«Нотариат туралы» 1997 ж. 14 шілдедегі № 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2026.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

9) нотариаттық палатаның қаражатына нотариаттық палатаның жарғысында айқындалатын және нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайтын тәртіппен билік етеді;

10) бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есептіліктің, іс қағаздарының жүргізілуін және бастапқы статистикалық деректердің қалыптастырылуын ұйымдастырады;

11) нотариаттық палатаның мүлкіне билік ету тәртібін айқындайды;

12) нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылғаннан басқа, нотариаттық палата қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы мәселені қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді, ал қажет болған жағдайларда - өз түсініктемелерін, оның ішінде кәсіптік әдепті сақтамау мәселелері бойынша түсініктемелерін ұсынуын талап етуге құқылы.

3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

28-бап. Нотариаттық палатаның жарғысы

1. Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:

1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi;

2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi;

3) мүше болу мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртібі;

3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) нотариаттық палата мүшелерінің тәртіптік жауаптылығы және оған тартудың осы Заңның талаптарына сәйкес тәртібі;

4) басшы органдарды құру тәртібі, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) нотариаттық палатаның ақша қаражаты мен өзге де мүлкін қалыптастыру көздері мен тәртібі және оны пайдалану бағыттары, нотариаттық палаталардың мүлікке билік ету шектері, нотариаттық палатаның мүлікті пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) мүшелік жарналарды төлеу тәртібі;

6) жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

7) палатаны қайта құру мен тарату тәртібі, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры.

2. Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.

 

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды

28-1-бап. Республикалық нотариаттық палатаның органдары

1. Мыналар Республикалық нотариаттық палатаның органдары болып табылады:

1) жоғары орган - Республикалық нотариаттық палатаның съезі;

2) атқарушы орган - Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы;

3) бақылаушы орган - ревизиялық комиссия.

Республикалық нотариаттық палатада Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы құрылады.

2. Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында көзделген жағдайларда Республикалық нотариаттық палатада Республикалық нотариаттық палатаның съезі қабылдайтын ережелер негізінде жұмыс істейтін ғылыми-консультациялық кеңес және басқа да органдар құрылуы мүмкін.

 

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды

28-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның съезі

1. Республикалық нотариаттық палатаның съезі төрт жылда кемінде бір рет шақырылады. Егер Республикалық нотариаттық палата съезінің жұмысына Республикалық нотариаттық палата мүшелерінің кемінде төрттен үшінен сайланған делегаттар қатысса, ол құқықты деп есептеледі.

2. Республикалық нотариаттық палата съезінің айрықша құзыретіне мыналар жатады:

1) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) Республикалық нотариаттық палата басқармасының орналасатын жерін айқындау;

3) Республикалық нотариаттық палатаның басқарма мүшелерін лауазымға сайлау және одан босату;

4) Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;

5) Республикалық нотариаттық палата ревизиялық комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;

6) Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;

7) нотариаттық палаталардан делегаттардың Республикалық нотариаттық палатаның съезіне өкілдік ету нормаларын бекіту;

8) Нотариустың әдеп кодексін бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

9) ревизиялық комиссияның Республикалық нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін бекіту;

10) Республикалық нотариаттық палата съезінің регламентін бекіту;

11) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 28-3-баппен толықтырылды

28-3-бап. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы

1. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы Республикалық нотариаттық палатаның алқалы атқарушы органы болып табылады.

2. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы:

1) Республикалық нотариаттық палатаның қызметін қамтамасыз етеді;

2) Республикалық нотариаттық палата съезі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

3) осы Заңның 28-2-бабына сәйкес Республикалық нотариаттық палата съезінің бекітуіне жататын құжаттарды әзірлейді;

4) уəкілетті органмен келісу бойынша нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекітеді;

5) уəкілетті органмен келісу бойынша нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені бекітеді;

6) Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының қызметі туралы ережені бекітеді;

7) нотариустардың әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғайды;

8) нотариаттық палаталардың өз қызметі, нотариустардың нотариаттық қызметі туралы есептерін жартыжылдықтар бойынша жинақтап қорытады;

9) нотариаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

10) нотариаттық қызметті жүзеге асыру сапасы туралы зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

11) нотариаттық палаталарды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

12) Республикалық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында:

нотариаттық қызметпен айналысатын нотариустардың тізімін, сондай-ақ нотариаттық палаталар нотариустарының жаңартылған күйдегі тізімдерін;

Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілерін;

Нотариустың әдеп кодексін;

нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені;

Республикалық нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;

Республикалық нотариаттық палата басқармасының құрамы туралы мәліметтерді;

Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорытуды;

нотариаттың іс-шаралары мен оқиғаларын;

және Республикалық нотариаттық палатаның қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады;

13) Республикалық нотариаттық палатаның съезін шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады;

14) өз құзыреті шегінде сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес Республикалық нотариаттық палатаның мүлкіне билік етеді;

15) Республикалық нотариаттық палата басқармасының регламентін бекітеді;

16) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Республикалық нотариаттық палата басқармасының шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелердің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді

29-бап. Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi

1. Республикалық нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және оның жарғысымен белгiленедi. Республикалық нотариаттық палата заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.

2. Республикалық нотариаттық палата:

1) нотариаттық палаталардың қызметiн үйлестiрiп отырады;

2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның iшiнде шетелдiк және халықаралық ұйымдарда нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделерiн бiлдiредi;

3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нотариат мәселелерi бойынша заң жобалары жөніндегі және сарапшылық қызметiне қатысады;

4) нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, нотариат мәселелері бойынша, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлейді және бекітеді;

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, аумақтық нотариаттық палата ұсынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын талдайды, жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) Нотариустың әдеп кодексiн әзiрлеп, бекiтедi;

6-1) 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.

3. Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өз қызметi туралы жыл сайын ақпарат берiп отырады.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып - сайланған күніне дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған жəне алынбаған тəртіптік жазасы жоқ нотариус сайланады.

Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.

Бұл ретте сол бір адам бір реттен артық Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.

Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртібі және оның өкілеттіктері осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 29-1-баппен толықтырылды

29-1-бап. Жеке нотариаттық архив

Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.

Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

 

4-тарау. Нотариаттық қызметке ақы төлеу

 

ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.16.11 № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертілді

30-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу

1. Мемлекеттік нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттік баж алады.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жекеше нотариустардың нотариаттық əрекеттер жасағаны жəне өзге де көрсетілетін қызметтері үшін, сондай-ақ нотариат куəландырған құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені жəне консультация беруді жүзеге асырғаны үшін мөлшерлемелер мөлшерін уəкілетті орган бекітеді.

3. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде консулдық алым алады.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген, жеке жəне заңды тұлғалар үшін нотариаттық əрекеттерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер осы баптың 1-тармағында белгіленген адамдар нотариаттық əрекеттерді жасаған кезде осындай тұлғаларға қолданылады.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық əрекеттер жəне өзге де көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуден мыналар босатылады:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер жəне басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз əскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен жəне медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) жəне Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз əскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен жəне медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі - барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

2) «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар - барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

3) арнаулы əлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтарында тұратын қарт адамдар - барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жан күйзелісі ауруымен ауыратын жеке тұлғалар - өздерінің мүлікке мұрагерлігі туралы куəліктер алғаны үшін;

5) жасына байланысты зейнеткерлер - осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 14), 15-1), 16) жəне 17) тармақшаларында белгіленген нотариаттық əрекеттерді қоспағанда, барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

6) қандастар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

7) жетім балалар жəне он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - белгіленген тарифтің 50 пайызы мөлшерінде;

8) «Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың ерікті қоғамы» одағы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ олардың өндірістік кəсіпорындары - белгіленген тарифтің 50 пайызы мөлшерінде.

6. Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.

7. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

30-1-бап. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-тарау. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау. Əділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті

 

2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31-бап. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау - аумақтық əділет органының мемлекеттік бақылау субъектілерінің қызметін нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру жөніндегі қызметі.

2. Жеке практикамен айналысатын нотариустар жəне аумақтық нотариаттық палаталар нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілеріне жатады.

3. Мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметі нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау объектісіне жатады.

4. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты - мемлекеттік бақылау субъектілері өздерінің кəсіби міндеттері мен өкілеттіктерін, оның ішінде осы Заңға сəйкес жеке нотариаттық архивтерді құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау жəне пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру бойынша өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде заңдылықты қамтамасыз ету жəне жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.

5. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылаудың міндеттері:

1) мемлекеттік бақылау субъектілерінің халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету;

2) анықталған құқық бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау;

3) нотариат туралы заңнаманың талаптарын бұзушылық профилактикасы жəне олардың алдын алу.

6. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылаудың нысанасы - нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері қызметінің нотариат туралы заңнаманың талаптарына сəйкестігі.

7. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды аумақтық əділет органының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

8. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау жоспарлы жəне жоспардан тыс жүргізілетін тексерулер түрінде жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік нотариустың жəне аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының нотариаттық əрекеттерінің заңдылығын жəне іс жүргізу қағидаларын сақтауын мемлекеттік бақылауды аумақтық əділет органы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырады.

10. Нотариустардың жəне аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының, салықтық міндеттемелерді орындауды жəне салықтық есептілік ұсынуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

11. Аумақтық əділет органдары өз құзыреті шегінде ақшамен жəне (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын нотариаттық əрекеттерді жүзеге асыратын нотариустардың қызметіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыру қауіп-қатерлерін анықтау тұрғысынан талдау мен мониторинг жүргізеді.

 

31-1-бап. 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 31-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

31-2-бап. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілерінің нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы тұрғысынан жүргізілетін тексерудің түрлері

1. Мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты жоспарлы тексерулерді аумақтық əділет органы автоматтандырылған режимде қалыптастырылатын жəне уəкілетті орган бекіткен жоспарлы тексерулерді жүргізудің жартыжылдық жоспарына сəйкес жылына екі реттен жиілетпей жүзеге асырады.

Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілерінің нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы тұрғысынан жүргізілетін тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) тексеру жүргізуді бастау алдындағы үш жылдағы мемлекеттік бақылау субъектілерінің нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспарлы тексерулер;

2) мемлекеттік бақылау субъектілерінің нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы тұрғысынан жүргізілетін, тексеру жүргізуге негіз болған мəселелер бойынша жоспардан тыс тексерулер.

2. Жеке практикамен айналысатын нотариусты жоспарлы тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізудің негіздері:

1) алдыңғы тексерулердің нəтижелері;

2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мəліметтерді талдаудың нəтижелері;

3) соттың мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты заңды күшіне енген жеке ұйғарымы жəне (немесе) жеке қаулысы;

4) жеке практикамен айналысатын нотариустың кінəсі көрсетіліп, жеке практикамен айналысатын нотариус куəландырған мəмілені жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот актісі;

5) жеке практикамен айналысатын нотариустың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиясы қолданысының тоқтатыла тұруы;

6) мемлекеттік бақылау субъектісінің əкімшілік жауаптылыққа тартылуы;

7) жеке практикамен айналысатын нотариустың тəртіптік жазасының болуы.

Аумақтық нотариаттық палаталарды жоспарлы тексеру үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін талдау жасау кезінде алдыңғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырылатын деректер пайдаланылуы мүмкін.

Əділет органдары деректерді талдауды алдыңғы жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер, құқық қорғау органдары мен соттар ұсынған мəліметтер, жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштері, аумақтық нотариаттық палаталардан алынған мəліметтер, сондай-ақ мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да құжаттар жəне (немесе) мəліметтер бойынша жүзеге асырады.

3. Уəкілетті орган жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын аумақтық əділет органдарының жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде тексеруді жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін қалыптастырады жəне бекітеді.

Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары уəкілетті органның интернет-ресурсында тексеруді жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан кешіктірілмей орналастырылады.

Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мыналарды қамтиды:

1) жоспардың бекітілген күні жəне нөмірі;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексерілетін мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері;

4) тексеру нысанасы;

5) тексеруді жүргізу мерзімдері;

6) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.

Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік бақылау субъектісі мəртебесінің өзгеруі, сондай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның таралуы, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер, инфекциялық, паразиттік аурулар ошақтарының, уланудың, радиациялық авариялар мен соған байланысты шектеулердің туындауы немесе туындау қатері жағдайларында жүзеге асырылады.

Бұл ретте аумақтық əділет органдары жарты жылда бір рет ағымдағы күнтізбелік жылдың 5 шілдесінен жəне есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей, уəкілетті органға нотариустар мен аумақтық нотариаттық палаталарды жоспарлы тексерулер туралы есепті, сондай-ақ нотариустар мен аумақтық нотариаттық палаталарды жоспардан тыс тексерулер туралы есепті уəкілетті орган бекітетін нысандар бойынша ұсынады.

4. Арнаулы білімді қажет ететін мəселелерді түсіндіру үшін тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары тартылуы мүмкін.

5. Жеке практикамен айналысатын нотариустарды жоспарлы тексерулер нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысынан:

1) нотариаттық іс жүргізу;

2) бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану;

3) нотариаттық əрекеттер жасау;

4) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы;

5) нотариат туралы заңнамада белгіленген өзге де талаптар бөлігінде жүзеге асырылады.

Аумақтық нотариаттық палаталарды жоспарлы тексерулер нотариат туралы заңнаманың:

1) жеке нотариаттық архивтерді құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау жəне пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру;

2) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруын ұйымдастыру;

3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығын алуға үміттенетін адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жəне олардың біліктілік талаптарына сай келуі;

4) нотариаттық палатаға мүше болу шарттарын жəне нотариаттық палатаға мүшелікке қабылдау мен мүшеліктен шығару тəртібін сақтау;

5) нотариустарға бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге қолжетімділікті беру мен тоқтату бойынша талаптарына олардың қызметінің сəйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады.