауыс берудi өткізу жөніндегі комиссия белгiлеген ережелердi қатаң сақтауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы бiр мезгiлде дауыс беруге арналған үй-жайдағы сайлаушылардың санын реттейдi; тәртiпке жауапты болады және осы Конституциялық заңның ережелерiн бұзып, дауыс берудi өткізуге кедергi келтiрген кез келген адамның ол жерден кетуiн талап етуге хақылы.

Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарын бұзған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесi оның жұмысына қатысудан дереу шеттетiледi, ал байқаушы мен өзге адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелдi шешiмi бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады.

Осы шешiмнің орындалуын iшкi iстер органдары жүзеге асырады, олар сонымен қатар сайлау комиссиясының шеттетiлген мүшесiн, сондай-ақ шығарылған байқаушыны немесе өзге адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдайды.

3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртiптi қамтамасыз ету iшкi iстер органдарына жүктеледi. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi дауыс беруге арналған үй-жайда комиссия төрағасының шақыруымен ғана болуға тиiс және тәртiп қалпына келтiрiлгеннен кейiн не комиссия төрағасының өтініші бойынша ол жерден дереу шығуға мiндеттi.

 

14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 38-бап өзгерді

40-бап. Дауыс берудi ашу

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттi, Құрылтай депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастауға тиiс.

2. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. алынып тасталды

4. Учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы;

1) дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар екенiн немесе жоқ екенiн, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады;

2) комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 41-бап өзгертілді

41-бап. Дауыс берудi ұйымдастыру

1. Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

2. Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тiзiмдерi негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi.

4. Сайлаушылар тiзiмге бюллетеньдердi алғандығы туралы қол қояды.

5. Комиссияның бюллетеньдi (бюллетеньдердi) берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi (бюллетеньдердi) алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер бepуге құқығы жоқ.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрілмей берiле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.

Осы тармақта көрсетілген өтініш келіп түскен жағдайда, сайлау комиссиясының төрағасы өтiнiш берген сайлаушының сайлаушылар тiзiміндегі аты-жөнiнің тұсына тиiстi белгi қояды.

Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастырған кезде тасымалданатын жәшікті сайлау комиссиясының екі мүшесi алып жүредi.

Учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi байқаушыларды, сенім бiлдiрілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруі туралы хабардар етуге мiндеттi.

Сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру үшiн шыққан кезде оларға байқаушылар не сенім бiлдiрілген адамдар iлесiп жүруге құқылы.

Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру кезiнде сайлау комиссиясының мүшелерi, сайлау бюллетеньдерiнiң бүлiнуi мүмкiн екендiгi ескерiле отырып, олардың қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.

Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру кезінде бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушыларға сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтініш негізінде беріледі, олар бұл туралы өтінішке қол қояды.

Бюллетень (бюллетеньдер) берген комиссия мүшесi оған өз қолын қояды, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiшке де қол қояды.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1. Танысу үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiміне тиiсті белгі қойылады. Дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретін күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тiзiміне енгізедi.

Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беретін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде тоқтатылады.

7. алынып тасталды

8. алынып тасталды

9. Дауыс берудi осы баптың 6-тармағына сәйкес ұйымдастырып, өткізу азаматтардың сайлау құқықтарын бұзу, дауыс беру құпиясын бұзу немесе сайлаушының ерiк бiлдiруiн бұрмалау мүмкiндiгiн болдырмауға тиiс.

 

ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 42-бап өзгертілді

42-бап. Дауыс берудi өткізу

1. Дауыс берушiлер сайлау бюллетеньдерiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оларды толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа кiмнiң болса да кiрiп тұруына тыйым салынады. Бюллетеньдердi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға хақылы, оның аты-жөнi дауыс бергеннен кейiн сайлаушылардың тiзiмiне тiркелiп, тұсына сайлаушының бюллетень алғандығы жөнiнде қолы қойылады. Мыналар ондай адам болуға тиiс емес:

1) сайлау комиссиясының мүшесi;

2) жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның лауазымды адамы;

3) кандидаттың сенім бiлдiрген адамы;

4) бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi-журналист;

5) тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген байқаушы.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сайлаушы өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне не «Бәріне қарсымын» деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі соғады.

Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар бюллетеньде өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға не «Бәріне қарсымын» деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі қояды.

3. Сайлаушы мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелерін сайлаған кезде өзi дауыс беретiн кандидаттар тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғады.

3-1. Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгізуге жол берiлмейдi.

4. Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

5. алынып тасталды

 

 

8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 43-бап өзгертілді

43-бап. Сайлау учаскесіндегі (дауыс беру пунктіндегі) дауыстарды санау

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттi, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде барлық сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау, егер сол учаскеде осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса, жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада басталады. Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн басталады.

Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беру қорытындысы анықталғанға дейiн үзіліссiз жүргiзедi, қорытындылар осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысатын адамдардың назарына жеткiзiлуге тиiс. Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауға тиiс.

Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар учаскелiк сайлау комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенім бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады.

Сайлау бюллетеньдерiн санау кезiнде комиссия төрағасы немесе комиссияның белгiлi бiр мүшесi қатысушыларға сайлау бюллетенiн көрсетедi және сайлаушының ерiк бiлдiруiн жариялайды.

Бұл ретте бюллетеньдер әрбір кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия бойынша жеке-жеке қатталып, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер үшін және жарамсыз бюллетеньдер үшін жеке-жеке қатталып жиналады.

2. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Дауыстарды санау әрбiр кандидат әрбiр саяси партия, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Дауыс беруге арналған жәшiктердi төраға дауыс берудiң аяқталғаны туралы хабарлағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссиясы ашуға тиiс. Дауыс беру аяқталғанға дейiн жәшiктердi ашуға тыйым салынады.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1. Дауыс беру аяқталған соң бюллетеньдер салынған жәшіктердi ашқанға дейiн учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды. Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы не оның орнындағы комиссия мүшесi санау нәтижелерiн жария етедi және оларды дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаға енгiзедi.

Бiрiншi болып тасымалданатын сайлау жәшiктерi кезегiмен ашылады. Тасымалданатын сайлау жәшiгіндегі бюллетеньдердің саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкiндiгiн жасау туралы жазбаша өтiніштердiң санына сәйкес келуге тиіс. Егер тасымалданатын сайлау жәшiгiнде белгiленген үлгідегі сайлау бюллетеньдерінің саны жазбаша өтініштер санынан артық болып шықса, онда бұл жәшіктегі тиісті сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерi жарамсыз деп танылады. Бұл жағдайда тасымалданатын сайлау жәшігінен алынған тиісті сайлау бюллетеньдерiнiң жарамсыз деп танылғаны туралы акт жасалады, онда сонымен бiрге осы тасымалданатын жәшiктiң көмегiмен дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi өткiзген комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн тұрақты жәшiктер ашылады.

4. Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi тиiстi сайлау комиссиясы санайды және жояды. Сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша:

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) учаскедегі сайлаушылардың жалпы санын;

2) бюллетеньдер алған сайлаушылар санын;

3) комиссияның әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер санын анықтайды.

4-1. Жәшiктердi ашқаннан кейiн сайлау комиссиясы бюллетеньдердiң саны бойынша:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы санын;

2) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берілген дауыстар санын;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер санын;

3) жарамсыз ден танылған бюллетеньдер санын;

4) учаскелiк сайлау комиссиясы алған бюллетеньдер санын;

5) жойылған бюллетеньдер санын анықтайды.

Дауыс беруге арналған жәшiктерден алынған бюллетеньдердiң саны сайлаушылар тiзiмдерiнің және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштердiң негiзiнде берiлген бюллетеньдер санынан асып кеткен жағдайда, сайлау комиссиясының әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер саны анықталады.

5. Мынадай бюллетеньдер:

1) белгiленбеген үлгiдегi;

2) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзін басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс беруді қоспағанда, бір саяси партиядан артық, бір кандидаттан артық белгіленген;

4) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.

Дауыстарды тiкелей санау кезiнде жарамсыз сайлау бюллетеньдерi дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың бюллетеньдерi қатарынан алып тасталады.

6. алынып тасталды

7. Келiспеушiлiк пайда болған жағдайда мәселенi учаскелiк комиссия дауыс беру жолымен шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы даусымен қабылданады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1-тармақ өзгертілді

7-1. Учаскелік сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамның жазбаша нысанда берілген арызы бойынша дауыстарды қайта санауды осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімде бір рет қана жүргізеді.

8. Дауыстарды санау нәтижелерiн учаскелiк сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға түсiредi, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаларға учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.

Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды қарындашпен және әр түстi сиялармен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бiр түзетулер енгізуге жол берiлмейдi. Бұл ретте дауыс беру нәтижелерiнiң сандық мәнi сөзбен жазылып қайталануы тиiс.

Хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.

Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесi беріледi.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1-тармақ өзгертілді

8-1. Сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі жалпы жұрттың танысуы үшін округтік сайлау комиссиясының үй-жайында ілінеді және үй-жайда үш күн бойы тұрады.

Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезінде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшірмесі беріледі.

8-2. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Тиісті жоғары тұрған сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларында қателерді, сәйкессіздіктерді анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудің дұрыстығына күмәнданатын болса, бұл комиссия тиісті учаскелік сайлау комиссиясының сайлаушылардың дауыстарын қайта санауы туралы шешім қабылдауға құқылы.

Сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейiн жүргізілуге тиiс.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 44-бап өзгертілді

44-бап. Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Президенттi, Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Егер дауыс беру барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерін айқындау кезінде учаскеде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы Президент, Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау кезінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі сайлауды өткізуді жарамсыз деп тануы мүмкін.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мәслихат депутаттарын, әкімді, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Егер дауыс беру барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерін айқындау кезінде учаскеде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын, әкімді, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау қорытындыларын анықтау кезінде жекелеген сайлау учаскелеріндегі сайлауды өткізуді тиісті төмен тұрған сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

3. Сайлау қорытындылары хаттамаға түсiрiлiп, оған сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаға комиссия төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.

4. Сайлау қорытындылары туралы хабарды:

1) Президентті, Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) әкімді, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Орталық сайлау комиссиясының хабарында мыналар көрсетіледі: сайлау күні, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; Президенттікке сайлауға түскен кандидаттардың жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің саны; Президенттікке әрбір кандидат үшін, әрбір саяси партия үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша берілген дауыстардың саны; «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; сайланған Президент туралы мәліметтер - тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (қызмет түрі), тұрғылықты жері, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, ұлты туралы мәліметтер.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясының хабарында мыналар көрсетіледі: сайлау күні, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; сайлау округтерінің жалпы саны, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын, сайланған мәслихат депутаттары; сайлауға түскен кандидаттардың жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің (сайлау округтерінің) саны; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға кандидаттардың әрқайсысы үшін, әрбір саяси партия үшін берілген дауыстар саны; «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын, сайланған мәслихат депутаттары, әкімдер, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері туралы мәліметтер - тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (қызмет түрі), тұрғылықты жері, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, ұлты туралы мәліметтер.