«Нотариат туралы» 1997 ж. 14 шілдедегі № 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2026.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Егер нотариаттық iс-әрекет мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттың куәландыру жазбасында (нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінде) оның мекенжайы мен уақыты көрсетіліп, нотариаттық іс-әрекеттің жасалған орны жазылады.

Егер тұлға нотариаттық əрекеттің жасалуына «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш білдірсе, онда нотариустың үй-жайы орналасқан жер осы нотариаттық əрекеттің жасалу орны болып есептеледі.

 

2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды

21-1-бап. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын айқындау критерийлері

1. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын уəкілетті орган аумақтық әділет органының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп берген ұсынымы бойынша мынадай критерийлерге:

1) нотариаттық округтегі халықтың саны мен тығыздығына;

2) өңірдің экономикалық дамуына, географиялық орналасуына, инфрақұрылымы мен басқа да ерекшеліктерінің болуына сүйене отырып бекітеді.

2. Бос орын пайда болған және ол екі айдың ішінде жекеше нотариустармен толықтырылмаған кезде аумақтық әділет органы тиісті нотариаттық округте штат санының шегінде мемлекеттік нотариус бірлігін енгізуге құқылы.

3. Егер кейіннен көрсетілген бос орынға жекеше нотариус орналасқан жағдайда, аумақтық әділет органы бір ай ішінде мемлекеттік нотариус бірлігін қысқартуға міндетті.

Бұл ретте аумақтық әділет органы:

1) жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеру және мемлекеттік нотариустың анықталған бұзушылықтарды жоюы;

2) мемлекеттік нотариустың іс жүргізуінде жатқан құжаттарды жекеше нотариусқа қабылдап алу-тапсыру;

3) мемлекеттiк нотариустың мөрiн алып қою және жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда; 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22-бап. Нотариустың мөрі, мөртабандары және электрондық цифрлық қолтаңбасы

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары болады.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Нотариустардың мөрінің бедерлері мен қолының үлгілері аумақтық әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады.

2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Нотариаттық әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды мемлекеттік нотариус үшін - аумақтық әділет органы, жекеше нотариус үшін аумақтық нотариаттық палата жүргізеді.

 Жекеше нотариустың мөрін дайындау - оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4. Электрондық құжаттармен нотариаттық әрекеттер жасауды және мәліметтерді бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге енгізуді нотариус электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырады.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

23-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау

Осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) тармақшасында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Аттестация туралы ережеге сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасау құқығын алу үшiн аумақтық әдiлет органында аттестациядан өтедi.

 

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

24-бап. Нотариустың және нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi

1. Нотариус және осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық, тәртiптiк және өзге де түрде жауапты болады.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жеке практикамен айналысатын нотариус өзінің кәсіптік міндеттері мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда, оны нотариаттық палата Қазақстан Республикасының заңнамасына, Нотариустың әдеп кодексіне сәйкес жауапқа тартады.

2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген нұқсанға мемлекет жауапты болмайды.

 

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды; 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 24-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24-1-бап. Нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясы

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Нотариаттың палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, Нотариустың әдеп кодексінің, нотариаттық палата жарғысының талаптарын, нотариаттық палатаға мүшелік шарттарын бұзғаны туралы жүгінімдерді, шағымдарды (бұдан әрі - шағым) қарау жөніндегі орган болып табылады.

Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының құрамына нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланатын, кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар кемінде төрт нотариус, сондай-ақ әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі енгізіледі.

Алынбаған тəртіптік жазасы жоқ нотариус нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып табылады.

Нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.

Бір адам бір реттен артық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағасы бола алмайды.

Шағымдарды қарау тәртібін Республикалық нотариаттық палата осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды.

Шағым келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралады.

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шағымдарды қарау кезінде шағымдарды жіберген адамдарды, сондай-ақ нотариаттық палатаның өздеріне қатысты шағым қаралатын мүшелерін өзінің отырыстарына шақыруға міндетті.

Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оны қарау әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Шағымды қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген көрсетілген адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) лицензиарға жəне (немесе) Республикалық нотариаттық палатаға нотариусты лицензиясынан айыру жөнінде талап қоюды дайындау туралы өтінішхат бере отырып, нотариаттық палатадан шығару.

4. 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шешімдер нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және көрсетілген орган оларды қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Осы баптың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдер нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісінің даусымен қабылдануы мүмкін.

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палатаның мүшесіне қатысты тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде нотариаттық палата шешімнің көшірмесін нотариаттық палатаның мүшесіне, сондай-ақ ол бойынша шешім қабылданған шағымды жіберген адамға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жібереді.

2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)  

6-1. Өзіне қатысты шағым қаралып жатқан адамның нотариаттық палатаға мүшелігі, егер оған қатысты тексеру жүргізіліп жатса немесе тəртіптік іс жүргізу қозғалса - тексеру немесе тəртіптік іс жүргізу аяқталғанға дейін, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясы бұзушылық туралы жəне тəртіптік жазалау шарасын қолдану туралы істі қарауды аяқтағанға дейін тоқтатылмайды.

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясында немесе сотта дау айтылуы мүмкін.

 

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды

24-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы

2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды қарайды, тәртіптік практиканы жинақтап қорытады.

Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы Республикалық нотариаттық палатаның съезі сайлайтын және оған есеп беретін Республикалық нотариаттық палатаның тәуелсіз органы болып табылады. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады.

Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының құрамына нотариаттық палатаның ұсынуы бойынша - кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар төрт нотариус, уəкілетті органның ұсынысы бойынша жұртшылықтың үш өкілі енгізіледі.

Алынбаған тəртіптік жазасы жоқ нотариус Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып табылады.

Республикалық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.

Бір адам бір реттен артық Республикалық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының құрамында бола алмайды.

2. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шағымды қарау кезінде шағымды жіберген адамды, сондай-ақ нотариаттық палатаның өзіне қатысты шағым қаралатын мүшесін өз отырысына шақыруға міндетті.

Шағымды қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған, аталған адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.

3. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижелері бойынша Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының:

1) шағымды қанағаттандырусыз, ал нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыруға;

2) нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шешімінің күшін жоюға;

3) істі нотариаттық палатаның тиісті тәртіптік комиссиясына жаңадан қарауға жіберуге және нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясын белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге құқығы бар.

Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, құқықты деп есептеледі.

Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.

4. Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорыту Республикалық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылады.

 

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 24-3-баппен толықтырылды

24-3-бап. Тәртіптік теріс қылықтар

1. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолдануға негіз болып табылады.

2. Нотариустың өз кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы немесе орындамауы, Қазақстан Республикасы заңнамасының, Нотариустың әдеп кодексінің, Республикалық нотариаттық палата органдары, нотариаттық палаталар шешімдерінің талаптарын бұзуы тәртіптік теріс қылық деп танылады.

3. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін.

 

25-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тарту шағымдану

Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға түскен шағымдарды азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларына сәйкес соттар қарайды.

 

3-тарау. Нотариаттық палата

 

2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

26-бап. Нотариаттық палата

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Нотариаттық палата жекеше практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылатын коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

2. Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.

3. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталардың міндетті мүшелігіне негізделген, оларды біріктіретін, коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды.

Нотариаттық палатаның жарғысында көзделген мүшелік жарналарды қоспағанда, нотариаттық палаталардың кіру жарнасын немесе өзге де жарналар мен төлемдерді алуына жол берілмейді.

 

2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды

26-1-бап. Нотариаттық палатаның басқару органдары

1. Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады.

Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне:

1) нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) нотариаттық палатаның төрағасын, басқарманың, ревизиялық және тәртіптік комиссиялардың мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін тоқтату;

3) нотариаттық палата қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) нотариаттық палата органдарының қызметі туралы есептерді бекіту;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есепті бекіту;

4) нотариаттық палатаның бюджетін бекіту жатады.

Нотариаттық палатаның жарғысында шешімдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады.

3. Басқарма мүшелері төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

4. Құрамына кемінде бес адам кіретін басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады.

5. Нотариаттық палата мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.

 

2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 26-2-баппен толықтырылды

26-2-бап. Нотариаттық палатаның төрағасы

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған жəне алынбаған тəртіптік жазасы жоқ нотариус сайланады.

Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.

Бұл ретте сол бір адам бір реттен артық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.

2. Нотариаттық палатаның төрағасы:

1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесін білдіреді;

4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 26-3-баппен толықтырылды

26-3-бап. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы

1. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылады.

2. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің қатарынан, бес адамнан аспайтын құрамда қалыптастырылады. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының мүшелері нотариаттық палатада өзге сайланбалы лауазымды атқаруға құқылы емес.

Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негіздерде өтеусіз жүзеге асырады.

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясын нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы төрт жыл мерзімге сайлайды.

4. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы кез келген уақытта нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы осы мақсатта нотариаттық палатаның бүкіл қаржылық құжаттамасына сөзсіз қол жеткізу құқығына ие. Нотариаттық палатаның органдары нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының талап етуі бойынша ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсініктер беруге міндетті.

5. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің кезекті жалпы жиналысына есеп ұсынады.

6. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының жұмыс тәртібін, есептер ұсыну мерзімділігін нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайды.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 11.06.03 ж. № 437-II ; 2010.15.07. № 337-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 27-бап өзгертілді; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді

27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi

1. Нотариаттық палата:

1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;

2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуға оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi;

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа реджакцияда (бұр.ред.қара)

3) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;»

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде Республикалық нотариаттық палатаға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;

5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады;

5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа реджакцияда (бұр.ред.қара)

6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;

7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi;

8) 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа реджакцияда (бұр.ред.қара)

9) жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық қызмет мәселелері бойынша жолданымдарын қарайды;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) жасалған нотариаттық әрекеттерді есепке алуды жүргізеді;

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) өзінің интернет-ресурсында:

нотариаттық палаталар мүшелерінің жаңартылған күйдегі тізімін;

Нотариустың әдеп кодексін;

нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені;

нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы, нотариаттық палатаның басқармасы қабылдаған шешімдерді;

нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорытуды;

нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;

нотариаттық палатаның қызметі туралы есептерді;

нотариаттық палатаның қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады;

2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды

13) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жекеше нотариустардың мөрлерін жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды беруді жүргізеді;

2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) жекеше нотариустар мөрлерінің бедерлері мен қолтаңбаларының үлгілерін аумақтық әділет органына жібереді.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Нотариаттық палатаның басқармасы:

1) нотариаттық палатаның жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша жұмысын ұйымдастырады;

2) нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысын шақырады, нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

3) нотариаттық палатаға мүшелікке қабылдауды жүзеге асырады, нотариаттық палатаға мүшеліктен шығарады;

4) Республикалық нотариаттық палатаға нотариаттық палатаның қызметі туралы қорытылған есептерді ұсынады;

5) 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) лицензиарға нотариусқа қатысты нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру және оның қолданысын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;

8) оң жұмыс тәжірибесін талдайды, қорытады және таратады;