Госпитальдардың, санаторийлердің және басқа әскери-емдеу мекемелерінің
бастықтарымен, олардың медицина жағынан орынбасарларының, аға және
кезекші дәрігерлердің, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға
өкілетті органдары мен адамдары жоқ әскери бөлімдердің, құрамалардың,
мекемелердің және әскери-оқу орындарының командирлерімен (бастықтарымен)
сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы нұсқаулық Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігімен 1998 жылғы 8 қаңтардағы № 5
бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігімен
1998 жылғы 13 қаңтардағы № 1/47 бұйрығымен бекітілген
ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 325 бұйрығымен күші жойылды
1. "Госпитальдардың, санаторийлердің және басқа әскери-емдеу мекемелерінің бастықтарымен, олардың медицина жағынан орынбасарларының, аға және кезекші дәрігерлердің, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға өкілетті органдары мен адамдары жоқ әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің және әскери-оқу орындарының командирлерімен (бастықтарымен) сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы" осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) лауазымды адамдардың нотариаттық түрде куәландырылғандарға теңестірілген сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі мен ережелерін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 167-бабына, Қазақ ССР Азаматтық кодексінің 538-бабына және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 37-бабына сәйкес нотариалдық куәландырылған құжаттарға теңестірілетіндер:
1) госпитальдарда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, олардың медицина жағынан орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған сенімхаттары мен өсиеттері;