Еңбектi қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшi туралы Қазақстан
Республикасы Еңбек министрлігі 1994 жылғы 25 шiлдедегі № 9 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды
Қазақстан Республикасының "Еңбектi қорғау туралы" Заңының 16-бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі қаулы етедi:
1. Басшылардың мамандар мен қызметшiлер лауазымдарының "Жетекшiлер" атты Бiлiктемелiк анықтамалығының I- бөлiмiне "еңбектi қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшi лауазымы" енгiзiлсiн.
2. Еңбектi қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшiнiң берiлiп отырған біліктемелiк сипаттамасы бекітілсiн.
3. Еңбектi қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшiнiң еңбегiне ақы 12-15 разрядтар аралығында тарифтелетiн болсын.
4. Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 қазандағы № 888 /қаулысына /3-бабына/ сәйкес орынбасардың ставкасы жетекшiден 10-20 процент төмен болып белгiленсiн.
Министр
Қосымша
Еңбектi қорғау жөніндегі бас
техникалық жетекшi