Мемлекеттік меншiктi /мемлекеттік ауылшаруашылық кәсiпорындарынан
басқаларын/ жекешелендiруден алынған қаржының келiп түсуi
мен бөлiнуiнiң ТӘРТIБI Хат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi 1993 ж. 9 шiлде
№ 9/1352
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды
Қазақстан Республикасының Қазақстан Қазақстан
Мемлекеттік мүлiк Республикасының Республикасының
жөніндегі мемлекеттік Қаржы Ұлттық
комитетi министрлігі Банкi
№ 9/1352 N Ф-9-1/3778 № 24016/91
1993 ж. 9 шiлде 1993 ж. 12 шiлде 1993 ж. 16 шiлде
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Экономика министрлігі Әдiлет министрлігі
N____________ № 5/4-1504
1993 ж." "__________ 1993 ж. 12 шiлде
I. Жалпы ереже
Осы тәртiп Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік меншiктi /мемлекеттік ауылшаруашылық кәсiпорындарынан басқаларын/ жекешелендiруден алынған қаржының келiп түсуi мен бөлiнуiнiң тәртібі туралы" 1993 жылғы 22 маусымдағы № 1275 қаулысын жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi.
II. Қаржының келiп түсуiнiң тәртібі
1. Мемлекеттік меншiктi жекешелендiруден алынған ақша қаражаты толық көлемiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық басқармаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң № 609 баланс шотының арнаулы қосымша шоттарына жазылып, аумақтық комитеттерге құжаттар тапсырылады.
2. Шағын жекешелендiру шеңберiнде аукцион және конкурс арқылы сатудан түскен ақша қаражаты мемлекеттік мүлiк жөніндегі аумақтық комитеттердiң "Тапсырмалар бойынша сомалар" деген ағымдағы қосымша шотына жазылып, жекешелендiрiлген объектiлердiң қарызы өтелгеннен кейiн № 609 баланс шотының арнаулы қосымша шотына аударылады.
3. 1991-1992 жылдарда жекешелендiрiлген мемлекеттік объектiлер үшiн ақша қаражатының келiп түсуiнiң бұрын белгiленген тәртібі сақталды.