«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы (2026.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;

14) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) архив ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

16) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 17) тармақша жаңа редакцияда

17) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;

18) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архив iсі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;

19) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асыратын қатынастарды мемлекеттік реттеу және архив iсiн басқару мәселелерiне:

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив iсi және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;

5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау;

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;

9) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;

10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекіту;

11) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;

12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;

13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2009.04.06  № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-1 бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 18-1 бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

 

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді

19-бап. Архив ісін мемлекеттік басқару

1. Архив iсiн мемлекеттік басқаруды уәкiлеттi орган мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.

2. Уәкілетті органның нұсқаулары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

 

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді

20-бап. Қазақстан Республикасындағы архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі

Архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесіне:

1) уәкiлеттi орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары;

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) архив мекемелері: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, арнаулы мемлекеттік архивтер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтері кіреді.

 

2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

21-бап. Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру

Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

 

ҚР 08.05.03 ж. № 413-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.27.05. № 279-IV (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді

22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері

2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте, экономикалық тергеп-тексеру қызметінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Арнаулы мемлекеттік архивтерді құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.

2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының осы Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік архивтер құрылған мемлекеттік органдарына өздерінің қызметіне қатысты архив құжаттарын жинау, сатып алу, уақытша жəне тұрақты сақтау және пайдалану құқығы беріледі.

4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері қызметінің тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

 

 

6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық

 

23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар

1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері - жеке және заңды тұлғалар халықаралық байланыстар мен тікелей қарым-қатынастар орнатып, жасап отыруға құқылы.

2. Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмесе, мемлекет архив құжаттарын бірлесіп пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің архив мекемелері арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтілуіне жәрдемдеседі.

 

24-бап. Халықаралық шарттар

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының архив ісі жөніндегі заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

 

25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың архивті пайдалану құқығы

1. Архив құжаттарын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын негіздерде пайдаланады.

2. Өз архивтеріне Қазақстан азаматтарына кіруге шектеу көзделген мемлекеттердің азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында сондай шектеу белгіленуі мүмкін.

 

26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету

1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.

2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес рұқсат беруге құқылы.

 

 

7-тарау. Қорытынды ережелер

 

27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік

1. Архив ісі жөніндегі заңдарды бұзуға кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Ұлттық архив қорына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев