«Нотариат туралы» 1997 ж. 14 шілдедегі № 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2. Жекеше нотариустардың нотариаттық əрекеттер жасағаны жəне өзге де көрсетілетін қызметтері үшін, сондай-ақ нотариат куəландырған құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені жəне консультация беруді жүзеге асырғаны үшін мөлшерлемелер мөлшерін Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекітеді.

3. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II  Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде консулдық алым алады.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген, жеке жəне заңды тұлғалар үшін нотариаттық əрекеттерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер осы баптың 1-тармағында белгіленген адамдар нотариаттық əрекеттерді жасаған кезде осындай тұлғаларға қолданылады.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық əрекеттер жəне өзге де көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуден мыналар босатылады:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер жəне басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз əскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен жəне медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) жəне Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз əскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен жəне медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі - барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

2) «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар - барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

3) арнаулы əлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтарында тұратын қарт адамдар - барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жан күйзелісі ауруымен ауыратын жеке тұлғалар - өздерінің мүлікке мұрагерлігі туралы куəліктер алғаны үшін;

5) жасына байланысты зейнеткерлер - осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 14), 15-1), 16) жəне 17) тармақшаларында белгіленген нотариаттық əрекеттерді қоспағанда, барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

6) қандастар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;

7) жетім балалар жəне он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - белгіленген тарифтің 50 пайызы мөлшерінде;

8) «Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың ерікті қоғамы» одағы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ олардың өндірістік кəсіпорындары - белгіленген тарифтің 50 пайызы мөлшерінде.

6. Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.

7. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

30-1-бап. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау.

Әдiлет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді), 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді

31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау

1. Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттік нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-1. Нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.

4. Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Нотариустың қызметін бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды

31-1-бап. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылау

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылауды аумақтық әділет органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

2. Аумақтық нотариаттық палаталардың:

1) жекеше нотариаттық мұрағаттарды құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру жөніндегі;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі нысанасына бақылау жүзеге асырылады.

3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық әділет органы аумақтық нотариаттық палатаға бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібереді. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, аумақтық әділет органы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мәжбүр ету туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді

32-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:

1) аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;

2) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидасын бекітедi;

3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде қағиданы бекiтедi;

4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені бекiтедi;

5) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5-1) 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5-2) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5-3) осы Заңның негізгі мақсаты мен міндетіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариатты реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

6) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекiтедi;

8) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) нотариустардың қызметiн лицензиялайды;

10) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың лицензияларын айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;

12) 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14-1) тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекiтедi;

15) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) осы Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады;

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16-1) нотариаттық əрекеттер жасағаны жəне өзге де көрсетілетін қызметтер үшін, сондай-ақ нотариат куəландырған құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені жəне жекеше нотариустардың консультация беруді жүзеге асырғаны үшін мөлшерлемелер мөлшерін бекітеді.

17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 11.06.03 ж. № 437-II Заңымен;  2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.28.08. № 192-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді

33-бап. Аумақтық әдiлет органының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi

1. Аумақтық әдiлет органы:

1) мемлекеттік нотариаттық кеңселердi ашады және таратады;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

2) азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариустардың iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;

2-1) жекеше нотариустардың осы Заңның 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастырады және өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолданады;

3) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) нотариустардың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын және олардың іс қағаздарын жүргізу жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-1) нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

5) нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi;

6) жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) нотариус таңдаған үй-жайдың болуын және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;

2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес мемлекеттік нотариустардың жеке мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды бередi;

9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi;

11) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:

1) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) Әдiлет министрлігіне бекiтуге нотариаттық округтегi нотариустардың ең аз саны туралы ұсыныс енгiзедi;

3) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;

5) нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) нотариаттық практиканы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады;

7) - 9) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) тиiстi нотариаттық округте қызметi тоқтатылған нотариустың жеке мөрiн жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөніндегі, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.

 

2 Бөлiм Нотариаттық iс-әрекеттер және оларды жасау ережелерi

 

6-тарау. Нотариус пен уәкiлеттi лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер

 

ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен; 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен; 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді

34-бап. Нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер

1. Нотариус мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

1) мәмiлелердi куәландырады;

2) шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады;

3) мұраға сенімгерлiк басқарушыны тағайындайды;

4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;

5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;

6) 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;

8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады;

10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;

11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;

12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;

13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;

14) ақшаны депозитке қабылдайды;

15) ҚР Заңымен 13.11.98 ж. 29.03.00 ж. № 42-II алып тасталды

2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

15-1) атқарушылық жазбаларды жасайды;

2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

15-2) дауды реттеу туралы келісімді куәландырады;

16) вексель наразылықтарын жасайды;

17) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;

18) теңiз наразылықтарын жасайды;

19) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi;

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

20) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырады;

2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

21) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырады.

2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.

 

ҚР 2004.20.12 № 13-III  (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

35-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер

1. Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамы мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

1) өсиеттердi куәландырады;

2) сенімхаттарды куәландырады;

3) құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;

4) өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

5)  ҚР 05.05.03 ж. № 408-II  Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде жергiлiктi атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.

 

ҚР 13.11.98 ж. № 302-1; 29.03.00 ж. № 42-II Заңдарымен 36-бап өзгертілді

36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер

1. Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады;

2) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II  Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

3) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;

4) ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;

5) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;

6) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

7) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады;

8) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;

9) азаматтық белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;

10) құжаттар берiлген уақытты куәландырады;

11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;

12) ақшаны депозитке қабылдайды;

13) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II  Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

14) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;

15) теңiз наразылықтарын жасайды;

16) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

37-бап. Нотариаттық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiлген өсиеттер мен сенімхаттарды лауазымды адамдардың куәландыруы

Нотариаттық куәландырылған құжаттарға мыналар теңестiрiледi:

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекемелердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың осы мекемелердің (ұйымдардың) директорлары және бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;

2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медициналық жағынан орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi мен сенімхаттары;

3) әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң осы бөлiмдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi мен сенімхаттары;

4) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi мен сенімхаттары;

5) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;

6) барлау және басқа да экспедицияларда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан кәмелетке толған жастағы iс-әрекет қабiлетi бар азаматтардың осы мекемелердiң немесе халықты әлеуметтiк қорғаудың тиiстi органының басшысы куәландырған сенімхаттары;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) тергеу изоляторларында отырған адамдардың тергеу изоляторларының бастықтары куәландырған сенімхаттары.

Осы бапта көзделген өсиеттерге өсиетке ол да қол қоятын куәнiң қатысуымен өсиет қалдырушы қол қоюға тиiс.

 

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

38-бап. Лауазымды адамдар куәландырған өсиеттердi нотариусқа беру

1. Осы Заңның 37-бабында санамаланған лауазымды адамдар өсиет куәландырылған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк пайда болған кезде куәландырылған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi.

2. Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе оның тұратын жерi белгiсiз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлейтiн нотариусқа жiберiледi.

3. Нотариус сақтауға келiп түскен өсиеттi тексеруге және оның заңға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тиiстi дәрежеде ресiмдеу үшiн өсиет қалдырушыға және өсиеттi куәландырған лауазымды адамға бұл туралы хабарлауға мiндеттi.

4. Куәландырған өсиеттердiң уақтылы берiлмеуi салдарынан мұрагерге (мұрагерлерге) келтiрiлген шығын үшiн лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

 

7-тарау. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың негiзгi ережелерi

 

2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

39-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртібі

Нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртібі осы Заңмен, басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттер жасау қағидаларымен белгiленедi.

 

40-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мерзiмдерi