Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігіндегi
табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар
қаруланатын қару-жарақ пен оқ-дәрiнi алу, тасымалдау, сақтау,
есеп жүргiзу және қолдану туралы Нұсқауы Қазақстан Республикасының
Экология және биоресурстар Министрлігі
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды
I. Жалпы үлгi-ережелер
1.1. Осы Нұсқаумен Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң жүйесi қару-жарақ пен оқ-дәрiнi алу, тасымалдау, сақтау, есеп жүргiзу және қолдану тәртібіне бағындырылған.
1.2. Әскери иiр ойық ұңғылы қару-жараққа: жауынгерлiк үлгiдегi, немесе арнаулы тапсырыспен жасалған (пистолет, револьвер, винтовка, карабин, автомат) қарулары жатады.
1.3. Аңшылық қару-жараққа: аңшы карабинi, тегiс ойықты мылтық, "әдеттен тыс" бұрандалы (ұңғысының басында және түбiнде 100 - 140 мм ойықтары бар) тегiс және ойықты ұңғылы құрастырмалы мылтық, шағын калиберлi винтовка кiредi.
1.4. Калиберлi әртүрлi болып келетiн иiр ойықты қару-жарақ патрондары, сондай-ақ тегiс ұңғылы аңшы мылтығының патрондары және оталғыш ұнтақ (порох) дәрiге жатады.
II. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлігінiң қару-жарақ пен оқ-дәрiнi алу тәртібі
2.1. Экология және биоресурстар министрлігі, сондай-ақ оған бағынышты ведомстволық органдары Қазақстан Республикасының аумағындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау және Бақылау жасауды жүзеге асыруда мемлекеттік инспекторларды қаруландыру үшiн № 1-шi қосымшада көрсетiлген тiзiмге сәйкес қару-жарақ пен оқ-дәрiнi алады.
2.2. Барлық қару-жарақ пен оқ-дәрiнi Iшкi iстер органдарының рұқсатымен алынып, Экология және биоресурстар министрлігінiң орталық аппаратында сақталады.