Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келісім
(ҚЖХЖТ) (Женева, 1957 ж. 30 қыркүйек)
Қазақстан Республикасы осы келісімге қосылды. 2001 жылғы 7 мамырдағы № 193-II Қазақстан Республикасының Заңын қара.
Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалытуралы Еуропалық Келісімге (ҚЖХЖТ)қол қою туралы хаттамаУағдаласушы Тараптар,
Халықаралық жол тасымалы қауіпсіздігін арттыруға Ұмтылып,
Төмендегілері туралы Келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
а) "көлік құралдары" термині Уағдаласушы Тараптардың бірінің қарулы күштеріне тиесілі немесе осы қарулы күштердің иелігіндегі көлік құралдарын қоспағанда, 1949 жылғы 19 қыркүйектегі Жол қозғалысы туралы конвенцияның 4-бабында келтірілген анықтамаларға сәйкес автомобильдерді, жартылай тіркемелері бар тартқыштарды, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді білдіреді;
b) "қауіпті жүктер" термині А және В-қосымшаларының ережелеріне сәйкес халықаралық жол тасымалына рұқсат берілмейтін немесе белгілі бір шарттарды сақтағанда рұқсат берілетін заттар мен бұйымдарды білдіреді;
с) "халықаралық тасымал" термині жоғарыда, а) тармағында анықталған көлік құралдарының көмегімен, тіпті болмағанда, екі Уағдаласушы Тараптың аумағы арқылы жүргізілетін кез келген тасымалды білдіреді.
1. 4-баптың 3-тармағының ережелерін сақтаған жағдайда А-қосымшасына сәйкес тасымалдауға рұқсат берілмейтін қауіпті жүктер халықаралық тасымал заты болмауы тиіс.
2. Басқа да қауіпті жүктердің халықаралық тасымалына:
а) қаралып отырған жүктер қанағаттандыруы тиіс А-қосымшасында көзделген талаптар, атап айтқанда, олардың орамдары мен таңбалануына қатысты талаптар, және
b) 4-баптың 2-тармағындағы ережелер сақталған жағдайда, В-қосымшасында көзделген талаптар, атап айтқанда, қаралып отырған жүктерді тасымалдайтын көлік құралының конструкциясына, жабдығына және қозғалысына қатысты талаптар сақталған жағдайда рұқсат етіледі.
Осы Келісімнің қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып табылады.