Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi
лицензиялау туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 2 қазандағы № 1402 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж.
№ 439 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 24.07.03 ж. № 735 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi лицензиялау туралы ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы осы қаулыны iске асыру жөніндегі қажеттi шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
| мiндетiн атқарушы | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 2 қазандағы № 1402 қаулысымен
бекітілген
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
жөніндегі қызметтi лицензиялау туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 439 қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Осы Ереже Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау мен бақылаудың тәртібін белгілейді және осы қызметті жүзеге асыруға біліктілік талаптарын айқындайды.
I. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 439 қаулысымен 1-тармақ өзгертіліді (бұр. ред. қара)
1. Лицензиялау зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi Лицензиат) қызметтерiне бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 439 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрi - Лицензиар) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған Лицензиаттардың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi. Аталған тiзiлiмге лицензияларды уақытша тоқтату мен Лицензиаттан оларды қайтарып алудың барлық фактілері туралы мәлiметтер де енгiзiледi.
4. Лицензиат зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
II. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 439 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн өтiнiш берушi Лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
а) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
б) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
в) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң статистикалық кәртiшкесiнiң көшiрмесi;
г) барлық өзгерiстермен және толықтырулармен қоса алғанда, нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (екi данада);
д) өтiнiштi берушiге қойылатын біліктiлiк талаптарын, сондай-ақ құрылтайшыларға (акционерлерге), басшы қызметкерлерге "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Лицензиардың нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген талаптарды растайтын құжаттар;
е) лицензиялық алымның төленгенi туралы төлем құжаттарының көшiрмелерi.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 439 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
III. Құжаттарды қарау және лицензия беру
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 439 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi лицензиялауға ұсынылған құжаттарды Лицензиар құжаттар берiлген күннен бастап 30 күннiң iшiнде қарайды. Пысықталуына байланысты құжаттар қайталап берiлгенде, өтiнiш берушi құжатта қайталап берiлген күнгi жеке капиталының есебiн және Лицензиардың нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сай келетiн қаржылық есептi ұсынады.
8. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдардың және осы Ереженiң талаптарына сай келгенде, өтiнiш берушiге зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берiледi.
9. Лицензия басшыға немесе Лицензиаттың уәкiлеттi өкiлiне (сенiмхат негiзiнде) берiледi.
10. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүргiзуге арналған лицензиялар тұрақты болып табылады.
11. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайды.
IV. Лицензия бергенi үшiн алым
12. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарымен айқындалады.
V. Лицензия беруден бас тарту және оған шағымдану
13. Лицензия, егер:
қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға субъектiлердiң осы санатына заң актілерімен тыйым салынса;
талап етiлетiн барлық құжаттар тапсырылмаса;
ұсынылған ақпараттың жалғандығы фактiсi анықталса;
лицензиялық алым төленбесе;
өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салуы болса;
өтiнiш берушi белгiленген біліктiлiк талаптарына сай болмаса, берiлмейдi.
14. Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады.
15. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензия беруден бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнсе, ол бұл әрекеттерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
16. Лицензия мынадай жағдайларда:
лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі қызмет тоқтатылғанда;
лицензия керi қайтарып алынғанда өз күшiн тоқтатады.
17. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия сақталады.
18. Лицензияның күшiн тоқтатуға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
VII. Лицензияның күшiн уақытша тоқтату және
оны керi қайтарып алу
19. Лицензиар уақытша тоқтату себебiн көрсете отырып, лицензияның күшiн алты ай мерзiмге дейiн тоқтатуға құқылы.
20. Лицензияның күшi мынадай жағдайларда:
лицензия негiзделiп берiлген ақпараттың жалған екенi анықталғанда;
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер бұзылғанда, уақытша тоқтатылуы мүмкiн.
21. Лицензияның күшi уақытша тоқтатылған жағдайда Лицензиат анықталған тәртiп бұзушылықтарды жоюға мiндеттi, олар жойылғаннан кейiн лицензия қайта күшiне енедi, бұл туралы Лицензиатқа жазбаша түрде хабарланады.
Лицензияның күшiн уақытша тоқтату туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiнгi Лицензиаттың қызметi заңсыз деп саналады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
22. Лицензия мынадай жағдайларда:
Лицензиат қолданылып жүрген заңдардың талаптарын орындамағанда;
Лицензиар лицензияның күшiн уақытша тоқтатқан себептер жойылмағанда; сот Лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға тыйым салғанда керi қайтарылып алынуы мүмкiн.
23. Лицензия керi қайтарып алынған жағдайда, Лицензиат ресми хабарлама алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны Лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
24. Лицензиардың лицензияны керi қайтарып алу немесе оның күшiн уақытша тоқтату туралы шешiмiне сот тәртібімен шағым берiлуi мүмкiн.
VIII. Лицензия шарттарының орындалуына бақылау жасау
25. Лицензия шарттарының орындалуына бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
26. Лицензиаттың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметiнiң нәтижелер туралы есептi ұсынуының тәртібі мен мерзiмдерi Лицензиардың нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 439 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
27. Лицензия алуға үмiттенетiн заңды тұлғаға (бұдан әрi өтiнiш берушi) мынадай біліктiлiк талаптары қойылады:
а) өтiнiш берушiнiң штатында (оның филиалында, өкiлдiгiнде) 3-санаттағы біліктiлiк куәлiгi бар кемiнде үш маманның болуы, оның iшiнде:
басшы қызметкерлер:
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары;
инвестициялық шешiмдердi қабылдау мен жүзеге асыруға тiкелей қатысатын мамандар;
а-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшеріне, оның қалыптасу тәртібіне және құрамына қойылатын талаптардың сақталуы;
а-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған меншік капиталының қалыптасу тәртібіне қойылатын талаптардың сақталуы;
б) үй-жайдың, ұйымдастыру техникасының, компьютерлердiң, бағдарламалық-техникалық құралдардың және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жабдықтың болуы;
в) заңды тұлға өз құрылтайшыларының қаржылық тұрақтылығын растауға тиiс;
г) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi ұйымдастыруды регламенттейтiн iшкi құжаттар әзiрленуi тиiс.