2. Азаматтар мен үкiметтiк емес ұйымдар (бiрлестiктер, қауымдастықтар) осы Заңның 42-бабында аталған өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа нысандарда да жүзеге асыруға құқылы.
6 тарау. ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУДI ЖӘНЕ ОНЫ
КӨРСЕТКЕН КЕЗДЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ
САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДIҢ МЕМЛЕКЕТТIК
КЕПIЛДIКТЕРI ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ
ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТТI БАҚЫЛАУ
2004.20.12 № 13-III Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
44-бап. Психиатриялық жәрдемнің толық және сапалы
көрсетiлуiнiң мемлекеттік кепiлдiктерi
1. Мемлекет меншiк нысандарына қарамастан психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдар, оның iшiнде жеке жұмыс iстейтiн психиатр-дәрiгерлер көрсететiн психиатриялық жәрдемнің толық және сапалы болуына:
психиатр-дәрiгерлердi кәсiби даярлау және қайта даярлау жүйесi мен психиатриялық практикамен айналысу құқығына лицензиялар беру;
емдеудiң және психиатриялық жәрдем көрсетудiң әдiстерi мен құралдарының бiрыңғай жүйесiн қолдану;
психиатр-дәрiгерлер мен психоневрологиялық ұйымдардың кәсiби қызметiн мемлекеттік бақылау жүйесi;
психиатриялық және психоневрологиялық емдеу ұйымдары жанындағы құқықтық көмек пен заң көмегiнiң жүйесi арқылы кепiлдiк бередi.
2. Психиатр-дәрiгерлердiң, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдардың кәсiби қызметiне мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
45-бап. Психиатриялық жәрдем көрсету кезiнде заңдылықтың
және адам құқықтарының сақталу кепiлдiктерi
Психиатриялық жәрдем көрсету кезiнде заңдылықтың және адам құқықтарының сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары жүзеге асырады.
46-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының