Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының хабарларындағы деректер сайлау округтері бойынша ұсынылады.
6. 2006 ж. 22 желтоқсандағы № 208 -III ҚР Конституциялық заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 45-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Президентті, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тіркеу
Тиісті сайлау комиссиялары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен, сайланған Президентті, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін тіркеуді олардан жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттің, Құрылтай, мәслихат депутатының, әкімнің және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін жүргізеді.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 46-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 46-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-бап. Президенттің, Құрылтай, мәслихаттар депутатының куәлігі мен төсбелгісі, әкімнің және өзге де жергілікті өзі-өзі басқару органы мүшесінің куәлігі
1. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi қызметiне кiрiскен кезде Президентке тиiстi куәлiгi мен Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi тапсырады.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн әрбiр депутатқа куәлiгi мен ол белгілеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiсiн тапсырады.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарында:
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мәслихаттар депутаттарының тізімі жарияланғаннан кейін - олардың әрқайсысына мәслихат депутаттарының куәлiгiн және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi бередi;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әкімдердің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің тізімі жарияланғаннан кейін - олардың әрқайсысына әкімнің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлігін береді.
9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен; 2014.04.07. № 232-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны барысындағы кепiлдiктерi
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Президенттiкке, Құрылтай, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға кандидаттар тiркелген күнiнен бастап және сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Кандидаттарын сайлауға қатысқан уақыты тiркелген күнге дейiн оның жұмыс iстеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледi.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Президенттiкке, Құрылтай, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн өздерiнiң келісімiнсiз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ iссапарларға жiберуге не әскери жиындарға шақыруға болмайды.
3. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, Президенттiкке, Құрылтай депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн, сондай-ақ олар Президент, Құрылтай депутаты ретiнде тiркелгенге дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 48-бап өзгертілді
48-бап. Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметi
1. Соттар, прокуратура мен iшкi iстер органдары үшiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі ұйымдар үшiн дауыс беру күнi мен соның қарсаңындағы күн жұмыс күнi болып табылады.
2. Iшкi iстер органдары мен тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі ұйымдар сайлау комиссиялары қажет ететiн, тиiсiнше, мынадай:
1) дауыс берудi өткізу кезiнде қоғамдық тәртiп пен сайлау бостандығын қамтамасыз ету;
2) сайлаушылар тiзiмдерiн нақтылау;
3) сайлау комиссияларының қызметiнде туындаған басқа да мәселелер жөнiнде көмек көрсетуге мiндеттi.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста жәрдемдесуге міндетті.
3. Егер сайлау комиссиясы өзiнiң атына берiлген өтiнiштi тексеру кезiнде өтiнiште көрсетiлген мән-жайларды құқық қорғау органдарының тексеруi қажет деп тапса, онда тиiстi органдар сайлау комиссиясының өтiнiшi бойынша мән-жайларды тексередi және өтiнiштi алған күннен бастап - үш күндiк мерзiмде, ал егер өтiнiш дауыс берілетiн күн алдындағы бес күнге жетпейтін уақыт ішінде не дауыс берілетін күні алынған жағдайда дереу өтiнiш бойынша шешiм шығарады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен; 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді
49-бап. Сайлау науқаны барысындағы шешiмдер мен iс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшiн жою
Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткізу мәселелеріне қатысты, оның ішінде сайлау туралы заңнаманың бұзылуы туралы сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қабылдауға, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, оларды - бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.
Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы заңдарды бұзатын шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сотқа шағым жасалады.
Соттар, прокуратура органдары мен сайлау комиссиялары өз жұмысын сайлау процесi кезiнде, оның iшiнде демалыс күндерi және сайлау өтетiн күнi, шағымдарды қабылдау мен қарауды осы Конституциялық заңда белгiленген мерзiмде қамтамасыз ететіндей етiп ұйымдастырады.
Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтініштерiн, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күннiң ішінде қарайды.
Сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздiгіне) жасалған шағымды, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап үш күннiң ішінде қарайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 50-бап өзгертілді; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
50-бап. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
1) сайлау комиссиясының жұмысына араласқан;
2) дауыс беруге кедергi келтiрген;
3) кандидатты, партиялық тiзiмдердi тiркеуге байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
4) дауыстарды санауға және сайлау қорытындыларын анықтауға байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
5) кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатында өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
6) сайлау құжаттарын қолдан жасаған;
7) дауыстарды көрiнеу қате санаған;
8) сайлау нәтижелерiн көрiнеу қате айқындаған;
9) дауыс беру құпиясын бұзған;
10) Қазақстан Республикасы азаматының өз сайлау құқығын еркiн жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту, сатып алу жолымен кедергi келтiрген жағдайда заңмен белгiленген қылмыстық жауаптылықта болады.
1) осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi бермеген немесе жарияламаған;
2) сайлау комиссиясының өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмiн орындамаған;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сайлау алдындағы үгiттi кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тiзiмдi тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
4) сайлау алдындағы үгіт жүргiзу құқығына кедергi келтiрген;
5) кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан немесе олардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасаған;
6) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң құқықтарын бұзған;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) азаматтардың сайлаушылар тізіміндегі өздері туралы деректерді тексеру құқығын бұзған;
8) сайлаушылар тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы жалған мәлiметтер берген;
9) басқа адамдар үшiн дауыс беру мақсатымен азаматтарға сайлау бюллетеньдерін берген;
10) сайлауға қатысу үшін демалыс бермеген;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргiзу талаптарын бұзған;
12) анонимдi үгiт материалдарын дайындаған немесе таратқан;
13) үгiт материалдарын қасақана жойған немесе зақымдаған;
14) кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық (материалдық) қолдау көрсеткен;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) сайлау қорларынан басқа қаржыландыруды тартқан немесе өзге де материалдық көмекті қабылдаған;
15) кандидатты сайлау үшiн шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан, азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдық алған;
16) сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу жүргiзудің талаптарын бұзған;
17) сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім бiлдiрiлген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен байқаушылардың заңды қызметiне кедергi келтiрген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкiмшілiк және өзге де жауаптылықта болады.
3. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде сайлау комиссиясы сотқа не прокуратураға жүгiнуге құқылы.
4. Кандидат, саяси партия осы Конституциялық заңның талаптарын бұзған кезде, кандидатты тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою үшiн негiз болып табылатын талаптарды қоспағанда, оларға ескертiледi, ал қайта бұзған кезде тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 9-1-тараумен толықтырылды
9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткізудiң ерекшелiктерi
ҚР 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 50-1-бап өзгерді
50-1-бап. Электрондық сайлау жүйесi
1. Сайлау өткізу кезiнде сайлаушылардың тiзiмiн жасау, дауыс беру, дауыс берудiң қорытындыларын белгiлеу мен сайлау нәтижесiн анықтау үшiн сайлау округi аумағында электрондық сайлау жүйесi пайдаланылуы мүмкiн.
Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзген кезде осы Конституциялық заңның нормалары электрондық сайлау жүйесiн пайдаланудың ерекшелiктерi ескеріле отырып қолданылады.
2. Электрондық сайлау жүйесi - сайлауға әзiрлену мен оны өткізу кезiнде ақпараттық процестердi автоматтандыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желiлердiң және оларды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы.
Электрондық сайлау жүйесiнде пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификатталуға тиiс.
3. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзген кезде сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi осы Конституциялық заңда көзделген құқықтар мен мiндеттерге толық көлемде ие болады.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Электрондық сайлау жүйесі немесе оның жекелеген элементтері пайдаланылатын сайлау округтері мен сайлау учаскелерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
5. Электрондық сайлау жүйесiнiң жабдықтары учаскелiк сайлау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен дауыс беруге кемiнде үш күн қалғанда ашылып, орнатылады, ол туралы акт жасалады.
Жабдықтарды ашу және орнату кезiнде сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы. Электрондық сайлау жүйесiнiң жабдықтары орнатылған кезден бастап сайлау учаскесiн күзетудi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қамтамасыз етедi.
6. Жергiлiктi атқарушы органдар дауыс берiлетiн күнi сайлау учаскесi ашылған кезден бастап дауыс беру нәтижелерi Орталық сайлау комиссиясына берiлгенге дейiн электрондық дауыс беру өткiзiлетiн учаскелерге электр энергиясының үздiксiз берiлуiн қамтамасыз етедi.
7. Электрондық сайлау жүйесiн пайдалану тәртiбінiң осы Конституциялық заңмен регламенттелмеген бөлiгiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
50-2-бап. Электрондық сайлау жүйесіне қойылатын талаптар
1. Электрондық сайлау жүйесi Конституция және осы Конституциялық заң талаптарының сақталуын, оған енгізілетiн және одан шығатын ақпараттардың дұрыстығын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етуге тиiс.
2. Электрондық сайлау жүйесi ақпараттарға рұқсат етiлмеген жолмен қол жеткізудi, ақпараттарды жинаушы, өңдеушi, жинақтаушы, сақтаушы, iздестiрушi және берушi бағдарламалық-техникалық құралдардың жұмыс ырғағын бұзуды, аталған құралдардың iстен шығуын болдырмайтын тиiстi қауiпсiздiк шараларымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде мыналарға:
Орталық сайлау комиссиясы белгілегеннен басқа электрондық жүйелердi пайдалануға;
оны ортақ қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерге және электрондық сайлау жүйесінде қолданылмайтын өзге де ақпараттық жүйелер мен байланыс желiлеріне қосуға;
электрондық дауыс берудi өткізуге, дауыстарды санауға, сайлау нәтижелерi туралы ақпараттарды беруге заңсыз араласып, бақылау жасауға жол берiлмейдi.
4. Электрондық сайлау жүйесi кез келген енгізілген ақпаратты оның енгізілуiне қарай iс-әрекеттi сипаттап және енгізудiң дәл уақытын көрсете отырып, автоматты түрде сақтауға мүмкiндiк беретiн бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын (дауыс беру туралы деректердi жазу құрылғысын) қамтуға тиiс.
50-3-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жай
1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жай, дауыс беруге арналған кабинада дауыс берудi қоспағанда, қатысып отырған адамдарға электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру кезіндегі iс-әрекеттің көрінуі қамтамасыз етілетіндей болып жабдықталады.
2. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесiне қызмет көрсетуге Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртіппен рұқсат алған маман бола алады.
50-4-бап. Электрондық сайлау бюллетенi
1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткiзген кезде дауыс беру электрондық сайлау жүйесi құралдарымен жасалатын электрондық бюллетеньмен жүргiзiледi.
2. Электрондық сайлау бюллетенiнiң мәтiнi мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылады және осы Конституциялық заңның 37-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келуге тиiс.
2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен 50-5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
50-5-бап. Электрондық дауыс берудi ұйымдастыру
1. Сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерінің қатысуымен:
электрондық сайлау жүйесінің дұрыс жұмыс iстеп тұрғандығын тексередi;
комиссияның сайлаушыларды есепке алуға және электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны беруге жауапты мүшелерiн анықтайды.
Электрондық сайлау жүйесiнiң жұмысын тексерген кезде дауыс беруге арналған үй-жайда сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi болуға құқылы.
Осы тарауда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық сайлау жүйесiне қатысты ic-әрекеттi кiмнiң болса да жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Дауыс беру басталғанға дейін сайлау комиссиясының төрағасы электрондық сайлау жүйесін қосудың мөр басылып жабылған паролiн ашады және электрондық сайлау жүйесiн оны енгізу жолымен iске қосады. Бұл ретте қатысушыларға парольдің сақталу шараларының бүтiндiгiне алдын ала көз жеткізу мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
Электрондық сайлау жүйесін қосу Орталық сайлау комиссиясы белгілеген уақытта жүргізіледі.
3. Сайлаушы электрондық дауыс беруге сайлаушылардың тiзiмдерi негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуi бойынша жiберiледi.
4. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген кезде осы Конституциялық заңға сәйкес сайлаушылар дауыс беруге арналған тасымалданатын құрылғының көмегімен дауыс бередi, ол дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс берген барлық сайлаушылардың дауыстары туралы деректердiң сақталу мүмкiндiгiмен қамтамасыз етілуге тиiс.
Осы Конституциялық заңның 41-бабының 6-тармағына сәйкес берген өтiнiштерi негiзiнде сайлаушылар тiзiмiнен олар туралы деректер электрондық дауыс беруге арналған тасымалданатын құрылғыға алдын ала енгізiлiп қойылады.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сайлаушы электрондық дауыс берудi жасырын дауыс беруге арналған кабинада жүзеге асырады, онда осы Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дауыс беретiн адамнан басқа адамның қатысуына тыйым салынады.
Сайлаушы электрондық дауыс беру бюллетенінен электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны басқару элементтерiн пайдалану жолымен өзi дауыс бергiсi келетiн кандидаттың аты-жөнiн немесе «Бәріне қарсымын» деген жолды табады және соған дауыс бергенiн растайды.
Сайлаушы саяси партия үшiн дауыс берген кезде электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны басқару элементтерiн пайдалану жолымен өзi дауыс бергiсi келетiн саяси партияның атауын немесе «Бәріне қарсымын» деген жолды табады және соған дауыс бергенiн растайды.
Дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны сайлау комиссиясының мүшесіне бередi.
6. Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергi келтiретін техникалық ақаулар туындаған жағдайда сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресiмделедi және оған сайлау комиссиясының мүшелерi қол қояды.
Бұл шешiмнiң орындалуы электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды қамтамасыз ететiн маманға жүктеледi.
7. Егер жабдықтың техникалық жай-күйi сайлауды тиiстi дәрежеде өткізуге мүмкiндiк бермесе, онда тиiстi сайлау учаскесiнде дауыс беру Орталық немесе тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының шешiмiмен ақауларды жоюға және дауыс берудi ұйымдастыруға қажеттi мерзiмге кейiнге қалдырылады.
Тиiстi сайлау учаскесiнде ақаулар туындағанға дейiн дауыс берген сайлаушылар кейінгі дауыс беруге жалпы негiзде қатысады.
50-6-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде дауыстарды санау
1. Электрондық дауыс берудi пайдаланған кезде дауыстарды санау электрондық сайлау жүйесiмен жүргізiледi.
Дауыстарды санау осы Конституциялық заңмен белгіленген уақытта басталады, бiрақ осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесiне енгізілмей тұрып басталмауы керек.
Дауыстарды санау туралы мәлiметтер дауыс беру туралы деректер құрылғысында тiркелуге тиiс.
2. Сайлау учаскесiндегі электрондық дауыс беру нәтижелерi туралы ақпарат электрондық жүйемен электрондық хаттамаға енгізiлiп, ол комиссия мүшелерiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталады.
Сайлау комиссиясының мүшелерi қол қойған электрондық хаттаманың қағаздағы көшiрмесi сайлау учаскесiнің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгіленген орынға iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.
3. Осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, тиiстi сайлау комиссиясының мөрiмен расталған, электрондық дауыс беру нәтижелерi туралы электрондық хаттаманың қағазға түсiрiлген көшiрмесi беріледi.
50-7-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде сайлау қорытындыларын белгiлеу
1. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде сайлау округтері бойынша сайлау қорытындыларын электрондық хаттамалар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы белгілейдi және олар тиiстi сайлау комиссияларына хабарланады.
Электрондық сайлау жүйесі арнайы бөлiнген коммуникациялық желiлерге осы тармаққа сәйкес ақпарат беру үшін қажеттi мерзімге ғана қосылады.
2. Егер дауыс беру осы Конституциялық заңның 50-5-бабының 7-тармағымен көзделген тәртiппен кейiнге қалдырылған жағдайда, тиiсті сайлау округы бойынша сайлау қорытындылары тиiстi сайлау округының барлық учаскелерiнде дауыс беру өткiзiлгеннен кейiн белгiленедi.
50-8-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру нәтижелерiне шағымдану
1. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру нәтижелерiне шағымдану кезінде дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғы дәлелдеме ретiнде қаралады.
2. Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғылар осы баптың мақсаттары үшін тиiсті облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) аумақтық сайлау комиссиясында сақталады.
50-9-бап. Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғыларды сақтау
Дауыстар саналғаннан кейiн дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғы пакетке салынып, сайлау комиссиясының мөрiмен бекітіледi және тиiстi облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссиясына берiледi.
Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғылар сайлау аяқталған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.
10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы
06.11.98 ж. № 285-II; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 51-бап өзгертілді; 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
51-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы
1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы жеті жылда бір рет оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі және Құрылтайдың жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 51-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы осы Конституциялық заңда белгіленген қағидаларға сәйкес Құрылтай сайлау өткізу туралы жариялаған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
51-1-бап. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)