2. Тұрғын үй төлемдерін алушы:
2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тұрғын үй төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарға жұмсауға;
2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тұрғын үй төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарда пайдалану фактісі бойынша оқиға басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті растайтын шарттарды қоса бере отырып, қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемені бұл туралы баянат арқылы хабардар етуге;
3) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы қызмет өткеретін мемлекеттік мекемені азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куəлік, анықтама берілген не сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде баянат арқылы хабардар етуге;
4) тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып орындаған кезде, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы меншік құқығы туындаған кезде осы міндеттемелер орындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемені бұл туралы хабардар етуге;
5) қызмет өткеретін жерінде тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемесі болған кезде өзінің жеке арнайы жəне жинақ шоттарындағы артық тұрғын үй төлемдерін қабылданған міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге жыл сайын жіберуге;
6) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшелерінде тұрғынжайға меншік құқығы туындаған жағдайда, бұл туралы қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемені тұрғынжайға меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде баянат арқылы хабардар етуге;
7) қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекеменің талабы бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдері аударылатын өзінің жеке арнайы жəне жинақ шоттарындағы ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмені ұсынуға;
2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мақсаттарға пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын өзі қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекеменің шотына қайтаруға міндетті.
101-7-бап. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-8-бап өзгертілді
101-8-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қолсұғылмаушылық кепілдіктері
Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттемелері бойынша тұрғын үй төлемдері есепке жатқызылатын жеке арнайы шот ретінде ашылған банктік шоттар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мақсаттар үшін жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасына тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғынжайға жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақша бюджетке алып қоюға жатпайды, иесінің немесе басқа адамдардың міндеттемелері бойынша кепіл немесе өзге де ауыртпалық нысанасы бола алмайды.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-9-баптың тақырыбы өзгертілді; 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-9-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-9-бап. Қайтыс болған (қаза тапқан), хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелерінің, мұрагерлерінің құқықтары
2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы қайтыс болған (қаза тапқан), оны заңда белгіленген тəртіппен хабарсыз кетті деп таныған немесе қызмет өткеру кезінде қайтыс болды деп жариялаған жағдайларда оның отбасы мүшелерінің, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлерінің тұрғын үй төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен пайдалануға құқығы бар.
2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшелеріне біржолғы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жүргізіледі.
3. Біржолғы тұрғын үй төлемдері, егер тұрғын үй төлемдерін алушының қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
3) психикалық белсенді заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну жəне масаң күйі салдарынан;
4) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзіне қасақана қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;
5) қызмет өткеру туралы келісімшарттың талаптарын бұзған тұрғын үй төлемдерін алушының əрекеттері салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дəлелденсе, төленбейді.
2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның 101-1-бабының 4 немесе 5-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін алмаған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне (немесе) əскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оларды алу құқығы олардың отбасы мүшелеріне өтеді.
5. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелері басқа тұрғынжай өтеусіз негізде берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайдан шығарыла алмайды.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-10-баптың тақырыбы өзгертілді; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-10-бап өзгертілді
101-10-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелері
Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелеріне:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жұбайы (зайыбы);
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен үгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) жатады.
Бала (балалар) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшесі (мүшелері) ретінде бір рет жəне олардың таңдауы бойынша ата-аналарының біреуінде ғана есепке алынады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 101-11-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 101-11-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-11-бап. Ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдары санатына жататын қызметкерлерге қызметтік тұрғынжай беру немесе жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Осы баптың 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ішкі істер органдарының қызметкері не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, оның жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкері не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) жəне 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, оның жеке арнаулы шотына тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызынан аспайтын мөлшерде тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Бұл ретте азаматтық қорғау органының қызметкері мен оның отбасы мүшесіне арналған тұрғынжай алаңы қызметкердің өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен, бірақ тоқсан шаршы метрден аспайтын мөлшерде айқындалады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы ішкі істер органы қызметкерінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы, азаматтық қорғау органы қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Ішкі істер органының, азаматтық қорғау органының әрбір қызметкері жеке арнайы шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тұрғын үй төлемдерін ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік мекемесі олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары, қызметкерлерінің осы тұрғынжайда тұру және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығы сақталады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері не олардың зайыбы (жұбайы):
1) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
2) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса, төленбейді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Ішкі істер органдарында, азаматтық қорғау органдарында қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органы, азаматтық қорғау органы қызметкерінің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайынан шығарылмайды.
Ішкі істер органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) және оның осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жəне оның осы Заңның 101-5-бабының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа сəйкес, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді, оны жүзеге асыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) кезде алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен төмен болмайды.
Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің, егер ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;
4) қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;
5) қызметкердің ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттарын бұзған әрекеттерінің салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, тұрғын үй төлемдеріне құқықтары болмайды.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Шетелге қызмет өткеру үшін жіберілген ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғынжайлары және (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдері шетелде болатын барлық уақытына сақталады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сақталады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, əскери-дəрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа сəйкес, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде жəне тəртіппен сақталады.
Осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтынуы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.
101-12-бап. - 101-14-бап. 2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-15-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен 101-15-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-15-бап. Кейбір тұрғын үй төлемдерін алушылар құқықтарының ерекшеліктері
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) тұрғынжайды меншікке алу, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану арқылы алу;
2) кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;
4) тұрғын үй жəне тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;
5) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындағанға дейін ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.
Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жағдайларда тоқтатылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің күші қызметтен шығарылған адамдарға қолданылмайды.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-тараудың тақырыбы өзгертілді
14-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығын тоқтату
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 102-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
102-бап. Жалдаушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелері тұрақты тұру үшін басқа жаққа көшіп кеткен жағдайда тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 103-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 103-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
103-бап. Жалға берушінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу