Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1997 жылғы 30 қыркүйек № 1389

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған
деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы
1997 жылғы 30 қыркүйек № 1389

Қазақстан Республикасында құрылысты қаржыландыру мен несиелеудiң тәртібі мен шарттарының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

1. "Құрылысты қаржыландыру мен кредиттеудiң Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қыркүйектегi № 864 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 37, 432-құжат).

2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қыркүйектегi № 864 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 желтоқсандағы № 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 47, 570-құжат).

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу және кейбір қаулыларының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 9 маусымдағы № 809 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 20, 233-құжат).

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

мiндетiн атқарушы