«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

3. Жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасу кезінде заңсыз әрекетке жол берген лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

 

 

15-тарау. Қызметтiк тұрғын үйлердi және мемлекеттік

тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын бөлмелердi пайдалану

 

2004.20.12 № 13-III Заңымен 109-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 109-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

109-бап. Қызметтiк тұрғын үйлер

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қызметтік тұрғынжайлар өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды жалдау шарты бойынша қоныстандыруға арналады.

2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердің жұмыскерлері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары мен судьялар, егер олар мемлекеттiк қызметте, бюджеттiк ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттiк сайланбалы лауазымда болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:

1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;

2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) зейнеткерлікке шығуына байланысты;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымында болу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.

Қызметтiк тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар, егер олар қызметтік тұрғынжайда кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді

2-1. Еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен он жəне одан көп жыл болған əскери қызметшілер немесе құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ əскери қызметтен, құқық қорғау органдарындағы қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар жекешелендіруге жататын, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.

Еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен жиырма жəне одан көп жыл болған əскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ əскери қызметтен, құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар жекешелендіруге жататын, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.

Әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған, осы тармақта аталған, қызметтік тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Əскери қызметші немесе құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның отбасы мүшелерінің осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтік тұрғынжай алуға жəне оны өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.

3. Қызметтiк тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Осы баптың 2, 2-1 немесе 2-2-тармақтарында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады. Бұл тұрғын үйді жалдаушының кейіннен жекешелендіруі үшін ол коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады.

 

2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 110-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Еңбек қатынастарының сипатына қарай өз міндеттерін орындау кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматтарын, оның ішінде лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабы бойынша ауыстырылған мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарын қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру жəне оны пайдалану тəртібін уəкілетті орган айқындайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды пайдалануға осы Заңның 90, 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.

Лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына ротациялау орны бойынша қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, еңбек қатынастарының сипатына қарай міндеттерін орындау кезеңіне тиісті төлемдер беріледі.

Ротациялық төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ротациялық төлемдердің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік органды көшіру кезіндегі төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жəрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру жəне қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларына сəйкес жүргізіледі.

Бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезіндегі төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жəрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру жəне қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларына сəйкес жүргізіледі.

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға берілетін қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71, 72, 73, 74, 90, 93 және 95-баптарының күші қолданылмайды.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Қызметтік тұрғынжай осы Заңда көзделген шарттарда және тәртіппен басқа қызметтік тұрғынжайға айырбасталуы мүмкін.

 

2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 111-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 111-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

111-бап. Қызметтік тұрғынжайларды босату және олардан шығару

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастарына байланысты қызметтік тұрғынжай берiлiп, ол қатынастарды тоқтатқан жұмыскерлер, оның ішінде лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттары басқа тұрғын үй-жай берiлместен өздерiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса қызметтік тұрғынжайды босатады. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді

1-1. Әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды жекешелендіру құқығы жоқ адамдар өздерімен тұрып жатқан барлық адамдармен қоса басқа тұрғынжай берілместен қызметтік тұрғынжайды босатады. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Аталған негiздер бойынша, осы бапта көзделген негіздер бойынша қызметтік тұрғынжайды босату туралы талап еңбек қатынастарын тоқтатқан күннен бастап үш жылдың iшiнде қойылуы мүмкiн.

ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 112-бап өзгертілді; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 112-бап өзгертілді

112-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай беру тәртібі

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай кәсiпорын, мекеме әкiмшiлiгiнiң шешiмi бойынша еңбек шартымен жұмыс iстейтiн кезеңiнде, сондай-ақ студенттер (курсанттар, кадеттер, аспиранттар, тыңдаушылар) мен оқушылардың оқуы кезеңiнде тұруы үшiн берiледi.

Шешiмде жатақханадан тұрғын үй-жай берiлген адаммен бiрге тұрғызылатын барлық адамдар аталуға тиiс. Басқа адамдарды тұрғызуға тыйым салынады.

 

113-бап. 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 114-бап өзгертілді; 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 114-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

114-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақхананы босату және одан шығару

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерімен қоса өздеріне жұмысына немесе оқуына байланысты берілген мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханасын босатуға тиіс.

Осы талап орындалмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар басқа тұрғын үй-жай берілместен сот тәртібімен шығарылуға жатады.

Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлме үлгісіндегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңның 107-бабында көзделген негiздер бойынша да басқа тұрғын үй-жай берілместен жатақханаларды босатуы, олардан шығарылуы мүмк.

 

 

5 БӨЛIМ

16-тарау. Тұрғын үй беру жөніндегі шарттық мiндеттемелер

 

115-бап. 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 10.07.01 ж. № 227-II Заңымен 116-бап өзгертілді

116-бап. Орнына басқа тұрғын үй беру жағдайымен бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi босату туралы шарт

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үйлердi бұзған жағдайда жергілікті атқарушы орган мен меншiк иелерiнiң (жалдаушылардың) арасында бұзылған тұрғынжайлардың орнына бұрынғы меншiк иелерiне (жалдаушыларға) нақ сол немесе басқа жер учаскесіндегі жаңадан салынған басқа тұрғынжайларды меншiкке (жалдауға) беру туралы шарт жасалуы мүмкiн.

Бұл жағдайда жергілікті атқарушы орган меншiк иесiне (жалдаушыға) сол Заңның 75-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге мiндеттi, ал бұзылуға тиiстi тұрғын үй иелерi (жалдаушылар) өздерi тұратын тұрғынжайды шартта көрсетiлген мерзiмде босатуға мiндеттi. Тараптардың келісімi бойынша шартта тұрмысқа жайлы тұрғын үй берудiң өзге де жағдайлары мен мерзiмдерi, мүмкiн болатын өтемақы сомасы, тұрғын үйдiң көлемi, қабаты, бөлмелер саны, отбасының құрамы және басқа тараптардың мүддесiн қозғайтын жағдайлар көрсетiледi.

Тұрғын үй тиiсiнше меншiкке немесе пайдалануға берiлуi мүмкiн.

Тұрмысқа жайлы тұрғынжай берiлгенге дейiн көшiрiлуге тиiстi азаматтар осы елдi мекенде орналасқан әрi санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келетiн уақытша тұрғынжайларға (олардың келiсiмiмен) орналастырылады. Уақытша тұрғынжайға ақы төлеу жөніндегі шығындар жергілікті атқарушы органға жүктеледi.

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Егер тұрмысқа жайлы тұрғын үй шартта көрсетiлген мерзiмде берiлмесе, жергілікті атқарушы орган соттың шешiмi бойынша өз қаражаты есебiнен тұрған үйiнен айрылған меншiк иесiне (жалға алушыға) шарттың ережелерiнде көзделген талаптарға сәйкес басқа тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ шарттық мiндеттемелердiң бұзылуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi болады.

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 116-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

116-1-бап. Тұрғынжайды реновациялау

1. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сəйкес тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уəкілетті ұйымды жəне (немесе) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты жасасқан уəкілетті компанияны тарта отырып, қаржыландыру тетігін жəне оны іске асыру өлшемшарттарын, оның ішінде реновациялауға жататын объектілердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне өтеу тəртібі мен шарттарын белгілейді.

2. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына енген көппəтерлі тұрғын үйлердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне тұрып жатқан адамдар санына қарамастан, техникалық паспорттарға сəйкес «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша қолданыстағы пəтерлердің орнына жаңа пəтерлер меншікке беріледі. Бұл ретте жаңа тұрғын үйдегі тұрғын бөлмелер саны қолданыстағы тұрғын бөлмелердің санынан кем болмауға тиіс.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптар бойынша берілген жəне сүрілетін тұрғынжайдың көлемінен асатын, тұрғынжайды реновациялау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі уəкілетті ұйымның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай алаңы артық болып есептелмейді.

4. Жеке тұрғын үйлердің немесе тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне олардың құны өтеледі не тараптардың келісімі бойынша тең дəрежелі тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлар беріледі.

5. Тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін жергілікті атқарушы органдар егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары шеңберінде айқындайды.

6. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрғынжайды реновациялауға жататын көппəтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелерінде мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мəжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.

7. Реновациялау объектілерін сүруге барлық меншік иелерінің келісімі болған жағдайда ғана тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы шеңберінде жол беріледі.

8. Жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уəкілетті ұйымды айқындайды жəне қаржыландырады.

Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уəкілетті ұйымды қаржыландыру жергілікті бюджет жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

9. Жергілікті атқарушы орган сүрілген реновациялау объектілерінің орнына тұрғынжай салуды тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына сəйкес ұйымдастырады. Бұл ретте сүру жергілікті бюджет қаражаты жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.

10. Реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасқан уəкілетті компания тұрғынжайды реновациялауды «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырған кезде тұрғынжайды сүру уəкілетті компанияның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

 

6 БӨЛIМ

17-тарау. Өтпелi ережелер

 

117-бап. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтар кезегiнiң сақталуы

1. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұрған азаматтар осы Заң күшiне енгiзiлген кезден бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан бұрынғы тәртiппен тұрғын үй алу құқығын сақтайды.

2. Мемлекеттік кәсiпорындардың тұрғын үй қоры мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органға тұрғын үй қорымен бiрге жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтардың тiзiмi де берiледi.

Бұл орайда тұрғын үй қоры берiлген кезде жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын адамдар оларды жұмыс орны бойынша есепке қабылдау күнiн негiзге ала отырып тұрғылықты жерi бойынша жасалған тiзiмге енгiзiледi. Егер аталған адамдар тұрғылықты жерi бойынша да есепке тұрса, олар арыз берушiнiң таңдауымен жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша есепке қойылған күнiне қарай тiзiмге енгiзiледi.

Жергiлiктi атқарушы органдар тұрғын үйге мұқтаждар тiзiмiне өзгерістердi осы Заңның 78-бабында белгiленген тәртiп бойынша, енгiзiлген өзгерістер себебiн көрсету және анықтау арқылы он күн мерзiм iшiнде жария етедi.

ҚР 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 118-бап өзгертілді

118-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте және кезектен тыс тұрғын үй беру

1. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үй:

2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

2) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған және бұрын «Ардақты ана» атағы берiлген аналарға, сондай-ақ Даңқ, Еңбек Даңқы, «КСРО Қарулы Күштерiнде Отанға қызмет еткенi үшiн» ордендерiмен марапатталғандарға;

3) азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде және КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлiк операциялар кезiнде ұрыс қимылдарын жүргiзген армия құрамында болған адамдарға, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандарына, жауынгер-интернационалистерге, сондай-ақ КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі жауынгерлiк операцияларға қатысқан басқа да адамдарға;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда);

5) мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртібін қорғау кезiнде не өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқан адамдардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң (партизандардың) отбасыларына;

6) заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдарға;

7) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша экологиялық зiлзалалардың, Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ азаматтық және әскери мақсаттағы басқа да ядролық объектiлердегi жарылыстардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарға;