2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
12) нотариус Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бұзған;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
13) нотариус осы Заңның 4-3-бабында көзделген нотариаттық əрекеттерді жасағаны туралы мəліметтерді бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге енгізу мерзімдерін бірнеше (он екі ай ішінде екі жəне одан көп) рет бұзған жағдайларда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, нотариус лицензиясының қолданысы:
1) нотариус мемлекеттік қызметте болған;
2) нотариус мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылатын негізде өз қызметін атқаратын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты немесе мəслихат депутаты болып сайланған;
3) нотариус мерзімді əскери қызметті өткерген;
4) өз өкілеттігін орындамауы туралы нотариустың өтінішінде көрсетілген кезеңге тоқтатыла тұрады.
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Нотариус лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда көрсетілген мерзімге:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайда - сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін жасаған жағдайда - үкім заңды күшіне енгенге дейін;
3) прокурор айыптау хаттамасын, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен жəне қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тəртіппен процестік келісім жасаумен аяқталған жағдайда - сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Тоқтата тұруға себеп болған, осы баптың 2-тармағында көзделген мән-жайлар жойылған кезде, нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың жойылғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде лицензиар лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім шығарады.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын қайта бастау нотариустың өтініші бойынша лицензиардың шешімі негізінде күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.
4. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық iс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың жеке мөрiн аумақтық әдiлет органына тапсыруына әкеп соғады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешім лицензиардың интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы нотариус, нотариаттық палата хабардар етіледі.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Нотариус лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық əділет органы мен нотариаттық палата, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, нотариустың қағаздағы жəне электрондық түрдегі құжаттарын Қағидаларда көзделген тəртіппен басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
ҚР 11.07.01 ж. № 235-II Заңымен; 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Нотариусты лицензиясынан айыру
Прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда:
1) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) жекеше нотариус Нотариустың әдеп кодексiн бiрнеше (екі жəне одан көп) рет бұзғанда;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) нотариус нотариаттық əрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше (екі жəне одан көп) рет бұзғанда;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) нотариус Қазақстан Республикасының заңнамасын мемлекеттің, жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріп бұзғанда;
4) лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда;
5) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) нотариустың көмекшісінің және (немесе) тағылымдамадан өтушісінің нотариустың мөрін пайдалану және нотариус үшін нотариаттық актіге қол қою фактісі анықталғанда;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз беру фактісі анықталғанда;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның 10-бабының 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;
7) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органын хабардар етпей жүзеге асырғанда;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9) нотариус Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бірнеше (екі жəне одан көп) рет бұзғанда нотариус лицензиясы кері қайтарып алынады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату
1. Лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
1) нотариус өз тiлегiмен өтiнiш бергенде;
2) нотариус азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайына кеткенде;
3) нотариус қайтыс болғанда;
4) қылмыс жасағаны үшін нотариусқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққанда;
5) нотариус заңдарда белгiленген тәртiппен iс-әрекет жасауға қабiлетсiз не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылғанда;
6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсiптiк мiндеттерiн атқаруы мүмкiн болмағанда (медициналық қорытынды негiзiнде);
7) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күшi тоқтатылады.
2. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату туралы ұсынысты тиiстi нотариат палатасы мен аумақтық әдiлет органы енгiзедi.
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Нотариус лицензиясының қолданысы тоқтатылған жағдайда аумақтық əділет органы мен нотариаттық палата, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, нотариустың қағаздағы жəне электрондық түрдегі құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнінде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшін алып қою жəне нотариустың мөрін жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
4. Нотариус лицензиясының күшi тоқтатылуына байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
13-бап. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Мемлекеттік нотариат кеңсесi
1. Мемлекеттік нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
2. Мемлекеттік нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметті жүзеге асыратын, нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005.31.01. № 1 қаулысымен күші жойылды
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық құпияны сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс.
Нотариус нотариаттық палатаның мүшелігіне кірген күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына өзінің үй-жайының орналасқан жерін көрсете отырып, нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен немесе нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.
Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы хабарламаны аумақтық əділет органына жібергенге дейін, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, өз сақтауында болатын қағаздағы жəне электрондық түрдегі барлық құжатын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беруге, нотариустың мөрін аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға міндетті.
5. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. Олар осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда бір үй-жайда бір немесе бірнеше нотариус жұмыс істей алады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Жекеше нотариустың қызметiн сақтандыру
1. Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ.
2. Нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Нотариустың құқықтары
Нотариус:
1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) консультация беруді жүзеге асыруға;
3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге;
4) 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге;
6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға;
7) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) татуластыру рәсімдерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сəйкес медиатор ретінде медиацияны жүргізуге;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) төрелік талқылауда төреші болып сайлануға (тағайындалуға);
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың цифрлық жүйелерінен мәліметтер алуға;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11) сенімгерлік басқаруға берілген жəне коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлестерден (акциялар пакеттерінен) жəне өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, пайдаланылуы кіріс əкелетін өзге де мүліктен кіріс алуға құқылы.
Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық түрде куəландырылуға тиіс.
Нотариус өзіне тиесілі облигацияларды, ашық жəне аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуге құқылы.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Консультация беру
Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға:
1) нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып табылады.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Нотариустың мiндеттерi
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Нотариус:
1) осы Заңның, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа данормативтiкқұқықтықактiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық әрекеттер, сондай-ақ электрондық тіркеуге байланысты әрекеттер жасауға;
2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге;
3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді және осы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге уақтылы енгізуге;
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-2) бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйемен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптарын сақтауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5) кәсiптiк әдептi сақтауға;
6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 7), 7-1), 8), 9), 10), 10) жəне 11) тармақшалар жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өз лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, қағаздағы жəне электрондық түрдегі құжаттарын Қағидаларда көзделген тəртіппен басқа нотариусқа беруге;
8) мөрін лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде - аумақтық əділет органына, лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға;
9) өз лицензиясының қолданысы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, өз сақтауында болатын қағаздағы жəне электрондық түрдегі барлық құжатын басқа нотариусқа беруге;
10) өз тегінің, атының, əкесінің атының (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне өзінің үй-жайы орналасқан жердің өзгеруі жөніндегі мəліметтерді бір ай ішінде аумақтық əділет органына ұсынуға;
11) бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық əділет органына жəне нотариаттық палатаға хабарлауға;
12) жеке тұлғалардың мəмілелері мен шарттары жөніндегі мəліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға;
13) кəсіби біліктілігін арттыруға міндетті.
2. 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Нотариустың қызметiн шектеу
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кəсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға немесе ақы төленетін өзге де қызметпен айналысуға;
2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылатын негізде өз қызметін атқаратын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты немесе мəслихат депутаты болып сайланған жағдайда нотариус міндеттерін орындауға;
4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға;
5) нотариустың мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің үй-жайынан тысқары жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Нотариаттық округ
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiске сәйкес бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық округ болып танылады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы
1. Нотариаттық округ шегіндегі мемлекеттік нотариустың қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жекеше нотариустың нотариаттық округ шегіндегі қызмет ету аумағын нотариаттық палата айқындайды.
Нотариус үй-жайды өзіне айқындап берілген аумақтың шегінен тыс жерде орналастыруға құқылы емес.
Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды уəкілетті орган Республикалық нотариаттық палатаның ұсынысы бойынша белгілейді.
Аумақтық нотариаттық палата халыққа жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы ақпарат беріп отырады.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Нотариустың қызмет ету аумағы осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында, сондай-ақ 54-бабында жəне 92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) жəне 8) тармақшаларында көзделген iс-әрекеттердi жасаған жағдайда сақталады. Басқа жағдайлардың бәрiнде жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық iс-әрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға арналған үй-жай осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Нотариаттық əрекеттер тиісті нотариаттық округтің шегінде мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы мүмкін.
Көшпелі нотариаттық iс-әрекеттер мүдделі адамның өтініші негізінде нақты адамға қатысты жасалады және тұрақты сипатта болмайды.