Табиғатты арнайы пайдалану үшін шарт жасасудың Уақытша тәртібі Қазақстан Республикасы Экология және Биоресурстар Министрлігі 11 сәуір 1994 ж. (қолданылуы жойылды)

Табиғатты арнайы пайдалану үшiн шарт жасасудың Уақытша тәртібі
Қазақстан Республикасы Экология және Биоресурстар Министрлігі
11 сәуiр 1994 ж.

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды

КIРIСПЕ

Табиғатты арнайы пайдалану үшiн шарт жасасудың Уақытша тәртібі "Қазақ КСР-ында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (19 бап) сәйкес әзiрлендi.

Ол Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігіне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi Заңына сәйкес әзiрлендi, сондықтан жергiлiктi жерлерде тәртiп бойынша табиғатты арнайы пайдалануға шарттар жасасуды айқындаушы роль берiлiп отыр.

Табиғатты арнайы пайдалану үшiн шарттар жасасудың Уақытша тәртібі табиғатты қорғау мәселелерiн шешудi реттеушi және табиғатты пайдаланушылардың табиғи ресурстарды пайдалануға ұқыптылықпен қарауын ынталандырушы-нормативтi актiлердiң бiрi болып табылады.

Табиғатты арнайы пайдалану үшiн шарттар жасасу тәртібі Экобиоресурстарминiнiң республикалық, облыстық және аудандық (қалалық) органдарының жұмысында пайдалануға арналған.

Табиғатты арнайы пайдалану

үшiн шарттар жасасудың

Уақытша тәртібі

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Жануарлар дүниесiнiң ресурстары, су тоғандарының биоресурстары, орман ресурстары ластағыш заттарды табиғи ортаға шығару (тастау, орналастыру) құқығы табиғатты пайдаланушыларға табиғатты арнайы пайдалану үшiн шарттар мен рұқсат беру негiзiнде шаруашылық немесе өзге қызметке арналып пайдалануға немесе жалға берiледi.

2. Табиғатты арнайы пайдалану үшiн шарттар жасасу және рұқсат беру "Қазақ КСР-ында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қатаң сәйкестiлiкпен жүзеге асырылады.

3. Табиғатты арнайы пайдалануға арналған шарттар табиғи ресурстар иелерiнiң (Министрлер Кабинетi, облыстық өкiлеттi өкiмет органдарының, облыс әкiмшiлiк басшыларының) табиғатты пайдаланушыға табиғи ресурстарды арнайы пайдалану үшiн құқықтар беру туралы шешiмi негiзiнде жасалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.