Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы Декларация (Москва қаласы, 1998 ж. 6 шілде)

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға
бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы
Декларация

(Москва қаласы, 1998 ж. 6 шілде)

Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді

 

Біз Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясының Президентi XXI ғасыр қарсаңындағы кең ауқымды халықаралық тұрғыда екi ел арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйi мен даму перспективаларын жан-жақты талқылай келiп,

Қазақстан мен Ресей халықтарының тығыз достық байланыстарының тарихи қалыптасқан дәстүрлерi мен игi құндылықтарына сүйене отырып,

Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршiлiк қатынастарды, көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайту екi мемлекет халықтарының түбірлі мүдделерiне жауап беретiнiне, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiк iсiне қызмет ететiнiне кәміл сене отырып,

Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды актiсiнiң және Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның басқа да құжаттарының халықаралық құқықтың жалпы таныған нормаларының, сондай-ақ адам құқығы саласындағы халықаралық өлшемдердiң мақсаттары мен принциптерiне адалдықтарын қуаттай отырып,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде кең ауқымды ынтымақтастыққа ниеттеніп және Қазақстан мен Ресей Федерациясының Достастыққа қатысуынан туындайтын мiндеттемелерiн сақтауға бекем бел буып, осы Декларацияны қабылдаймыз және салтанатты түрде мәлiмдеймiз:

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мәңгiлiк достықпен бiрiккен. Олар XXI ғасыр қарсаңында ұлттық қауiпсiздiктiң, саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келісімiнiң және екi мемлекеттiң де гүлденуiнiң кепiлдiгi болып табылатын осы достықты сақтауға және нығайтуға мiндеттенедi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.