Басқа мемлекеттер эмитенттерінің шығарған құнды қағаздарын Қазақстан Республикасындағы айналысқа жіберу туралы ЕРЕЖЕ Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1996 ж. 17 мамырдағы № 53 қаулы (күші жойылды)

Басқа мемлекеттер эмитенттерiнiң шығарған құнды қағаздарын Қазақстан
Республикасындағы айналысқа жiберу туралы ЕРЕЖЕ Қаулы
Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясы 1996 ж. 17 мамырдағы № 53


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 маусымдағы № 205 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды


Қазақстан Республикасының

Құнды қағаздар жөніндегі

ұлттық комиссиясының 1996

жылғы 17 маусымдағы

қаулысымен бекітілдi

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногындағы айналысқа басқа мемлекеттер эмитенттерiнiң шығарған корпоративтi құнды қағаздарын жiберу ережелерiн белгiлейдi. Шетел эмитенттерi құнды қағаздарының басқа түрлерi Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - ҚҚҰК) арнаулы рұқсаты негiзiнде жiберiледi.

2. Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа басқа мемлекеттер эмитенттерiнiң шығарған қағаздарын жiберу, осы құнды қағаздарды белгiленген тәртiппен ҚҚҰК Шетел эмитенттерi құнды қағаздарының Мемлекеттік реестрiне енгізу болып табылады.

3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң, Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Заң күшi бар Жарлығының нормаларына сәйкес жасалды. Құнды қағаздар рыногын реттеу жөніндегі мемлекетаралық келісімдер қабылданған жағдайда, Ереже қабылданған мемлекетаралық келісімдерге сәйкестендiрiлуге жатады.

4. Ережеде төмендегiдей ұғымдар қолданылды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.