"Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар" нұсқаулығын бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік
комитетi 1997 жылғы 28 наурыз № 3
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п бұйрығына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12 және 15-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi қаулы етедi:
1. "Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар" нұсқаулығы бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары,
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөніндегі
мемлекеттік комитетiнiң
төрағасы
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөніндегі
мемлекеттік комитетiнiң
1997 жылғы 28 наурыздағы
№ 3 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі
мемлекеттік комитетiнiң "Инвестициялық жобаға қойылатын
талаптар" нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Нұсқаулық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12 және 15-баптарына сәйкес әзiрлендi және инвестициялық жобаға қойылатын талаптарды айқындайды.
1.2. Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар - Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) жеңiлдiктер мен преференциялар беру туралы шешiм қабылдау, инвестордың инвестициялық және пайдалану бағдарламалары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауына бақылау жасау үшiн инвестициялық жобаның әртүрлi фазасында оған қойылатын талаптары.
1.3. Инвестициялық жоба - инвестициялық жобаға байланысты және инвестиция алдындағы инвестициялық және пайдалану фазаларынан тұратын шаралар циклы.
2. Инвестиция алдындағы фазаға қойылатын талаптар
2.1. Инвестиция алдындағы фаза - инвестициялық жоба фазасы, онда мыналар айқындалады: