«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Бұл ретте азаматтық қорғау органының қызметкері мен оның отбасы мүшесіне арналған тұрғынжай алаңы қызметкердің өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен, бірақ тоқсан шаршы метрден аспайтын мөлшерде айқындалады.

Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы ішкі істер органы қызметкерінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.

Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы, азаматтық қорғау органы қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.

Ішкі істер органының, азаматтық қорғау органының әрбір қызметкері жеке арнайы шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тұрғын үй төлемдерін ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік мекемесі олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары, қызметкерлерінің осы тұрғынжайда тұру және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығы сақталады.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері не олардың зайыбы (жұбайы):

1) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;

2) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;

3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса, төленбейді.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Ішкі істер органдарында, азаматтық қорғау органдарында қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органы, азаматтық қорғау органы қызметкерінің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайынан шығарылмайды.

Ішкі істер органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) және оның осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жəне оның осы Заңның 101-5-бабының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа сəйкес, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді, оны жүзеге асыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) кезде алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен төмен болмайды.

Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің, егер ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы):

1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;

4) қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;

5) қызметкердің ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттарын бұзған әрекеттерінің салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, тұрғын үй төлемдеріне құқықтары болмайды.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Шетелге қызмет өткеру үшін жіберілген ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғынжайлары және (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдері шетелде болатын барлық уақытына сақталады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сақталады.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, əскери-дəрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа сəйкес, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде жəне тəртіппен сақталады.

Осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтынуы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.

 

101-12-бап. - 101-14-бап. 2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-15-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен 101-15-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

101-15-бап. Кейбір тұрғын үй төлемдерін алушылар құқықтарының ерекшеліктері

1. Тұрғын үй төлемдерін алушы:

1) тұрғынжайды меншікке алу, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану арқылы алу;

2) кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу;

3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;

4) тұрғын үй жəне тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;

5) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындағанға дейін ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.

Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жағдайларда тоқтатылады.

Осы баптың бірінші бөлігінің күші қызметтен шығарылған адамдарға қолданылмайды.

 

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-тараудың тақырыбы өзгертілді

14-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығын тоқтату

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 102-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

102-бап. Жалдаушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелері тұрақты тұру үшін басқа жаққа көшіп кеткен жағдайда тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 103-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 103-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

103-бап. Жалға берушінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушінің талап етуімен осы Заңда белгіленген негіздер бойынша ғана бұзылуы мүмкін.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған жағдайда, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да негіздер бойынша жалдаушы (қосымша жалдаушы) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда ол сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Ата-анасының қамқорлығысыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қатысты мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер берілместен тұрғын үйді босату немесе одан шығару туралы талаптар қоюға жол берілмейді.

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 104-бап өзгертілді; 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 104-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

104-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы тұрғын үйді босату

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтар өздеріне тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріле отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатады.

2. Осы Заңның 91-бабының 1-тармағында және 103-бабының 3-тармағында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Үйді босату туралы талап етушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi.

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 105-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

105-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беру арқылы үйді босату негiздерi

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мына реттерде:

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) егер көппәтерлі тұрғын үй жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты бұзылуға жататын болса;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) егер көппәтерлі тұрғын үй одан әрі тұру (болу) үшін жарамсыздығына байланысты қайта жабдықтауға жататын болса;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) егер көппәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылса;

4) тұрғын үйдi күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұру жағдайы айтарлықтай өзгерсе (осы Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтары);

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы мүмкін, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) өзіне тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп тұрғын үйді босатады.

2. Босатылған үйдiң орнына берiлетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының, 106-бабындағы 2, 3, 4-тармақтардың талаптары мен ережелерiне сай келуге тиiс.

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 106-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 106-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

106-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді босатуына байланысты азаматтарға берiлетiн тұрғын үй

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатуына байланысты азаматтарға берілетін басқа тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының талаптарына сай келуге және олар босатқан тұрғын үйдің көлемінен кем болмауға тиіс.

2. Егер жалдаушы (қосымша жалдаушы) бұрын бiр бөлмеден артық алаңда тұрған болса, оған сонша бөлмелер санынан тұратын жеке тұрғын үй берiлуге тиiс.

3. Егер жалдаушыда (қосымша жалдаушыда) артық алаң болса, тұрғын үй осы Заңның 75-бабындағы 1-тармақта көзделген нормаларға сәйкес берiледi, ал қосымша алаңға құқығы бар жалдаушыға (қосымша жалдаушыға) немесе онымен бiрге тұратын адамға - қосымша алаңға құқығы ескерiле отырып берiледi.

4. Бұзылатын үйде кемiнде он бес жыл тұратын азаматтарға олардың қалауы бойынша басқа жайлы тұрғын үй бұзылған құрылыстың орнына немесе соған жақын жерден салынған тұрғын үйлерден берiледi. Бұл азаматтар осындай тұрғын үй берiлгенге дейiн осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.

2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Тұру үшiн жарамды тұрғынжай осы елдi мекен шегiнде болуға әрі санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келуге тиiс.

Көшiп-қону азаматтың тұрғын үй жағдайының, осы Заңның 69-бабында көрсетiлгенiндей, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждыққа әкелiп соқтырмауға тиiс. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) осы Заңның 105-бабындағы 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда көшiп-қонуға байланысты шығындарын жалға берушi өтеуге тиiс.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы Заңның 105-бабында көзделген негiздер бойынша азаматтардың тұрғын үйді босатпауына байланысты оларды шығаруға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.

Осы Заңның 108-бабындағы 2-тармақта көзделген жағдайдан басқа реттерде, жалға алушыны шығару туралы сот шешiмiнде шығарылған адамға берiлетiн тұрғын үй, осы тұрғын үй орналасқан мекен-жай көрсетiле отырып жүргiзiлуге тиiс.

 

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 107-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

107-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан басқа тұрғынжай берілмей тұрғынжайды босату негіздері

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан, егер:

1) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұрғынжайды үнемі қиратса немесе бүлдірсе;

2) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұру (болу) шарттарын үнемі бұзу арқылы басқа адамдардың өздерімен бір тұрғынжайда немесе бір көппəтерлі тұрғын үйде тұруына мүмкіндік бермесе;

3) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері дəлелді себептерсіз тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса;

4) адамдар ата-аналық құқығынан айырылған болса жəне олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бірге тұруы мүмкін емес деп танылса;

5) адам тұрғынжайға өз бетімен басып кіріп алса;

6) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мұрагерлік, сыйға тарту тəртібімен тұрғынжайды меншікке сатып алуды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы), жалға алушының (қосымша жалға алушының) жұбайы (зайыбы) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеріне қарамастан, меншік құқығындағы тұрғынжайды сатып алса, басқа тұрғынжай берілмей шығаруға, тұрғынжайды босатуға жол беріледі.

Мұрагерлік, сыйға тарту тəртібімен тұрғынжайды сатып алған жағдайда, жалдаушы (қосымша жалдаушы), жалдаушының (қосымша жалдаушының) жұбайы (зайыбы) он екі ай ішінде сатып алынған тұрғынжайды иеліктен шығаруға не мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды қайтарып беруге міндетті;

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) осы Заңның 111-бабында (101-бабының 3, 4 немесе 4-1-тармақтарында, 109-бабының 2, 2-1 немесе 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда) жəне 114-бабында көзделген негіздер туындаса;

9) осы Заңның 85 жəне 86-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартын жаңа мерзімге қайта жасасудан жергілікті атқарушы органнан хабарлама алған күннен бастап үш ай бойы жалтарса;

10) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері жалға берушінің жазбаша келісімінсіз тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты бойынша тұрғынжайға тұрғындарды кіргізсе не оған уақытша тұрғындарды тұрғызса;

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартының талаптарын үнемі бұзса, басқа тұрғынжай берілмей шығаруға, тұрғынжайды босатуға жол беріледі.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тұрғын үй босатылмаған жағдайда, азаматтар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

108-бап. Тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жарамсыз деп танудың салдары

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың көрінеу құқыққа сыйымсыз әрекеттері салдарынан тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда, олар тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Егер тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, шартта аталған азаматтар тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде өздерінің бұрын тұрып келген тұрғын үйі немесе тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін. Басқа тұрғын үй беру міндеті шартты жарамсыз деп тануға әрекеті негіз болған заңды тұлғаға жүктеледі. Бұл жағдайда соттың шешімінде берілетін тұрғын үйдің мекенжайы көрсетілмеуі мүмкін.