Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I Қазақстан Республикасының Заңы (2026.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

4) құқық иеленушілер туралы, оған басқаруға берілген құқықтар туралы, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтер қамтылған тізілімдерді қалыптастыруға міндетті. Заңға сәйкес құқық иеленушінің келісімінсіз жария етуге болмайтын мәліметтерді қоспағанда, мұндай тізілімдерде қамтылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға ұсынылады;

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның қызметі туралы хабар беру мақсатында интернет-ресурс құруға, интернет-ресурстың тәулік бойғы режимде қолжетімділігін, онда орналастырылатын ақпараттың ашықтығын, сондай-ақ осындай ақпараттың өтеусіз негізде берілуін қамтамасыз етуге;

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) авторлық немесе сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге құқық иеленушінің атын, ал құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйыммен өзара мүдделілік білдіру туралы шарттар бойынша құқықтар берілген жағдайда - осындай ұйымның атауын қоса алғанда, өзіне басқаруға берілген құқықтар, сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпаратты интернет-ресурста және бірыңғай цифрлық платформада орналастыруға;

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) ұйым өкілдері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастыруға;

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) уәкілетті органға жіберілетін есептерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада жария етуге;

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) пайдаланушының атауын және оның тұрған жерін, сондай-ақ осындай шарттың жасалған күнін қоса алғанда, пайдаланушылармен жасалған шарттар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастыруға;

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) Қазақстан Республикасының аумағында құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдармен өзара мүдделілік білдіру туралы шарттар жасасуға;

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) уәкілетті органды жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жалпы жиналыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында хабардар етуге, сондай-ақ оған қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті;

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

12) он жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай цифрлық платформада:

осындай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгізілген, әділет органдарында тіркелген өзгерістерді;

ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдармен өзара мүдделілік білдіру туралы жасалған екіжақты және көпжақты шарттардың көшірмелерін;

жалпы жиналыс шешімдерінің көшірмелерін орналастыруға міндетті.

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым өзінің бухгалтерлік (қаржылық) есептілігіне аудит жүргізу, сондай-ақ сыйақыны жинауды, бөлуді және төлеуді жүзеге асыру кезінде ақшамен операциялардың жүргізілуін және құжаттамалық ресімделуін, жиналған сыйақыны бөлудің осындай ұйым бекіткен әдістемеде көзделген талаптарға сәйкестігін, арнайы қорлардан жүзеге асырылған нысаналы түсімдер мен төлемдердің есепке алынуын, осындай ұйымның қызметіне қойылатын және осы бапта белгіленген өзге де талаптардың сақталуын тексеру үшін екі жылда кемінде бір рет тәуелсіз аудиторлық ұйымды тартуға міндетті.

Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым аудиторлық қорытындыны және тексеру нәтижелерін тиісті бухгалтерлік (қаржылық) есептілікпен бірге бекітілген (қол қойылған) күннен бастап бір ай мерзімде өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада жариялауға міндетті, олар құқық иеленушілер үшін бес жыл бойы ашық қолжетімділікте болуға тиіс.

Аудитке және тексерілуге жататын бухгалтерлік (қаржылық) есептілік және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өзге де ақпарат құпия сипаттағы мәліметтерді қамтитын ақпаратқа, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жатқызылмайды.

Аудит және тексеру жүргізуге арналған шығыстар құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым шығыстарының құрамына енгізіледі.

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымға осы Заңның 45-бабының 4) тармақшасында көзделген сыйақы жинауға қатысты өкілеттіктерді бермеген авторлық және сабақтас құқықтар иелері одан жүргізілген бөлуге сәйкес өздеріне тиесілі сыйақыны төлеуді, сондай-ақ осы ұйым пайдаланушыларға беретін рұқсаттардан өзінің туындылары мен сабақтас құқықтар объектілерін шығарып тастауды талап етуге құқылы.

Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіден тиісті хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым олар көрсеткен құқықтарды және (немесе) объектілерді барлық пайдаланушылармен жасалған лицензиялық шарттардан алып тастауға және бұл жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастыруға міндетті. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіге бұрын жасалған лицензиялық шарттарға сәйкес пайдаланушылардан алынған, оған тиесілі сыйақыны төлеуге және оған есеп беруге міндетті.

Репертуарынан авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілер туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң пайдаланушыларға оларды пайдалануға рұқсат беруге құқылы емес.

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 46-1-баппен толықтырылды

46-1-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу

1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттеу туралы куәлік алуға құқылы.

2. Аккредиттеу осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген салалардың әрқайсысы бойынша бөлек жүргізіледі.

Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көрсетілген ұжымдық басқарудың бір, екі және одан да көп салаларында қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті алуы мүмкін. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Аккредиттеу туралы куәлікті алған құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым құқықтарды басқару туралы шарттар жасасқан құқық иеленушілердің құқықтарын басқарумен қатар мұндай шарттар жасаспаған құқық иеленушілер үшін де сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқылы.

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 46-2-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 46-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

46-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ерікті болып табылады және оны құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - аккредиттеу жөніндегі комиссия) қорытындысына сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның өтініші негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу қағидаларын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді.

Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және өзінің интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.

3 - 7. 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымды аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.

9. Аккредиттелген ұйымдар туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

10. 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47-бап өзгертілді

47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды өзге де иеленушілердің құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі ұйым жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей, бірыңғай цифрлық платформа арқылы уәкілетті органға:

1) - 3) 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жиналған, бөлінген, бөлінбеген, төленген, төленбеген, талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, жылдық балансты, жылдық есепті;

5) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жергілікті жерлердегі филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпаратты беруге міндетті.

Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым екі жылда бір реттен сиретпей уәкілетті органға 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде аудиторлық есепті де ұсынады.

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Уәкiлетті орган мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардан ұйым қызметiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына немесе өзге де заңнамаға, сондай-ақ мұндай ұйымның жарғысына сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi қосымша ақпаратты және құжаттарды талап етуге құқылы.

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 47-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

47-1-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу

Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті орган:

1) аккредиттеу туралы шешім қабылдауға негіз болған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;

2) 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

3) 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) коммерциялық қызметті жүзеге асырған;

5) осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған;

6) 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) авторларға, орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға уәкілетті орган белгілеген ең төмен сыйақы мөлшерлемелерінен төмен сыйақы мөлшерлемелері қолданылған жағдайларда кері қайтарып алады.

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 47-2-баппен толықтырылды

47-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату

1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда:

1) аккредиттеу туралы куәліктің берілген мерзімі біткенде;

2) аккредиттеу туралы куәлікті өз еркімен уәкілетті органға қайтару туралы шешім қабылданғанда;

3) аккредиттеу туралы куәлік қайтарып алынғанда;

4) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым таратылғанда тоқтатады.

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтату туралы ақпарат осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастырылады.

 

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 47-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

47-3-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру

1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын уәкілетті орган:

1) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп белгіленген мерзімде уәкілетті органға ұсынылмаған;

2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын жыл сайынғы есеп уәкілетті органға ұсынылған жағдайларда үш айға тоқтата тұрады.

2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір күн мерзімде орналастырылады.

 

 

5-тарау. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау

 

2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы

1. Осы Заңда көзделген авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды.

2. Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты:

1) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;

2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге;

3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге;

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына эфирде (оның ішінде ретрансляциялау) немесе кәбіл арқылы хабарлауға, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейді.

 

48-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 48-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

48-2-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау

1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар пайдаланылған туындылар немесе сабақтас құқықтар объектілері, авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану нәтижесінде алынған кірістер туралы мәліметтерді, сондай-ақ авторлық сыйақы төлемдеріне қатысты мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.

 

2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді

49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау

1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:

1) құқықтарды тану;

2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;

3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;

4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;

5) құқық бұзушы авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;

2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) соттың қарап шешуі бойынша айқындалатын бір жүз айлық есептік көрсеткіштен он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада немесе туынды даналары құнының екі еселенген мөлшерінде немесе салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте туындыны құқыққа сыйымды түрде пайдаланғаны үшін алынатын бағаға негізделе отырып айқындалатын, туындыны пайдалану құқығы құнының екі еселенген мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. Залалды өтеудің немесе кірісті өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот айқындайды;

7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілерінде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.

Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шаралар құқық иеленушінің таңдауы бойынша қолданылады.

1-1. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.

3. Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.

Қазақстан Республикасының