«Қазақстан Республикасының Шекараларда жүктерге бақылау жүргізудің шарттарын келісу туралы Халықаралық Конвенция (Женева, 1982 ж. 21 қазан)

Шекараларда жүктерге бақылау жүргізудің
шарттарын келісу туралы Халықаралық
Конвенция
(Женева, 1982 ж. 21 қазан)

ҚР 2002 ж. 6 мамырдағы № 320-ІІ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қосылды

Кiрiспе

Уағдаласушы Тараптар,

жүктердi халықаралық тасымалдауды жақсартуға ниет бiлдiре отырып,

жүктердiң шекаралар арқылы өтуiне жәрдем көрсетудiң қажеттiлiгiн назарға ала отырып,

шекараларда бақылау жасау шараларын түрлi бақылау қызметтерi жүзеге асыратындығын атап өте отырып,

бақылаудың бұл түрлерiн жүргiзу жағдайы айтарлықтай мөлшерде олардың мақсатына, оларды лайықты жүргiзуге залал келтiрместен және олардың тиiмдiлiгiн төмендетпестен келісілуi мүмкiн екендiгiн мойындай отырып,

шекаралық бақылау жүргiзудің шарттарын келiсу бұл мақсаттарға қол жеткізуге арналған маңызды құралдардың бiрiн бiлдiретiндiгiне көз жеткiзе отырып,

мына төмендегілер туралы келістi:

І тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Айқындама

Осы Конвенцияға сәйкес:

а) "кеден" ретiнде кедендiк заңнаманың орындалуын әрi импорттық және экспорттық баждар мен салықтарды қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ басқалармен бiрге жүктердің әкелiнуiне, транзитiне және әкетiлуiне қатысты басқа да заңдар мен ережелердің қолданылуы үшiн жауаптылықта болатын мемлекеттік қызмет түсiнiледi;

b) "кедендiк бақылау" ретiнде сақталуы үшiн кедендер жауаптылықта болатын, заңдар мен ережелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар түсiнiледi;

с) "медициналық санитарлық бақылау" ретiнде малдәрiгерлiк бақылауды қоспағанда адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау мақсатында жүзеге асыратын бақылау түсiнiледi;

d) "малдәрiгерлiк бақылау" ретiнде адамдар мен жануарлардың өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында жануарлар мен жануарлар тектес азық-түлiктерге қатысты жүзеге асырылатын санитарлық бақылау, сондай-ақ жануарлардың ауруларын таратушылар болып табылуы мүмкiн заттарды немесе жүктердi бақылау түсiнiледi;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.