Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi N
1035 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1995 ж. 28 желтоқсандағы № 1876 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 12.08.00 ж. № 1253 қаулысымен күшi жойылды (ҚР Үкіметінің 28.08.00 ж. № 1316 қаулысымен күшi тоқтатылды)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Биржалық тауарлардың Тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
аталған қаулының 1-қосымшасының:
"Астық, ауыл шаруашылығы өнiмi, олардың ұқсатылған өнiмдерi" атты 1-бөлiмi жаңа жолдармен толықтырылсын:
"қойдың iшек-қарны 0504 00 000
мақта линтi 1404 20 000";
"Шиттi мақта (линт)" деген жолдағы "(линт)" сөзi алынып тасталсын;
2-бөлiм мынадай редакциямен берiлсiн:
2. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм
аталған қаулының 2 қосымшасының:
1-тармағынан "Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi өндiретiн және экспортқа сататын" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi