Мемлекет меншігіндегі объектілер мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сату жөнінде ашык аукциондар ұйымдастыру туралы уақытша ереже (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1994 жылғы 17 тамыздағы № 194 қаулысымен бекітілген) (қолданылуы жойылды)

Мемлекет меншігіндегі объектілер мен акционерлік қоғамдар акцияларының
мемлекеттік пакеттерін сату жөнінде ашык аукциондар
ұйымдастыру туралы уақытша ереже Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1994 жылғы
17 тамыздағы № 194 қаулысымен бекітілген

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасына, "Мемлекет меншігінен алу мен жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Инвестициялық жекешелендіру қорларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1290 және "Жекешелендіру инвестициялық купондары туралы ережені күшіне енгізу туралы" 1993 жылғы 23 шілдедегі № 1289 қаулыларына, Мамандандырылған купондық аукциондар туралы ереже мен Шағын жекешелендіру аумағында мемлекет меншігіндегі объектілерді сатып алу жөнінде аукциондар, коммерциялық конкурстар ұйымдастыру туралы 1993 жылғы 26 маусымдағы № 2/2 ережеге сәйкес әзірленген.

2. Ереже мемлекет меншігіндегі объектілер мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сату жөніндегі ашық аукциондар (бұдан әрі - аукцион) өткізу тәртібін, сондай-ақ аукционға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

3. Мемлекет меншігіндегі объектілерді аукционда сату туралы шешімді мемлекет мүддесін білдіретін Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитет пен оның аумақтық органдары (бұдан әрі - Комитет) қабылдайды.

4. Комитеттің тапсыруымен Мемлекеттік жекешелендіру қоры (МЖҚ) аукционды ұйымдастырушы болып табылады.

5. Аукционда инвестициялық жекешелендіру қорлары, жеке адамдар мен мемлекеттік емес заңды ұйымдар, шетелдік жеке адамдар мен заңды ұйымдар сатып алушы бола алады.

6. Мемлекет меншігіндегі объектілер мен акциялардың мемлекеттік пакеттері ақшаға және жекешелендіру инвестициялық купондарына (бұдан былай - купон) сатылады.

7. Инвестициялық жекешелендіру қоры жеңіп шыққан болса, аукционда сатып алынған меншік объектісіне мынадай жағдайда ішінара купондармен ақы төленуі мүмкін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.