Заң күшi бар Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
және Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлықтарына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 ж. 21 желтоқсандағы
№ 2703 Жарлығы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, салық жүйесiн жетiлдiру, мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қаражатының тиiмдi пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету, әлеуметтiк жеңiлдiктердi реттеу мақсатында қаулы етемiн:
I. Қазақстан Республикасының төмендегi заң актілері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлықтарына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Қазақ ҚСР-нiң Еңбек туралы заңдары кодексiн бекіту туралы" 1972 жылғы 21 шiлдедегi Қазақ ҚСР Заңымен (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1972 ж., № 31, қосымша; 1984 ж., № 36, 447-құжат) бекітілген Қазақ ҚСР-нiң Еңбек туралы заңдары кодексiне:
1) 224-баптың бесiншi бөлiгіндегі "мемлекеттік әлеуметтiк сақтандырумен, сондай-ақ" сөздерi алынып тасталсын;
2) 227-баптың бiрiншi бөлiгi оныншы абзацындағы "жұмысшылар мен қызметшiлердiң мемлекеттік әлеуметтiк сақтандырылуын жүзеге асырады, әлеуметтiк сақтандыру жөнiнде жәрдемақы тағайындайды" сөздерi алынып тасталсын;
3) 232-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"жұмысшылар мен қызметшiлердi мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру мемлекет есебiнен жүзеге асырылады. Әлеуметтiк сақтандыру жарналарын жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақысынан ешқандай ұстап қалмай ұйымдар төлейдi. Ұйымның сақтандыру жарналарын төлемеуi жұмысшылар мен қызметшiлердi мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру жөнiнде қамтамасыз етiлуiнен айыра алмайды";
4) 235(1)-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру жөніндегі жәрдемақыларды берудiң негiзгi шарттары мен олардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi".