Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығы
(2023.23.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2021.10.07. № 620 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2005.21.04. № 1556 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Президентінің 2023.23.01. № 109 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 21 желтоқсандағы № 1469 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 48, 579-құжат);
«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 22 ақпандағы № 2856 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 7, 38-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.