Қауiптi қалдықтарды шекара аралық тасымалдауды
және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы
Базель Конвенциясы
(Базель, 1989 ж. 22 наурыз)
ҚР 2003 жылғы 10 ақпандағы № 389-II Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қосылды
Кiрiспе 1-бап Конвенцияның қызмет аясы 2-бап Анықтамалар 3-бап Қауiптi қалдықтардың ұлттық анықтамалары 4-бап Жалпы мiндеттеме 5-бап Құзіреттi органдарды және бөлiнген орталықты тағайындау 6-бап Тараптар арасындағы шекара аралық тасымал 7-бап Тараптар болып табылатын мемлекеттердентараптар болып табылмайтын мемлекеттер
арқылы шекара аралық тасымал
8-бап Реимпортты жүзеге асырудағы мiндет 9-бап Заңсыз айналыс 10-бап Халықаралық ынтымақтастық 11-бап Екiжақты, көпжақты және аймақтық келiсімдер 12-бап Жауапкершiлiк туралы кеңес 13-бап Ақпарат беру 14-бап Қаржылық аспектiлер 15-бап Тарап Конференциясы 16-бап Хатшылық 17-бап Конвенцияны түзету 18-бап Қосымшаларды қабылдау және оларға түзетулер енгізу 19-бап Тексеру 20-бап Дауларды реттеу 21-бап Қол қою 22-бап Бекіту, қабылдау, ресми растау немесе мақұлдау 23-бап Қосылу 24-бап Дауыс беру құқығы 25-бап Күшiне ену 26-бап Ескертпе және мәлiмдеме 27-бап Конвенциядан шығу 28-бап Депозитарий 29-бап Бiртектес мәтiндер I қосымша Pеттеуге жататын заттардың санаты II қосымша Айрықша қарауды талап ететін қалдықтар сипаты ІІІ қосымша Қауіпті қасиеттердің тізбесі IV қосымша Аулаққа шығару жөніндегі операция V.A қосымша Хабарлама-хат баяндалған ақпарат V.В қосымша Тасымалдау туралы құжат мазмұндалған ақпарат VI қосымша Төрелік сотОсы Конвенция Тараптары:
қауiптi және басқа да қалдықтардың және оларды шекара аралық тасымалдаудың адам денсаулығына және қоршаған ортаға келтiретiн зиянына тәуекелдi ескере отырып;
қауіптi және басқа да қалдықтарды өндiрудiң және шекара аралық тасымалдау көлемiнiң өсуі және олардың күрделi сипатының салдарынан адам денсаулығына және қоршаған ортаға төнген қауiптi түсiне отырып;