Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I Қазақстан Республикасының Заңы (2026.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2. 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 40-2-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 40-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 40-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 40-2-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 40-2-бап өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40-2-бап. Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелері

Орындауларды немесе фонограммаларды пайдалану сипатына (жұртшылық алдында, оның ішінде радиода және теледидарда орындауға, туындыны механикалық, магниттік немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға, көшірмелеуге және осы Заңның 26-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа да жағдайларға) байланысты мүліктік (айрықша) құқықтарды жеке тәртіппен іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда, уәкілетті орган мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін белгілейді.

Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым пайдаланушылармен шарттар жасасу кезінде фонограммаларды орындаушылар мен шығарушыларға сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерін уәкілетті орган белгілеген сыйақының ең төмен мөлшерлемелерінен төмен етіп белгілеуге құқылы емес.

 

41-бап. Орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтарын шектеу

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Орындаушылықты, қойылымды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын және олардың жазбаларын орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының келісімiнсiз және сыйақы төлемей пайдалануға, сондай-ақ фонограмманы көшiрмелеуге:

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларынан шағын үзiндiлердi ағымдағы оқиғалар туралы шолуға қосу үшiн;

2) тек қана оқыту немесе ғылыми зерттеу мақсаттарында;

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді

3) дәйектеме ақпараттық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайда, орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарынан шағын үзiндiлер түрiнде дәйектеме келтiруге жол берiледi. Бұл ретте, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма даналарын эфирге беру, жалпы жұрттың назарына кәбiл арқылы хабарлау үшiн немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзу үшiн пайдалануының қандайы болса да осы Заңның 39-бабындағы ережелердi сақтаған жағдайда ғана мүмкiн болады;

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) осы Заңның 18-26-баптарының ережелерiнде белгiленген ғылым, әдебиет және өнер туындылары авторының мүлiктiк құқықтарын шектеуге қатысты өзге де жағдайларда жол берiледi.

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Осы Заңның 37-40-баптарының ережелерiнен тыс орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының келісімiнсiз хабарлар мен эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларын және олардың жазбаларын таратуға, сондай-ақ фонограмманы тек қана жеке мақсат үшiн қайташығаруға жол берiледi. Осы Заңның 26-бабына сәйкес сыйақы төленген жағдайда фонограмманы көшiрмелеуге жол берiледi.

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Егер қысқа мерзiмге пайдаланылатын жазба немесе көшiрме эфирге хабар тарату ұйымының өз жабдықтары көмегiмен және өзiнiң жеке хабары үшiн жүзеге асырылса, орындаушының, фонограмма жасаушының және эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының орындаушылықты, қойылымды немесе хабарларды қысқа мерзiмге пайдалануға жазып алуды жүзеге асыруға, мұндай жазбаларды көшiрмелеуге және коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көшiрмелеуге рұқсат алуына қатысты осы Заңның 37, 38, 40-баптарындағы ережелер мынадай жағдайларда:

1) эфирге хабар тарату ұйымы осы тармақ ережелерiне сәйкес қысқа мерзiмде пайдалануға жасалатын жазбаны немесе сондай жазбаның фонограммасын көшiрмелеудi жүзеге асыруға қатысты қойылымның өзiн, орындаушылықты немесе хабарды эфирге беруге алдын-ала рұқсат алғанда;

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) эфирге хабар тарату ұйымы осы Заңның 25-бабының ережелерiне сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қысқа мерзiмге пайдалануға жасайтын жазбасына қатысты белгiленетiн мерзiм iшiнде, оның тек құжаттық сипатының негiзiнде ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкiн жазбасын қоспағанда, оны жойғанда қолданылмайды.

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Осы бапта көзделген шектеулер фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарын және олардың жазбаларын, сондай-ақ соларға енгiзiлген ғылым, әдебиет және өнер туындыларын қалыпты пайдалануға зиянын тигiзбей, сондай-ақ орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының және аталған туындылар авторларының заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмей қолданылады.

42-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi

09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді

1. Осы тарауда көзделген орындаушыға қатысты құқықтар алғашқы орындалудан немесе қойылымнан кейiн жетпіс жыл бойы күшiн сақтайды. Осы Заңның 37-бабында белгiленген орындаушының есiмiн, орындаушылықты немесе қойылымды кез-келген бұрмалаудан немесе орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiруi мүмкiн өзге де қолсұғушылықтан қорғау құқықтарының қорғалуына шек қойылмайды.

2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді

2. Осы тарауда көзделген фонограмманы жасаушыға қатысты құқықтар фонограмма алғаш жарияланғаннан кейiнгi жетпіс жыл бойына, егер осы мерзiм iшiнде фонограмма жарияланбаған болса, ол алғаш жазылып алынғаннан кейiнгi елу жыл бойы күшiн сақтайды.

2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді

3. Осы тарауда көзделген эфирде хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай ұйым эфирде алғашқы хабар таратуды жүзеге асырғаннан кейiн жетпіс жыл бойы күшiн сақтайды.

09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді

4. Осы тарауда көзделген кабельдiк хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай ұйым кабель арқылы жалпы жұрттың назарына арналған алғашқы хабарлауды жүзеге асырғаннан кейiн жетпіс жыл бойы күшiн сақтайды.

2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді

5. Заңды түрде жария болған немесе жасалған кезiнен бастап, егер олар жарияланбаған болса, осы Заң күшiне енген күннен бастап жетпіс жыл мерзiм өтпеген радио және телехабарлар (эфирге хабар тарату) қалған мерзiмде сабақтас құқықтар объектiсi ретiнде қорғалады.

6. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген мерзiмдердi есептеу оның басталуына негiз болатын заңды жәйт орын алған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады.

7. Егер орындаушы қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталған жағдайда, осы бапта көзделген құқықтарды қорғау мерзiмi ол ақталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi.

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

8. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарында аталған орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын пайдалануға рұқсат ету және мерзiмдердiң қалған бөлiгi шегiнде сыйақы алу құқығы орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының мұрагерлерiне (заңды тұлғаларға қатысты құқық мұрагерлерiне) ауысады.

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды

9. Орындаушылыққа, қойылымға, фонограммаға, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарына сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуi олардың қоғам игiлiгiне айналғанын бiлдiредi.

Қоғам игiлiгiне айналған сабақтас құқықтар объектiлерiне қатысты осы Заңның 34-42-баптарының ережелерi ескерiле отырып, осы Заңның 29-бабының ережелерi қолданылады.

 

 

4-тарау. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

43-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқарудың мақсаттары және саласы

1. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторлары, орындаушылар, фонограмма шығарушылар немесе өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар құруға құқылы.

2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның коммерциялық қызметпен айналысуға, сондай-ақ ұжымдық негізде басқару үшін алған туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

3. Әртүрлі құқықтар мен құқық иелерінің түрлі санаттары бойынша жекелеген ұйымдар, не құқық иелерінің бір санатының мүдделеріне сай түрлі құқықтарды басқаратын ұйымдар, не құқық иелерінің түрлі санаттарының мүдделеріне сай құқықтардың бір түрін басқаратын ұйымдар құруға жол беріледі. Мұндай ұйымдарды тікелей авторлық және сабақтас құқықтар иелері құрады және ұйымдар солардан алған өкілеттіктер шегінде жарғы негізінде әрекет етеді.

Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар, атап айтқанда, ұжымдық басқарудың мынадай салаларында:

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) көпшілік алдында орындалуына, жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлануына немесе эфирге, оның ішінде ретрансляциялау арқылы берілуіне, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізілуіне қатысты жарияланған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындылардың үзінділеріне айрықша құқықтарды басқару;

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) дыбыстау-бейнелеу туындыларында пайдаланылған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындылардың авторлары болып табылатын композиторлардың осындай дыбыстау-бейнелеу туындысын көпшілік алдында орындағаны немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлағаны немесе эфирге бергені, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені үшін сыйақы алуға құқықтарын  жүзеге асыру;

3) бейнелеу өнерінің туындыларына қатысты қадағалау құқығын басқару;

4) авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар және дыбыстау-бейнелеу туындыларын шығарушылардың фонограммаларды және дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта әрі табыс алмастан қайта шығару үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру;

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) орындаушылар мен фонограмма шығарушылардың коммерциялық мақсаттарда жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындағаны, жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлағаны немесе эфирге бергені, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру;

6) 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) жарияланған туындыларды көшіруге (репрографиялық қайта шығаруға) құқықтарды басқару салаларында құрылуы мүмкін.

8) 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Осы Заңның 46-1-бабының 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, мүліктік құқықтарды ұжымдық басқаруға өкілеттікті тікелей авторлық және сабақтас құқықтар иелері жазбаша шарттардың негізінде ерікті түрде, сондай-ақ осындай құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдармен жасалған тиісті шарттар бойынша береді.

Бұл ретте авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілер мұндай өкілеттіктерді құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бір ұйымға ғана бере алады.

5. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың жарғылары осы Заңның талаптарына сай келетін ережелерден тұруға тиіс. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымды тіркеуден бас тартуға осы Заңның, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу тәртібін белгілейтін заңнаманың талаптары бұзылған жағдайда жол беріледі.

6. Аталған ұйымның қызметіне басшылықты мүліктік құқықтары басқарылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелері жүзеге асырады. Сыйақының мөлшеріне және пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу ережесіне, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне және мұндай ұйым қызметінің өзге де принципті мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауды тек қана авторлық және сабақтас құқықтар иелері жалпы жиналыста алқалы түрде жүзеге асырады.

 

44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Кез келген автор, оның мұрагерi немесе осы Заңның 2 және 3-тарауларына сәйкес қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иесi өздерiнiң мүлiктiк құқықтарын мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал ұйым, егер құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұйымның жарғылық қызметiне жататын болса, бұл құқықтарды ұжымдық негiзде жүзеге асыруды өз мойнына алуға мiндеттi. Аталған ұйымдардың ұжымдық негiзде басқару үшiн алынған туындыларды және сабақтас құқықтардың объектiлерiн пайдалануға құқығы жоқ.

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес алынған өкiлеттiктер негiзiнде мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым туындыларды және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасады. Мұндай лицензиялық шарттардың талаптары бiр санаттағы барлық пайдаланушыларға бiрдей болуға тиiс. Аталған ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарт жасасудан жеткiлiктi негiздерсiз бас тартуға құқығы жоқ.

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді

2-1. Пайдаланушылар бірыңғай цифрлық платформа арқылы шарт жасасуға және құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымға авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану туралы есепті, сондай-ақ сыйақыны жинау және бөлу үшін қажетті өзге де мәліметтер мен құжаттарды жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында ұсынуға міндетті, олардың тізбесі мен ұсынылу мерзімдері лицензиялық шартта айқындалады.

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4. Авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң туындылар мен сабақтас құқықтардың объектiлерiн осындай лицензиялық шарттар бойынша пайдалану мен байланысты пайдаланушыларға қоятын барлық ықтимал мүлiктiк талаптарын лицензиялық шарттар жасасқан ұйым реттеуге тиiс.

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым жиналған сыйақыны бөлу және төлеу үшін шаралар қолдануға міндетті.

Жиналған сыйақыны пайдаланушылардың авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануы туралы есептерінің ұсынылмауына байланысты бөлу және сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мұндай бөлінбеген сыйақыны сақтауға, ал ұйым шотына келіп түскен күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін оны авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілердің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен бөлінетін сомаларға қосуға міндетті.

Авторлық және сабақтас құқықтардың нақты иеленушілеріне бөлінген және олардың есебіне жазылған жиналған сыйақы сомалары мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның шотында сақталуға және ұйымның шотында мұндай сомалардың сақталу мерзіміне қарамастан, тиісті авторға және (немесе) құқық иеленушіге мұндай тұлғалардың табылуына немесе өтініш білдіруіне қарай төленуге тиіс.

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

45-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың атқаратын қызметтерi

Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң атынан әрi олардан алынған өкiлеттiк негiзiнде мынадай қызметтердi атқаруға:

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) мұндай ұйым басқарып отырған құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында лицензиялық шарттар жасасуға;

2) сыйақы мөлшерiн және лицензиялық шарттар жасалған басқа да жағдайларды пайдаланушылармен келiсуге;

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) бұл ұйым лицензиялық шартын жасаспай, осындай сыйақы жинаумен шұғылданатын жағдайларда сыйақы мөлшерiн пайдаланушылармен келiсуге (осы Заңның 26-бабы және 39-бабының 2-тармағы);

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауға;

 5) осы баптың 4) тармақшасына сәйкес жиналған сыйақыны өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiне бөлуге және төлеуге;

6) осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғауға қажеттi кез-келген заңды әрекеттердi жасауға тиiс.

 

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 45-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

45-1-бап. Бірыңғай цифрлық платформа

1. Сараптама ұйымы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бірыңғай цифрлық платформаны басқаруды жүзеге асырады және оның құқықтарды ұжымдық басқару саласында пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынады.

2. Бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сараптама ұйымы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқару саласындағы мынадай тізілімдерді (бұдан әрі - тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады:

1) туындылар тізілімі;

2) авторлар мен құқық иеленушілер тізілімі;

3) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар тізілімі;

4) пайдаланушылар тізілімі;

5) шарттар тізілімі;

6) бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуіне қажетті өзге де тізілімдер.

Тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

46-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың міндеттері

1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның қызметі мұндай ұйым өкілі болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүддесіне сай жүзеге асырылады. Бұл мақсатта ұйым:

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне сыйақы төлеумен бірге олардың құқықтарын пайдаланғаны туралы, оның ішінде жиналған сыйақы мөлшері туралы және одан ұсталған сомалар туралы мәліметі бар есептерді ұйымның интернет-ресурсындағы және бірыңғай цифрлық платформадағы жеке кабинет арқылы беріп тұруға;

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) бірыңғай цифрлық платформаны пайдалануға;

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) осы Заңның 45-бабы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес жиналған сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін пайдалануға міндетті. Сыйақыны бөлу және төлеу құқық иеленушінің азаматтық белгісі, тұратын елі, санаты және өзге де негіздер бойынша кемсітусіз, әділ жүзеге асырылуға тиіс. Бұл ретте ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің келісімімен және солардың мүддесіне сай сол ұйым құрған арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы. Сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өзінің нақты шығыстарын жабуға арналған, сондай-ақ арнаулы қорларға жіберілетін сомалар жиналған сыйақының жалпы сомасының отыз пайызынан аспауға тиіс;

Бұл ретте сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өздерінің нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар әрбір құқық иеленушіге тиесілі әр сомаға пропорционалды түрде болуға тиіс;

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның шығыстарын жабуға бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша бірыңғай цифрлық платформаға енгізуге;

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жиналған сыйақы сомасын осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сомаларды шегере отырып, туындылардың және сабақтас құқықтар объектілерінің нақты пайдаланылуына қарай барабар бөлуге және қазақстандық авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілерге - тоқсанына кемінде бір рет және осындай құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдарға жылына кемінде бір рет төлеп отыруға міндетті. Бұл ретте ұйым осы ұйым жасасқан лицензиялық шарттарға және сыйақы төлеу туралы шарттарына сәйкес сыйақы алуға құқығы бар құқық иеленушілерді белгілеу бойынша шаралар қолдануға, оның ішінде құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі басқа да ұйымдардан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратты осы мақсат үшін пайдалануға міндетті;