Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

5. Мемлекеттік өкiмет билiгi органының, өзге де мемлекеттік органның заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өтеуге тиiс.

6. Егер тәртiп бұзудың құқықтық салдарының пайда болуы тәртiп бұзушының кiнәсiне байланысты болса, заң құжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда, ол кiнәлi деп ұйғарылады.

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2835 Жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 ж. № 283-1 Заңдарымен 10-бапқа өзгерістер енгiзiлдi; 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 

10-бап. Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Азаматтардың, қандастардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген дербес, бастамашылық қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi.

3. Заңдарда тыйым салынбаған қызметтi жүзеге асырушы кәсiпкерлердiң құқықтары:

1) кәсiпкерлiк қызметтi, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардан және хабарламалардан басқа, қандай да бір рұқсаттар алмай не хабарламаларды жібермей жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;

2) экономиканың барлық салаларындағы кәсiпкерлiктiң барлық түрiн бiр ғана тiркеушi органда тiркеудiң барынша қарапайым өз бетiмен жүргiзетiн тәртібімен;

3) кәсiпкерлiк қызметке мемлекеттік органдар жүргiзетiн тексерулердi заң құжаттарымен шектеу арқылы;

4) кәсiпкерлiк қызметтi заң құжаттарында көзделген негiз бойынша шығарылған сот шешiмi бойынша ғана ерiксiз тоқтату арқылы;

5) жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым салынған, экспорт немесе импорт үшiн тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыс, тауарлардың түрлерi мен қызмет тiзбесiн заң құжаттарында белгiлеу арқылы;

6) мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де жақтар мен ұйымдарды кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз кедергi жасағаны үшiн олардың алдындағы заңдарда белгiленген мүлiктiк жауапкершiлiкке тарту арқылы;

6-1) атқарушы бақылау және қадағалау органдарына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен осы органдардың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға кiруге тыйым салу арқылы;

7) заңдарда көзделген өзге де амалдармен қорғалады.

4. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, меншікті қорғау, ұлттық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызметтің немесе әрекеттің (операцияның) қауіптілік деңгейіне қарай «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүргізіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, сәйкестікті міндетті растау жөніндегі талаптар мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, рұқсат беру тәртібі белгіленеді.

5. Коммерциялық (кәсiпкерлiк) құпия заңмен қорғалады. Коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi анықтау тәртібі, оның қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына енбейтiн мәлiметтер тiзбесi заңдарда белгiленедi.

6. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау осы Кодексте немесе өзге де заң құжаттарында көзделген құралдармен қамтамасыз етiледi.

Әрбiр тұтынушының, атап айтқанда:

- тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметтi пайдалану үшiн еркiн шарт жасасуға;

- тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тиiсiнше сапалы және қауiпсiз болуына;

- тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнiнде толық және анық мәлiмет алуға;

- тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бiрiгуге құқығы бар.

 

11-бап. Кәсiпкерлiк еркiндiгiн пайдаланып қиянат жасауға жол бермеу

1. Заңды бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, негiзсiз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған монополистiк және қандай болса да басқа қызметке жол берiлмейдi.

2. Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, кәсiпкерлердiң азаматтық құқықтарды бәсекелестiктi шектеу мақсатында пайдалануына, соның iшiнде:

1) кәсiпкерлердiң рыноктағы өздерiнiң үстем жағдайын пайдаланып, атап айтқанда, тауар тапшылығын жасау немесе бағаны көтеру үшiн тауар өндiрудi шектеу немесе тоқтатып тастау, не айналыстан алып тастау арқылы қиянат жасауына;

2) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi адамдардың баға, рыноктарды бөлiсу, басқа кәсiпкерлердi аластау туралы және бәсекелестiктi едәуiр шектейтiн өзге де жағдайлар туралы келісімдер жасасуына және оларды орындауына;

3) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi адамның және тұтынушылардың заңды мүдделерiне қысым көрсетуге бағытталған терiс пиғылды әрекеттер жасауына (терiс пиғылды бәсекелестiк), атап айтқанда, тұтынушыларды басқа кәсiпкердiң тауар дайындаушысы, дайындау мақсаты, әдiсi мен орны, сапасы және өзге де қасиеттерi жөнiнен шатастыру арқылы, тауарларды жарнамалық және өзге де ақпаратта әдепсiздiкпен салыстыру, бөтен тауардың сыртқы безендiрiлуiн көшiрiп алу арқылы және басқа да әдiстермен шатастыруына жол берiлмейдi.

Терiс пиғылды бәсекелестiкке қарсы күрес жөніндегі шаралар заң құжаттарымен белгiленедi.

 

2-тарау. Азаматтық құқықтардың субъектілері

 

§ 1. Қазақстан Республикасының азаматтары және басқа жеке тұлғалар

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Жеке тұлға ұғымы

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша белгiленбесе, бұл тараудың ережелерi барлық жеке тұлғаларға қолданылады.

 

13-бап. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi

1. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.

2. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

 

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді

14-бап. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны

Азаматтың, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке мүліктік емес құқықтары болады.

 

2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді

15-бап. Азаматтың есiмi

1. Азамат тегі мен есімін, сондай-ақ қалауы бойынша - әкесінің атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады және оларды жүзеге асырады.

2. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленiп, мiндеттердi жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншiк ат (ойдан шығарылған есiмдi) пайдаланатын реттерi көзделуi мүмкiн.

3. Азаматтың туған кезде берiлген есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту азаматтық хал актілерін тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс.

4. Азамат өз есiмiн заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы. Есiмiн өзгерту оның бұрынғы есiмiн, жасырып немесе бүркеншiк атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды.

5. Азамат өзiнiң борышқорлары мен несие берушiлерiне өз есiмiн өзгерткенi туралы хабарлау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi және бұл адамдарда оның есiмi өзгертiлгендiгi туралы мәлiметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етедi.

6. Есiмiн өзгерткен азамат өзiнiң бұрынғы есiмiне ресiмделген құжаттарға тиiстi өзгерістер енгiзiлуiн талап етуге құқылы.

7. Басқа бiр адамның есiмiмен құқықтар мен мiндеттер иеленуге жол берiлмейдi.

8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, азамат өз есiмi оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.

9. Азаматтың есiмiн заңсыз пайдалану нәтижесiнде оған келтiрiлген зиян осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес өтелуге тиiс.

Азаматтың есiмi оның абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн әдiстермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не пайдаланылған жағдайда осы Кодекстiң 143-бабында көзделген ережелер қолданылады.

 

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді

16-бап. Азаматтың тұрғылықты жері және заңды мекенжайы

1. Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.

2. Он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады.

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Азаматтың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекетпен қарым-қатынастарында пайдаланатын заңды мекенжайы болады.

Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекенжайы болып танылады.

4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтың тұрғылықты жерi және заңды мекенжайы туралы ақпарат оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.

 

17-бап. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi

1. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.

2. Заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.

3. Егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.

 

18-бап. Құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiнен айыруға және оларды шектеуге жол бермеу

1. Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмнiң де құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге болмайды.

2. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiн шектеудiң заң құжаттарында белгiленген шарттары мен тәртібінiң немесе олардың кәсiпкерлiк не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиiстi шектеудi белгiлеген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкелiп соқтырады.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелерге заңнамалық актілерде рұқсат берiлген жағдайларды қоспағанда, азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнен немесе әрекет қабiлеттiлiгiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және осындай мәмiлелер маңызсыз болады.

 

ҚР 02.07.97 ж. № 144-I; 24.12.01 ж. № 276-II ; 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2010.30.06. № 297-IV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді

19-бап. Азаматтардың кәсiпкерлiк қызметi

1. Азаматтар, осы Кодексте және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқылы.

2. Дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіреді.

3. Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметiне, егер заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнiнен өзгеше нәрсе туындамайтын болса, тиiсiнше осы Кодекстiң коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге жатады.

4-1. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Егер дара кәсіпкер лицензиялануға жататын қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы міндетті.

Лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі дара кәсіпкерлерге лицензиялар берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.

 

20-бап. Азаматтың мүлiктiк жауапкершiлiгi

1. Азамат өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi бүкiл мүлiкпен жауап бередi, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндiрiп алуға болмайтын мүлiктер кiрмейдi.

2. 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

20-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы

1. Кредитордың (кредиторлардың) талаптарын қанағаттандыруға қабілеті болмаған кезде азаматқа «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда және тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылады.

2. Осы баптың күші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қолданылмайды.

 

ҚР 02.07.97 ж. № 144-I Заңына сәйкес 21-бап жаңа редакцияда; 02.03.98 ж. № 211-I; 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 225-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 21-бап өзгертілді; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21-бап. Дара кәсіпкердің банкроттығы

1. Дара кәсiпкердiң дәрменсiздiгi (осы Кодекстiң 52-бабы) оны банкрот деп тануға негiз болып табылады.

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Дара кәсіпкердің банкроттығы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi түрде танылады. Дара кәсiпкердің банкроттық рәсімінің аяқталуы туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.

3. Дара кәсiпкерге банкроттық рәсiмдерiн қолданған кезде оның кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер бойынша кредиторлары, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi басталған болса, өз талаптарын қоюға да құқылы. Көрсетілген кредиторлардың осындай тәртiппен мәлiмделмеген талаптары, сондай-ақ мүліктік массадан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады және банкроттық рәсiмдері аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерге өндiрiп алынуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына азайтылады.

 

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды

21-1-бап. Дара кәсіпкерге қатысты оңалту рәсімдері

Дара кәсіпкер ретінде тіркелген борышкердің кәсіпкерлік қызметінің тоқтауын болғызбау мақсатында оған оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген шаралар қолданылуы мүмкін.

Бұл шаралар оңалту рәсімі шеңберінде іске асырылады, оны жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалады.

 

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді  (бұр.ред.қара)

22-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi

1. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi олардың заңды өкілдерінің келісімiмен жасайды. Мұндай келісімнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс.

2. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы.

2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда сот кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.

4. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiнен келтiрiлген зиян үшiн осы Кодекстiң ережелерi бойынша жауап бередi.

 

2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 22-1-бап өзгертілді  (бұр.ред.қара)

22-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация)

1. Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе оның заңды өкілдерінің келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін.

2. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) оның заңды өкілдерінің келісімімен қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша не ондай келісім болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

3. Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ие болу үшін жас шектеуі белгіленген құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және міндеттерді (оның ішінде өзінің зиян келтіруі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) мойнына алады.

Заңды өкілдер эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның міндеттемелері бойынша жауапты болмайды.

 

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді  (бұр.ред.қара)

23-бап. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабiлеттiлiгi

1. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшiн мәмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан заңды өкілдері жасайды.

2. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы.

 

24-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының кәмелетке толмағандардың мәмiле жасауына және кәмелетке толмағандар үшiн мәмiле жасауға келісімi

Заң құжаттарында кәмелетке толмағандардың мәмiле жасауына және кәмелетке толмағандар үшiн мәмiле жасауға қорғаншылық және қамқоршылық органының алдын ала келісімi талап етiлетiн жағдайлар белгiленуi мүмкiн.

 

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

25-бап. Кәмелетке толмағандардың банкiлерге салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы

1. Кәмелетке толмағандар банкiлерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға дербес билiк етуге құқылы.

2. Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) атына басқа бiреудiң салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi билiк етедi, ал он төрт жасқа толған кәмелетке толмағандар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.

 

26-бап. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тану

1. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi.

2. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмiлелердi оның қорғаншысы жасайды.

3. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуiр жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабiлеттiлiгi бар деп таниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.

 

27-бап. Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн шектеу

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексiнде белгiленген тәртiп бойынша шектеуi мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi. Ол тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Басқа мәмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кiрiстерiн алуды және оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келісімiмен ғана жүзеге асыра алады.

2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Азамат құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жояды. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады.

 

28-бап. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану

1. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тануы мүмкiн.

2. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi, ал бұл айды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда келесi жылғы бiрiншi қаңтар хабар-ошарсыз кетудiң басталған күнi деп есептеледi.

 

29-бап. Хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкiн сақтау

1. Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкiне сот шешiмiнiң негiзiнде қорғаншылық белгiленедi. Осы мүлiктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға мiндеттi адамдарды асырауға қаражат берiледi және хабар-ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқа да мiндеттемелер бойынша берешегi өтеледi.

2. Мүдделi адамдардың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлiктi сақтау және басқару үшiн хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жерi туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн де қорғаншы тағайындай алады.

 

30-бап. Хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмнiң күшiн жою