Ішкi жүзудегi кемелердiң соқтығысуынан туындайтын жауапкершілiкке
қатысты кейбір ережелерді бiрiздендіру туралы конвенция
(Женева қ., 15 наурыз 1960 ж.)
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 ақпандағы № 383-11 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы осы конвенцияға қосылды
1. Осы Конвенциямен Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң суларында iшкi жүзудегi кемелер арасындағы соқтығысудан, келтiрiлген зиянды не кемелерге не онда болған адамдарға немесе заттарға өтеу белгiленедi.
2. Осы Конвенциямен маневрдi орындау не орындамау салдарынан, не Уағдаласушы Тараптардың бiрiнің суларында iшкi жүзудегi кеменiң бiрiнiң ережелердi сақтамауы салдарынан не басқа iшкi жүзудегi кемелерiне, тiптi соқтығыс болмаған жағдайда да осындай кемелердiң бортында болған тұлғаларға немесе заттарға келтiрiлген әр тектi шығындарды өтеу белгiленедi.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған кемелердiң сол бiр кepyeннің құрамына кiру дерегi осы Конвенцияның қолданылуына әсер етпейдi.
4. Осы Конвенцияны қолдану кезінде,
а) "кеме" терминi шағын кемелердi де бiлдiредi;
b) гидроглиссерлер, плоттар, паромдар мен понтондық көпiрлердің жылжымалы бөлiктepi, сондай-ақ жер қазғыштар, көтергiштер, элеваторлар мен барлық жүзетiн құралдар немесе сол тектi тетiктер кемелерге теңестiрiледi.
1. Зиянды өтеу міндеттемесi, егер зиян кiнәнің салдары болып табылған жағдайда ғана болады. Кiнәнiң заңды презумпциясы жоқ.
2. Егер зиян жағдайдың салдары болып табылса, егер ол дүлей күш жағдайларынан туындаса, немесе оның себептерiн анықтау мүмкiн болмаса, зиян онда жәбiрленушi тұлғаларға түседi.
3. Бiрнеше кемелердi сүйреген жағдайда олардың әрқайсысы ол кiнәлi болған жағдайда жауапты болады.
Егер зиян бiр кеменің кiнәсiнен келтiрiлген болса, оны өтеу осы кемеге түседі.
1. Егер екi кеме немесе бiрнеше кемелер өз кiнәсiнен зиян келтiруге тең қатысқан жағдайда олар тұлғаларға, сондай-ақ осы кемелердің бортындағы кiнәсiз кемелер мен заттарға келтiрiлген зиян үшiн ортақ жауап бередi, бiрақ осы кiнәлi кемелердiң бортындағы басқа да кемелермен заттарға келтiрiлген зияндарға ортақ емес.