Бұйымдарды Болгарияға экспортқа шығару туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Өкімі 1995 жылғы 6 қараша № 440-ө

Бұйымдарды Болгарияға экспортқа шығару туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң Өкімі 1995 жылғы 6 қараша № 440-ө

1. "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың (жұмыс пен көрсетiлген қызметтiң) экспорты мен импортының тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 1002 қаулысына сәйкес "Металлист" Орал зауыты" акционерлік қоғамына, Болгарияның "Арсенал" фирмасымен 1995 жылғы 22 тамыздағы № 08-1 контрактiнiң 1,2-қосымшаларына сәйкес жалпы сомасы 47400 АҚШ долларын алдын ала төлетiп, арнайы бұйымдарды Болгарияға экспортқа шығаруға рұқсат етiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.

Премьер-Министр