«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы (2026.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарына меншік құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау

1. Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік және жеке меншікте болады.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Мемлекеттiк меншiкке:

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, орталық мемлекеттік архивтерде, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде, арнаулы мемлекеттік архивтерде, мемлекеттік кітапханаларда және музейлерде сақтаулы республикалық меншіктегі құжаттар;

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік республикалық заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) коммуналдық меншіктегі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарында сақтаулы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратураның, коммуналдық кәсіпорындар мен басқа да мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры жатады.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің қызметі немесе жинауы, сатып алуы нәтижесінде жасалған құжаттары жеке меншікке жатады.

4. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын иелену және пайдалану құқықтары беріледі.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5. Архивтік құжат меншік иесінің келісімінсіз Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздерде архивтен алып қойылуы мүмкін.

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6. Осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер жасау объектісі бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшін басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды.

7. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттары, меншік иесінің уәкілетті органмен алдын ала жазбаша келісімімен кейін ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшірмелерін мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектісі бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге болады.

8. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құжаттарын меншіктену құқығын мемлекетке беру тараптардың келісімі бойынша жасалады. Жеке адамдар құжаттарын пайдалануға шектеу мерзімін архивке берілген кезден бастап 70 жылдан аспайтын уақытқа белгілей алады.

 

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен ; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді

8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарына меншік құқығы

1. Мемлекеттік ұйымдар жекешелендірілгенде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекешелендірілгенге дейін жасалған Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады.

2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шетел компаниясының немесе жеке адамның басқаруына берілген архивтері мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады және мемлекетке қайтарылуға тиіс.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар ретке келтірілген түрде құқық мирасқорларына берiледi.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивке ретке келтірілген түрде міндетті тәртіппен сақтауға беріледі.

Мемлекеттік архив не арнаулы мемлекеттік архив Ұлттық архив қорының құжаттарын және жеке құрам жөніндегі құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау туралы архив анықтамасын береді.

 

 

3-тарау. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік

есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру

 

2004.20.12 № 13-III  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-бап өзгертілді

9-бап. Мемлекеттік есепке алу

1. Ұлттық архив қорының құжаттары, олардың меншік нысандарына қарамастан, орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынуға тиіс.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар құжаттардың құрамы туралы деректерді мемлекеттік есепке алуды уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен жүргiзедi және осы деректердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.

 

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

10-бап Мемлекеттік қор каталогы

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Мемлекеттік қор каталогын жүргізуді жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi орган, осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшiн Мемлекеттік қор каталогының ақпаратына қолжетімділікті және оның пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

 

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді

11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық және жеке архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға айрықша құқық берілетін тиісті мемлекеттік архивтерге беріледі.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, арнаулы мемлекеттік архивтер мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтері жүзеге асырады.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану үшін ведомстволық және жеке архивтер құрады.

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау және пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен, орталық мемлекеттік архивтермен, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтерімен жасасатын шарттарда көрсетіледі.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Ұлттық архив қорының ресми құжаттарының мемлекеттік меншік болып табылатын төлнұсқаларымен жеке архивтерді жинақтауға тыйым салынады.

6. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 12-бап өзгертілді

12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері құжаттарды олардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақтауға міндетті. Мемлекеттік архивтер Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құрады.

Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры Ұлттық архив қоры құжаттарының төлнұсқаларынан бөлек, арнайы жабдықталған архив құжаттарының қоймасында (архив қоймасында) сақталады.

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ұлттық архив қорының құжаттары (мемлекеттік меншіктегі), сондай-ақ мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының үйлері, үй-жайлары мен жабдықтары иеліктен шығаруға жатпайды.

3. Архив қорлары, архив коллекциялары, олардың бөлiктерi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының объектiлерiне жатқызылуы және тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн.

 

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде сақтау мерзімі өткен соң мемлекеттік архивтерге ретке келтірілген түрде тұрақты сақтауға берілуге тиіс.

Құжаттар мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға берілгенге дейін заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен олардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы жүзеге асырады.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-1. Ұлттық архив қорының құжаттарын ретке келтірілген түрде беру мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес архивтерді өткізетін заңды тұлғалардың меншікті қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

2. алып тасталды

3. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беруді ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді.

 

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1-бап. Аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасын тапсыру

1. Тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалды құжаттарды бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, бюджет қаражаты есебінен шығаратын жеке және заңды тұлғалар оларды алғашқы дайындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мәтіндік ілеспе құжаттамасы бар аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын мемлекеттік архивтерге Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сақтауға өтеусіз негізде береді.

2. Тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалды құжаттарды өз қаражаты есебінен шығаратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мәтіндік ілеспе құжаттамасы бар аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын мемлекеттік архивтерге Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сақтауға өтеусіз негізде беруіне құқығы бар.

 

 

4-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану

 

14-бап. 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 15-бап өзгертілді

15-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдіктер

1. Мемлекеттік меншік болып табылатын архив құжаттарындағы ақпараттар мемлекеттік интеллектуалдық меншігі ретінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдарындағы құжаттар, сондай-ақ оларға арналған ақпарат жүйесі олар мемлекеттік архивтер мен филиалдарға келіп түскен соң бір жыл өткеннен кейін жұртшылықтың пайдалануы үшін ашылады.

3. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын пайдалану меншік иесінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық архивтер мен олардың филиалдарында сақталатын, Ұлттық архив қорының пайдалану үшін ашық құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына құжаттарды пайдалануды шектеу осы Заңның 16-бабында белгіленеді.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтер жеке және заңды тұлғаларға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті ақпаратты архивтік құжаттар негізінде беріп отыруға міндетті. Заңды және жеке тұлғалардың архивтік құжаттан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер алуға құқығы бар. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке меншік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.

 

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 15-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару

1. Ведомстволық архивтер Ұлттық архив қорының архивтік құжаттарын және жеке құрам жөніндегі архивтік құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттарды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тұрақты негізде электрондық нысанға аударуды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қолжетімділік мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, архивтік құжаттарды барлық пайдаланушы үшін ашық болып табылады.

3. Қағаз жеткізгіштегі архивтік құжаттың электрондық көшірмесінің архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасымен мәні бірдей болады.

 

16-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер

1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттарын пайдаланудағы шектеулер, оларды құпиясыздандыру және жалпы пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Жеке тұлғаның жеке өмірі, жеке басының және отбасылық құпиясы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық архив қорының құжаттарына және басқа да архивтік құжаттарға қол жеткізуді шектеу аталған құжаттар жасалған күннен бастап жетпіс бес жыл мерзіміне белгіленеді.

Шектеу жеке тұлғаның не ол қайтыс болғаннан кейін мұрагерлерінің жазбаша рұқсатымен алынуы мүмкін.

2. 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Пайдалануға шектеу қоюға құқығы бар меншік иелерінің архив құжаттарын олардың өздері немесе құқық мұрагерлері (мұрагерлері) келісім бергенде ғана пайдалануға болады.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Аса құнды құжаттардың төлнұсқалары, сондай-ақ физикалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз архивтік құжаттар архивтік құжаттарды пайдаланушыларға берілмейді. Олардың орнына көшірмелері беріледі.

 

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды

16-1-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi

Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылар:

1) пайдаланылатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) архивтік құжаттарда қамтылған, пайдаланылған мәліметтердің өңін айналдыруға және оларды бұрмалауға;

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) архивтік құжаттарды жариялаған, олардан дәйексөз келтірген кезде олардың сақталу орнына және меншік иесіне сілтемені көрсетуге міндетті.

 

ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2007.05.05  №  247-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 17-бап өзгертілді

17-бап. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету негізі мен тәртібі

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне:

1) ретке келтіру;

2) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;

3) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;

4) архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;

5) архивтік құжаттардың көшірмесін жасау;

6) осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару;

7) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;

8) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпаратты анықтау;

9) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;

10) әдістемелік әдебиетті, архивтік құжаттардың жинақтарын, оқыту және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;

11) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау жатады.

2. Құжаттарды коммерциялық жолмен пайдалану кезінде оларға меншік құқығы олардың меншік иесінде сақталады.

 

 

5-тарау. Архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

18-бап. Архив ісін мемлекеттік реттеу

1. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1-1. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.

2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын архив ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне:

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

2) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;

2-1) 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2-2) 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2-3) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2-4) 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды

2-5) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекіту;

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-6) тармақшамен толықтырылды; 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 2-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2-6) мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;

2-7) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-8) тармақшамен толықтырылды

2-8) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту;

2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 2-9) тармақшамен толықтырылды

2-9) мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу;

3) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архив анықтамаларына және архив құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қою;

7) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;

11) Ұлттық архив қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуі, Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;

12) республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және пайдалану;

13) Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі шет елдердегi архив құжаттарын жинау мен оларды елге қайтару;