«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 ж. 3 қазандағы № 2483 Қазақстан Республикасының Заңы (2026.11.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінiң, әскери қызметшілерінің дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерін, әскери қызметшілерін олардың қызметтік мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшін тартуға тыйым салынады.

 

19.06.97 ж. № 134-I; 10.10.01 ж. № 247-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді

19-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу кепiлдiктерi

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ жеке жете тексеруге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын қызметтік көлiк құралдарын жете тексеруге жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал кейіннен осы сома залал келтірген адамнан өндіріліп алына отырып бюджет қаражатынан толық көлемде өтеледі. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі айқындайды.

 

20-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

 

6 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

 

21-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiн қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

 

7 тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

 

ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 23-бап өзгерді

23-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысына бақылау жасау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Президентi бақылайды, ол тексерушi органдарды тағайындайды, олардың мақсатын, мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды, бақылау нысандары мен оларды жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi мен оның жұмысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президентiне табыс етiледi.

2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау салаларындағы жұмысында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Бас Прокурор және ол арнайы уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.

 

25-бап. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен алып тасталды

 

 

Қазақстан Республикасының